Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201 және 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1490 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 46, 554-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақта:

      30) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 60) тармақшамен толықтырылсын:

      "60) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді.";

      14-тармақта:

      1) тармақшада "өз құзыретінің шегінде" деген сөздер "I санаттағы объектілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтарып алу және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      3) I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;

      4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда оларды тоқтата тұру және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) кешенді экологиялық рұқсаттар беру;";

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      реттік нөмірі 16-жолдың 3-бағанындағы "872" деген сандар "839" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2007 года № 1201 и от 15 апреля 2008 года № 339

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2009 года № 1490

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2007 года № 1201 "Вопросы Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 46, ст. 554):
      в Положении о Министерстве охраны окружающей среды Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 13:
      подпункт 30) исключить;
      дополнить подпунктом 60) следующего содержания:
      "60) устанавливает:
      распределение объектов I категории, подлежащих государственной экологической экспертизе, между уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и его территориальными подразделениями, в соответствии с критериями, утвержденными Правительством Республики Казахстан;
      распределение объектов I категории для выдачи разрешений на эмиссии в окружающую среду между уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и его территориальными подразделениями в соответствии с критериями, утвержденными Правительством Республики Казахстан.";
      в пункте 14:
      в подпункте 1) слова "в пределах своей компетенции" заменить словами "объектов I категории";
      подпункты 2), 3) и 4) изложить в следующей редакции:
      "2) осуществлению контроля за деятельностью местных исполнительных органов по проведению государственной экологической экспертизы с правом отзыва и аннулирования заключения государственной экологической экспертизы в случае нарушения экологического законодательства Республики Казахстан;
      3) выдаче разрешений на эмиссии в окружающую среду объектов I категории и установлению в них лимитов на эмиссии в окружающую среду;
      4) осуществлению контроля за деятельностью местных исполнительных органов по выдаче разрешений на эмиссии в окружающую среду с правом их приостановления и аннулирования в случае нарушения экологического законодательства Республики Казахстан;";
      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) выдаче комплексных экологических разрешений;";
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов, с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в строке, порядковый номер 16, в графе 3 цифры "872" заменить цифрами "839".
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2009 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов