Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласын энергиямен жабдықтаудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 660 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы "Алматы қаласын" деген сөздерден кейін "және Алматы облысын" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспеде "Алматы қаласының" деген сөздерден кейін "және Алматы облысының" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі - "Самұрық-Қазына" АҚ) және "Алатау Жарық компаниясы" (бұдан әрі - Қоғам) акционерлік қоғамдарының:";
екінші абзацта:
"Алматы қаласының" деген сөздерден кейін "және Алматы облысының" деген сөздермен толықтырылсын;
"Самұрық" холдингі" АҚ-ның" деген сөздер "Самұрық-Қазына" АҚ-ның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "Алматы қаласының әкімі, "Самұрық" холдингі" АҚ" деген сөздер "Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, "Самұрық-Қазына" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов