"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес сот актілерін орындау үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 47791337 (қырық жеті миллион жеті жүз тоқсан бір мың үш жүз отыз жеті) теңге бөлінсін.
2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 2 қарашадағы
N 1737 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот шешімдерінің тізбесі
Р/с |
Сот органының атауы және шешім шығарылған күн |
Талапкер |
Мемлекет кірісіне төленетін мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге) |
Мемлекет кірісіне төленетін мемлекеттік баж (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2007 жылғы 15.10. шешімі, |
С. Жақсыбаев |
241640 |
|
2 |
Алматы қаласының Түріксіб аудандық сотының 14.01.2009 жылғы қаулысы, |
Т.Т. Қарамырзиев |
10048045 |
|
3 |
Көкшетау қалалық сотының 2009 жылғы 27.02. шешімі, |
Қ.Қ.Рахметов |
200637 |
|
4 |
Қостанай облысының Қостанай қалалық сотының 2009 жылғы 08.01. шешімі, |
А.В. Федоренко |
70000 |
584 |
5 |
Тараз қаласының N 2 сотының 2004 жылғы 16.11. шешімі, |
Г.Н. Хайруллина |
7796 |
|
6 |
Тараз қаласы N 2 сотының 16.11.2004 жылғы шешімі, |
Н.Н. Хайруллина |
23386 |
|
7 |
Ақтөбе облысының Мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының 23.06.2006 жылғы шешімі, |
"СНПС-Ақтөбе-мұнайгаз" АҚ |
37199249 |
|
Жиыны: 47790753 584 |
||||
Жалпы сомасы: 47791337 |