Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімге кол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 1774 қаулысымен
мақұлданған
жоба
2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және
Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму
жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара
түсіністік туралы меморандумға қосымша келісім
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - ҚР Үкіметі) атынан Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі - ЭБЖМ) және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі - АҚШ Үкіметі) атынан АҚШ Халықаралық даму агенттігі (бұдан әрі - ЮСАИД) "Хьюстон бастамасы" Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу және іске асыру үшін 2006 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасағанын назарға ала отырып;
Тараптар Бағдарламаның табысын нығайтуға және Меморандумға осы Қосымша келісім (бұдан әрі - Қосымша келісім) негізінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіргенін назарға ала отырып, оған мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:
1. 3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.3. ҚР Үкіметі мен ЮСАИД Бағдарламаны қаржыландыруға бірлесе қатысуға ниет білдіріп отыр. Тараптар әрбір бағдарламалық жылға арналған және жоғарыдағы 3.2-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес мынадай болжамды қаржыландыру үлесін жүргізуге келісім білдіреді:
АҚШ долл.
Бағдарламалық жыл |
Жалпы бюджет |
ЮСАИД |
Қазақстан Республикасының Үкіметі |
2006 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан |
10 000 000 |
7 500 000 |
2 500 000 |
2007 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан |
10 000 000 |
6 500 000 |
3 500 000 |
2008 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан |
10 000 000 |
5 500 000 |
4 500 000 |
2009 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан |
10 000 000 |
5 000 000 |
5 000 000 |
2010 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан |
4 500 000 |
1 500 000 |
3 000 000 |
2011 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан |
4 500 000 |
1 500 000 |
3 000 000 |
2012 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан |
4 500 000 |
1 500 000 |
3 000 000 |
Жиыны: |
53 500 000 |
29 000 000 |
24 500 000 |
6.2-тармақтағы "1 сәуір және 1 тамызында" деген сөздер "1 маусым және 1 желтоқсанында" деген сөздермен ауыстырылсын;
8.1-тармақтағы "2009 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2012 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7.2-тармақпен толықтырылсын:
"7.2. Жылдық жұмыс жоспарларына әрбір жоба бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері қосылуы мүмкін.";
8.7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"010000 Қазақстан, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, факс: +7 (7172) 74-30-78".
2. Меморандумның осы Қосымша келісімде қайта қаралмаған барлық ережелері толығымен өзгеріссіз қалады.
3. Осы Қосымша келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
4. 2009 жылғы "__" _________ _________ қаласында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін