Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1202 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қарашадағы N 1837 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 тамыздағы N 1036 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.09 № 1036 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылдаған шаралар туралы есептер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 35, 338-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылдаған шаралар туралы есептер беру ережесінде:
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "35. Инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға арналған инновациялық грантты игеру мерзімі нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес, бірақ 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде айқындалады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 1202

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2009 года № 1837. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2012 года № 1036

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 09.08.2012 № 1036 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2009 года № 1202 "Об утверждении Правил предоставления инновационных грантов и представления отчетов о мерах, принятых по внедрению объектов интеллектуальной собственности" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 35, ст. 338) следующее изменение:
      в Правилах предоставления инновационных грантов и представления отчетов о мерах, принятых по внедрению объектов интеллектуальной собственности, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 35 изложить в следующей редакции:
      "35. Срок освоения инновационного гранта на подготовку технико-экономического обоснования инновационного проекта определяется в соответствии с особенностями конкретного инновационного проекта, но не более 6 (шесть) месяцев.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов