Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында орынның тапшылығын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімінің осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарын республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай толықтыру:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
"Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
"Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету" деген 3-кіші бөлімде:
"2008 жыл" деген 2-кезеңде:
2-тетік мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"Көрсетілген объектілердегі уәкілетті ұйымның ТҚК-ға берілген бірінші қабаттардағы тұрғын емес алаңдар әкімдіктерге кейіннен коммуналдық меншікке беру үшін дамуға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен мектепке дейінгі мини-орталықтар болып жайластырылады.";
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді іске асыру" деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолда:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"пайдалануға берілетін тұрғын үйдің үштен бір бөлігі (барлығы 2124 пәтер) кейіннен орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу және оларды мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде елордаға қоныс аударғандарға беру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілген Астана қаласының бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдарының ғимараттарында тұрып жатқан тұлғаларды заңнамаға сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 124 (бір жүз жиырма төрт) пәтер (ҚМ-47, ІІМ-30, ҰҚК-17, РҰ-30) "Астана қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК) берілетін болады.";
жетінші абзацтағы "қызметшілеріне" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілген Астана қаласының бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдарының ғимараттарында тұрып жатқан тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілген Астана қаласының бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдарының ғимараттарында тұрған тұлғалардың тізімін берілген ғимараттардың теңгерім ұстаушылары болып табылған орталық мемлекеттік органдар "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК-ге ұсынатын болады.";
"Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген жол мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті";
"РҰ - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы".
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайту үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін дамуға нысаналы трансферттер түрінде 4740500000 (төрт миллиард жеті жүз қырық миллион бес жүз мың) теңге сомасында қаражат, оның ішінде:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жекелеген ғимараттар мен үй-жайларды кейіннен республикалық меншікке бере отырып, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарды орналастыру үшін Астана қаласындағы пайдалануға дайын ғимараттар мен үй-жайларды сатып алу мақсатында "Қалалық жылжымайтын мүлік" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына - 3712500000 (үш миллиард жеті жүз он екі миллион бес жүз мың) теңге;
2) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес объектілердің бірінші қабаттарындағы үй-жайларды жайластыруға, оларда мектепке дейінгі мини-орталықтарды орналастыру үшін "Жаңа Құрылыс" Астана қаласы құрылыс басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне - 1028000000 (бір миллиард жиырма сегіз миллион) теңге бөлінсін.
4. Осы қаулыда көрсетілген орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
N 1962 қаулысына
1-қосымша
Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілетін бұрынғы
мектепке дейінгі балалар мекемелері ғимараттарының тізбесі
1. Мәскеу көшесіндегі 78 ғимарат (бұрынғы N 3 балабақша);
2. Самарқанд көшесіндегі 45 ғимарат (бұрынғы N 33 балабақша);
3. Самарқанд көшесіндегі 45а ғимарат (бұрынғы N 72 балабақша)
4. "Железнодорожный" тұрғын үй массивіндегі, Маяковский көшесіндегі 7а ғимарат (бұрынғы балабақшаның бір корпусы);
5. Затаевич көшесіндегі 21 ғимарат (бұрынғы N 5 балабақша);
6. Жұбанов көшесіндегі 2 ғимарат (бұрынғы N 10 балабақша);
7. Жеңіс даңғылындағы 65а ғимарат (бұрынғы N 23 балабақша);
8. 2 шағын ауданындағы ғимарат, 7/1 үй (бұрынғы N 44 балабақша);
9. Можайский көшесіндегі 5 ғимарат (жұмыс істеп тұрған N 16 балабақшаның бір корпусы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
N 1962 қаулысына
2-қосымша
Сатып алынатын ғимараттарда және үй-жайларда орналасатын
мемлекеттік ұйымдардың тізбесі
N |
Мемлекеттік ұйымның атауы |
Алаңы (шаршы метр) |
Меншікке беру |
1 |
Астана қаласы әкімдігінің "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3000-нан артық емес |
коммуналдық |
2 |
Астана қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес профилактикасы орталығы" мемлекеттік мекемесі |
2000-нан артық емес |
коммуналдық |
3 |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің N 5570 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
5000-нан артық емес |
республикалық |
4 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Астана қаласы Қорғаныс істері департаменті" мемлекеттік мекемесі |
2500 0,5 га жер учаскесімен |
республикалық |
5 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Алматы ауданының N 1 халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесі |
1000-нан артық емес |
республикалық |
6 |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
3000 |
республикалық |
7 |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің көші-қон полициясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
800-ден артық емес |
республикалық |
8 |
"Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы" мемлекеттік мекемесі |
1200 |
республикалық |
9 |
"Ақмола гарнизонының әскери соты" мемлекеттік мекемесі |
700-ден артық емес |
республикалық |
ЖИЫНЫ: |
19 200 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қарашадағы
N 1962 қаулысына
3-қосымша
Мектепке дейінгі мини-орталықтарды орналастыру үшін құрылысы
аяқталатын объектілердің тізбесі
N |
Құрылысы аяқталатын объектінің атауы |
Үй-жайдың алаңы (ш. метр) |
1 |
"Оқжетпес" ТК (Сарыарқа көшесі, 50) |
940,3 |
2 |
"Европейский" ТК (Кубрин көшесі, 23/1) |
1645,2 |
3 |
"Независимость" ТК (Б. Момышұлы даңғылы) |
870,9 |
4 |
"Байқоңыр" ТК (Манас, Б. Момышұлы даңғылдарының қиылысы) |
1012,4 |
5 |
"Алтын ғасыр" ТК (N 3 шағын аудан) |
1184,7 |
6 |
"Эгалите" ТК (Абай, Циолковский көшелерінің қиылысы) |
643,6 |
7 |
"Достық" ТК (Мирзоян көшесі, 23) |
254 |
8 |
"Береке" ТК (Гастелло, Отырар көшелерінің қиылысы) |
419,7 |
9 |
"Кампус" ТК (Иманов, Жубанов көшелерінің қиылысы) |
545,5 |
10 |
"Тұрсын Астана" ТК (12 магистраль) |
3480 |
11 |
"Нұрсая" ТК (Есіл өзенінің сол жағалауы) |
2938,9 |
12 |
"Жас Қанат" ТК (Әл-Фараби шағын ауданы) |
700 |
13 |
"Әл-Фараби 2" ТК (Әл-Фараби шағын ауданы) |
682,12 |
14 |
Железнодорожный кентіндегі ТК |
815,3 |
15 |
"Караван 2" ТК (Б. Момышұлы даңғылы мен Мирзоян көшесінің қиылысы) |
688,09 |