Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 1975 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1222 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 561-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Астық қолхаттарының бланкілері";
      реттік нөмірлері 15, 16, 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Магистр дипломы
      16. Доктор дипломы
      17. Дипломға қосымша (транскрипт)";
      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Кәсіптік білім алуы туралы куәлік";
      реттік нөмірі 22-жолдағы "Кәсіптік бастауыш" деген сөздер "Техникалық және кәсіптік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом";
      реттік нөмірі 24-жолдағы "Кәсіптік бастауыш" деген сөздер "Техникалық және кәсіптік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 25, 26-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Орта білімнен кейінгі білім туралы диплом
      26. Орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом";
      реттік нөмірі 27-жолда "Кәсіптік орта" деген сөздер "Орта білімнен кейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 28, 29, 30, 31, 32-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Жоғары білім туралы диплом (маман)
      29. Жоғары білім туралы үздік диплом (маман)
      30. Жоғары білім туралы диплом (бакалавр)
      31. Жоғары білім туралы үздік диплом (бакалавр)
      32. Резидентураны бітіргені туралы куәлік";
      реттік нөмірі 33-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 52-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "52. Біліктілік беру туралы сертификат";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117-жолдармен толықтырылсын:
      "64. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
      65. Жеке куәлік
      66. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат
      67. Уақытша жеке куәлік
      68. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік
      69. Бала асырап алу туралы куәлік
      70. Әкелікті белгілеу туралы куәлік
      71. Некені бұзу туралы куәлік
      72. Туу туралы куәлік
      73. Некеге тұру туралы куәлік
      74. Қайтыс болғаны туралы куәлік
      75. Бірыңғай ұлттық тестілеудің бланкілік құжаттамасы
      76. Мүгедектігі туралы анықтама
      77. Еңбекке жарамсыздық парағы
      78. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар
      79. Мақта қолхаттары бланкілері
      80. Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияға рұқсат
      81. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты
      82. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты
      83. Қалалық қатынаста жол жүру үшін жолаушылар ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттері
      84. Оралманның куәлігі
      85. Білім беру грантына арналған куәлік
      86. Жол жүруге арналған рұқсат (Жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті үшін)
      87. Шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдарды орындауына арналған рұқсат
      88. "А" түріндегі рұқсат (Қытай Халық Республикасының аумағына кіретін автомобильдер үшін)
      89. "В" түріндегі рұқсат (автобустардың Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
      90. "С" түріндегі рұқсат (жүк автокөлігінің Қазақстан Республикасына(н) кіруі/шығуы)
      91. Импорттық карантин рұқсаты
      92. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде отандық және шетелдік автокөлік құралдарының бақылаудан өту талоны
      93. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және габаритті көлемді көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсат
      94. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және габаритті көлемді көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) жүруіне арналған арнайы рұқсатқа бақылау талоны
      95. Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты
      96. Фитосанитарлық сертификат
      97. Карантин сертификаты
      98. N 1, 2, 3 нысандардағы ветеринариялық сертификаттар
      99. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарын есепке алу құжаты
      100. Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
      101. Машиналар (құрастырылған арнайы жабдықтармен бірге тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығына арналған, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер және механизмдер, оларға тіркемелер) кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
      102. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік
      103. Кемеге меншік құқығы туралы куәлік
      104. Бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
      105. Кеме билеті
      106. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік
      107. Кеме куәлігі
      108. Шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
      109. Жасалып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
      110. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
      111. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
      112. Шағын көлемді кеменің (өздігінен жүретін) кеме билеті
      113. Шағын көлемді кеменің (өздігінен жүрмейтін) кеме билеті
      114. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік
      115. Кеме экипаждары мүшелерінің дипломдары
      116. Ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын тіркеу куәлігі
      117. Энергетикалық сараптама жүргізуге арналған рұқсат.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2007 года № 1222

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2009 года № 1975. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1162

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2015 № 1162 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2007 года № 1222 «Об определении поставщиков печатной продукции, требующей специальной степени защиты, а также об утверждении перечня такой продукции, приобретаемой у них» (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 47, ст. 561) следующие изменения и дополнения:
      в перечне печатной продукции, требующей специальной степени защиты, приобретаемой у Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Банкнотная фабрика Национального Банка Республики Казахстан», утвержденном указанным постановлением:
      строку, порядковый номер 2, изложить в следующей редакции:
      «2. Бланки зерновых расписок»;
      строки, порядковые номера 15, 16, 17 изложить в следующей редакции:
      «15. Диплом магистра
      16. Диплом доктора
      17. Приложение к диплому (транскрипт)»;
      строку, порядковый номер 21, изложить в следующей редакции:
      «21. Свидетельство о профессиональном обучении»;
      в строке, порядковый номер 22, слово «начальном» заменить словами «техническом и»;
      строку, порядковый номер 23, изложить в следующей редакции:
      «23. Диплом с отличием о техническом и профессиональном образовании»;
      в строке, порядковый номер 24, слово «начальном» заменить словами «техническом и»;
      строки, порядковые номера 25, 26, изложить в следующей редакции:
      «25. Диплом о послесреднем образовании
      26. Диплом с отличием о послесреднем образовании»;
      в строке, порядковый номер 27, слова «среднем профессиональном» заменить словом «послесреднем»;
      строки, порядковые номера 28, 29, 30, 31, 32, изложить в следующей редакции:
      «28. Диплом о высшем образовании (специалист)
      29. Диплом с отличием о высшем образовании (специалист)
      30. Диплом о высшем образовании (бакалавр)
      31. Диплом с отличием о высшем образовании (бакалавр)
      32. Свидетельство об окончании резидентуры»;
      строку, порядковый номер 33, исключить;
      строку, порядковый номер 52, изложить в следующей редакции:
      «52. Сертификат о присвоении квалификации»;
      дополнить строками, порядковые номера 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, следующего содержания:
      «64. Паспорт гражданина Республики Казахстан
      65. Удостоверение личности
      66. Вид на жительство иностранца в Республике Казахстан
      67. Временное удостоверение личности
      68. Свидетельство о перемене фамилии, имени, отчества
      69. Свидетельство об усыновлении (удочерении)
      70. Свидетельство об установлении отцовства
      71. Свидетельство о расторжении брака
      72. Свидетельство о рождении
      73. Свидетельство о заключении брака
      74. Свидетельство о смерти
      75. Бланочная документация единого национального тестирования
      76. Справка об инвалидности
      77. Листы нетрудоспособности
      78. Разрешение на привлечение иностранной рабочей силы
      79. Бланки хлопковых расписок
      80. Разрешение на эмиссии в окружающую среду
      81. Дипломатический паспорт Республики Казахстан
      82. Служебный паспорт Республики Казахстан
      83. Проездные билеты длительного пользования пассажиров для поездок в городском сообщении
      84. Удостоверение оралмана
      85. Свидетельство на образовательный грант
      86. Разрешение на поездку (Для въезда (выезда) на территорию (с территории) Республики Казахстан, транзита по территории Республики Казахстан иностранных автотранспортных средств, осуществляющих перевозку пассажиров и грузов в международном сообщении)
      87. Разрешение на выполнение перевозок иностранными перевозчиками с (на) территории Республики Казахстан в (из) третьи страны
      88. Разрешение вида «А» (для автомобилей, въезжающих на территорию Китайской Народной Республики)
      89. Разрешение вида «В» (автобусы въезд, выезд в (из) Республики Казахстан)
      90. Разрешение вида «С» (на въезд, выезд в (из) Республики Казахстан грузового автотранспорта)
      91. Импортное карантинное разрешение
      92. Талоны прохождения контроля отечественными и иностранными автотранспортными средствами при пересечении Государственной границы Республики Казахстан в пунктах пропуска автотранспортных средств через Государственную границу Республики Казахстан
      93. Специальные разрешения на проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств (включая иностранные) по территории Республики Казахстан
      94. Контрольный талон к специальному разрешению на проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств (включая иностранные) по территории Республики Казахстан
      95. Международный сертификат взвешивания грузовых транспортных средств
      96. Фитосанитарный сертификат
      97. Карантинный сертификат
      98. Ветеринарные сертификаты форм № 1, 2, 3
      99. Учетный документ транспортных средств на перевозку опасных грузов
      100. Свидетельство о государственной регистрации залога железнодорожного подвижного состава
      101. Свидетельство о государственной регистрации залога машин (тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов)
      102. Свидетельство о праве плавания морского судна под Государственным флагом Республики Казахстан
      103. Свидетельство о праве собственности на судно
      104. Свидетельство о временном предоставлении права плавания под Государственным флагом Республики Казахстан иностранному морскому судну, зафрахтованному на условиях бербоут-чартера
      105. Судовой билет
      106. Временное свидетельство о праве плавания судна под Государственным флагом Республики Казахстан
      107. Судовое свидетельство
      108. Свидетельство о временном предоставлении права плавания под Государственным флагом Республики Казахстан иностранному судну
      109. Свидетельство о государственной регистрации прав на строящееся судно
      110. Свидетельство о государственной регистрации ипотеки судна или строящегося судна
      111. Свидетельство о государственной регистрации ипотеки маломерного судна
      112. Судовой билет маломерного судна (самоходного)
      113. Судовой билет маломерного судна (несамоходного)
      114. Удостоверение на право управления маломерным судном
      115. Дипломы членов экипажа судна
      116. Регистрационное удостоверение ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок
      117. Разрешение на проведение энергетической экспертизы.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов