Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама жүргізуді қаржыландыру, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 565 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама жүргізуді қаржыландыру, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 4-бағанындағы "60 000" деген сандар "56 999" деген сандармен ауыстырылсын;
5-бағанда:
реттік нөмірі 5-жолдағы "32 050" деген сандар "29 279" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолдағы "48 342" деген сандар "110 516" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы "69 212" деген сандар "7 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдағы "72 938" деген сандар "70 167" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:
"
9-1 |
Шүлбі шлюзінің қорғау гидротехникалық құрылысын салу |
10 740 |
";
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
"
11-1 |
Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында "Қасқасу" туристік-рекреациялық кешені" инженерлік-коммуникациялық желілерін салу |
10 691 |
";
"Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі" деген бөліммен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі |
||
14 |
Республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысының кадастрын құру |
4 230 |
";
"Жиыны" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Жиыны: |
85 361 |
86 999 |
216 962 |
961 836 |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов