Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жалпы алаңы 35,92 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
N 2086 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатынан елді
мекендердің жерлері санатына ауыстырылатын жер
экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жер учаскелерінің орналасқан жері |
Жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде: |
|||||
егістік жер |
жайылым |
шабындық |
жолдар астында |
құрылыс астында |
өзге де жерлер |
|||
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
Барлығы, бұрынғы "Алматы" әскери совхозы орталық мекенінің жері, |
35,92 |
- |
12,1 |
- |
3,3 |
10,83 |
9,69 |
оның ішінде: |
||||||||
Жамбыл облысы |
25,6 |
- |
9,28 |
- |
1,2 |
8,54 |
6,58 |
|
Алматы облысы |
10,32 |
- |
2,82 |
- |
2,1 |
2,29 |
3,11 |