1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2010 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2009 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарапына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2239 қаулысымен
бекітілген
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және
зымырандарды сынақтық ұшырудың 2010 жылға арналған
жоспарлары бойынша қорытынды
1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (шығ. Ресей Федерациясы СІМ 2009 жылғы 19 қарашадағы № 13184/3дснг) ғарыштық орбиталарға шығарылуы зымыран-тасығыштары бөлінетін бөлшектерінің халықаралық шарттарда көзделмеген құлау аудандарын пайдалануды талап ететін ғарыш аппараттарын ұшыруды, сондай-ақ PC-18 зымырандарының ұшу трассасы Қазақстан Республикасының астанасы маңынан өтуіне байланысты, көрсетілген PC-18 КБЗ сынақтық ұшыруларды қоспағанда, Ресейдің федералдық ғарыштық бағдарламасы, «Ғаламдық навигациялық жүйе» федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2010 жылға арналған жоспарымен, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2010 жылға арналған жоспарымен және «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2010 жылға арналған жоспарымен келіседі.