"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қазандағы № 1068 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат, № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметті» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 46-бапта:
      екінші бөлік «азаматтардың өздерін» деген сөздерден кейін «және прокурорды» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік «заңды өкілдері» деген сөздерден кейін «, прокурор» деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 55-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңда көзделген, прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың өз бастамасымен қозғалған, мемлекеттің мүддесіне қатысты, жұмысқа қайта орналастыру туралы, жалақыны өндіріп алу, басқа тұрғын үй-жайын бермей азаматты тұрғын үйден шығару туралы, өмір мен денсаулыққа келтірілген залалды өндіріп алу туралы істер бойынша міндетті.
      Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғауда іс бойынша қорытынды беру үшін процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша қатысуға құқылы.
      Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың қарауға тағайындалған барлық істер туралы уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.»;
      үшінші бөліктің үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғалардың еңбек, тұрғын үй құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі тұлғаның өтінішіне және арызына қарамастан, талап қоя алады.»;
      3) 256-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) осы Кодекстің 55-бабының негізінде іске қатысқан прокурор қорытындысының мазмұны туралы мәліметтер;»;
      4) 273-баптың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі «өкілінің» деген сөзден кейін «, прокурордың» деген сөзбен толықтырылсын;
      5) 276-баптың екінші бөлігі «Сот» деген сөзден кейін «прокурорға,» деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 281-баптың бірінші бөлігі «мерзім ішінде» деген сөздерден кейін «прокурордың,» деген сөзбен толықтырылсын;
      7) 306-бапта:
      бірінші бөлік «оның өзінің,» деген сөздерден кейін «прокурордың,» деген сөзбен толықтырылсын;
      екінші бөліктің бірінші сөйлемі «өкілінің» деген сөзден кейін «және прокурордың» деген сөзбен толықтырылсын;
      8) 387-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «2-1. Сот прокурордың істі талап етуі туралы сұратуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті күннен кешіктірмей орындайды. Сұратуларды ақпарат пен байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып жіберуге болады.
      Істі талан ету жағдайында қадағалау наразылығын келтіру туралы жасалған өтінішті прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.».
      2. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж, № 15, 208-құжат; 1999 ж, № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат, 2001 ж, № 20, 257-құжат; 2002 ж, № 17, 155-құжат; 2003 ж, № 15, 139-құжат; 2004 ж, № 23, 142-құжат; 2007 ж, № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж, № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж, № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағы «прокуратурасы -» деген сөзден кейін «мемлекет атынан» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
       «4-бап. Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары
               мен мазмұны
      Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының үстем болуын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Президентінің Жарлықтарын және өзге нормативтік құқықтық актілерді дәл әрі бірізді қолдануды жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:
      1) Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын және Президенті жарлықтары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзуды анықтайды және оларды жоюға қатысты шаралар қабылдайды;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
      3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
      4) жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      5) анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      6) әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      7) атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      8) мемлекеттік органдардың норма шығару қызметіне қатысады;
      9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдарды қолданудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
      10) сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
      11) заңда белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
      12) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
      13) Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
      3) 5-бапта:
      1-тармақ «тексерістер жүргізу» деген сөздерден кейін «және (немесе) заңдылық жай-күйін талдау» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жоспарлы тексерістер жүргізудің жыл сайынғы жиынтық жоспарына;»;
      4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Прокурордың өз құзыреті шегінде берген заңды талаптары (сұрау салулары, тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттік органдардың, лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.»;
      5) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      «8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы
                күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру
      1. Құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді прокуратура органдары тұрақты негізде қызмет ететін үйлестіру кеңестерін құру арқылы жүзеге асырады.
      2. Үйлестіру кеңестері өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
      6) 9-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар, мекемелер құруға болады.»;
      7) 11-бапта:
      2) тармақшадағы «оларды қабылдаған органдар мен лауазымды адамдарға» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы заңдылық, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) Республика Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыным енгізеді;»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) ведомстволар басшыларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      8) тармақша «прокуратура органдарының қызметі» деген сөздердің алдынан «елдегі заңдылықтың жай-күйі және» деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша «, ведомстволық наградаларман марапаттайды» деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 12-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде» деген сөздер алып тасталсын;
      9) 13-баптың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      10) 15-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар:
      1) қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасайды;
      2) бағынысындағы барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар шығарады.»;
      11) 17-бапта:
      1-тармақ «Бас прокуратурада,» деген сөздерден кейін «ведомстволарда,» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақ «Бас Прокурордың,» деген сөздерден кейін «ведомство басшысының,» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «ұсыным,» деген сөзден кейін  «үндеу, алдын ала ескерту,» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 19-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Прокурордың наразылығын тиісті органдар немесе лауазымды адам он күн мерзім ішінде қарауға тиіс.
      Наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне байланысты прокурор наразылықты қараудың кемінде он күн болатын өзге де мерзімін белгілеуге құқылы.
      Наразылықты сотта қарау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
      Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын күні туралы прокурорға хабарлауға міндетті.»;
      14) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Лауазымды адам немесе орган заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды міндетті түрде қабылдай отырып, ұсынысты прокурор белгілеген мерзімде, бірақ бір ай мерзімнен кешіктірмей қарауға тиіс.
      Прокурор ұсынысты қарауға қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам прокурорға ұсынысты қарау уақыты мен орны туралы ұсыныс қаралатын күннен кемінде үш күн бұрын хабарлауға тиіс.
      Прокуратураға ұсыныс қаралғаннан кейін үш күн ішінде ұсынысты қараудың нәтижелері және қолданылған шаралар туралы хабарланады.»;
      15) мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2 баптармен толықтырылсын:
      «25-1-бап. Алдын ала ескерту
      Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында немесе әзірленіп жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде прокурор жазбаша нысанда жеке және заңды тұлғаларға заңды бұзуға жол берілмейтін туралы алдын ала ескерту жасайды және заңда белгіленген жауапкершілік туралы ескертеді.
      25-2-бап. Үндеу
      Прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға үндеумен шығуға құқылы.
      Бұл ретте үндеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы немесе өзге де жария тәсілмен таратылады.»;
      16) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке не заңды тұлғалардың заңдарды білмеуі немесе дұрыс түсінбеуі заңдардың не азаматтың немесе шектеусіз адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін деп пайымдау үшін жеткілікті негіздер болған кезде прокурор заңның мазмұнын түсіндіреді.»;
      17) 29-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қадағалауды жүзеге асыру, оның ішінде тексеріс нәтижелері бойынша прокурор:»;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) осы Заңда көзделген прокурорлық қадағалаудың өзге де актілерін енгізеді.»;
      18) 30-баптың 1-тармағы «шағым» деген сөзден кейін «, кассация» деген сөзбен толықтырылсын;
      19) 43-баптың 4) тармақшасындағы «шешімдерін» деген сөз «актілерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
      20) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) тергеу тобын басқарады, қылмыстық істі өндіріске қабылдайды және алдын ала тергеу жүргізеді;»;
      21) мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тараулармен толықтырылсын:
      «10-1-тарау. Шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен өзара
                   іс-қимыл жасау
      47-1-бап. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру
                кезінде заңдардың қолданылуын қадағалау
      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың, Қазақстан Республикасы Конституциясының және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі заңдарының қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
      2. Халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен Республиканың Бас прокуроры немесе ол уәкілеттік берген прокурорлар мемлекет атынан;
      адамдарды ұстап беру туралы;
      қылмыстық қуғындауды жүзеге асыру туралы;
      бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін ауыстыру туралы;
      қылмыстық істер бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен өтініштерді жіберу және орындау туралы шешім қабылдайды.
      3. Прокуратура органдары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      47-2-бап. Прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық
                бойынша өкілеттіктері
      Республиканың Бас прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар халықаралық құқықтық ынтымақтастық шеңберінде:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы шарттарды өзгерту және толықтыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттерінің прокуратура органдарымен құқықтық көмек, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау туралы шарттар жасасуға және оларға қол қоюға;
      3) прокуратура органдарының құзыреті шегінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      4) прокурорлардың халықаралық ұйымдарының қызметіне қатысуға;
      5) ынтымақтастық жасаушы мемлекеттердің аумағында қылмысқа қарсы күрес жөнінде бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, оларды орындауға қатысуға;
      6) шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру мәселелері бойынша, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздеуге, жазаны орындауға бағытталған өзге іс-қимылды жасауға көмек көрсетуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмыстың алдын алуға, айқындауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздеуге, жазаны орындауға бағытталған өзге іс-қимылды жасау жөніндегі тапсырмаларын, өтініштерін, сұрауларын жіберуге;
      8) Қазақстан Республикасының мүддесін қозғайтын қылмыстық істерді қарау кезінде шетел мемлекеттерінің соттарында және халықаралық соттарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіруге;
      9) халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
      10-2-тарау. Прокуратура органдары қызметінің өзге де бағыттары
      47-3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу
                саласындағы заңдылықты қадағалау
      Мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.
      47-4-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың
                заңдылығын қадағалау
      Прокуратура органдары өтініштерді қарайтын субъектілердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және шешу тәртібін сақтауын қадағалауды жүзеге асырады.
      47-5-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерін кәсіптік
                даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
                арттыру
      Қадағалау қызметін тиімді жүзеге асыру мақсатында прокуратура органдарында даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді, оны прокуратура органдарының барлық деңгейлері жүргізеді.
      Прокуратура органдарының қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Бас прокуроры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;
      22) 48-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      «12. Прокуратураның әскери міндетті қызметкерлері прокуратура органдарында арнайы есепте тұрады.»;
      23) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
      «52-1-бап. Прокурорлардың қоғамдық бірлестіктері
      1. Прокурорлар ортақ мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында қоғамдық бірлестіктер құруға құқылы.
      2. Прокурорлардың қоғамдық бірлестіктері қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді және қорғайды әрі олардың прокуратура органдарының қызметіне ықпал етуге құқығы жоқ, сондай-ақ олар өздеріне саяси мақсат қоймауға тиіс.»;
      24) 57-баптың 2-тармағындағы «облыстардың прокурорлары» деген сөздер «Комитет төрағасы, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат):
      16-баптың 4-тармағы «тағайындалған не» деген сөздерден кейін «прокуратура органдары,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования деятельности органов прокуратуры"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2010 года № 1068

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования деятельности органов прокуратуры".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект

Закон Республики Казахстан О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования
деятельности органов прокуратуры

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 июля 1999 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 18, ст. 644; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 10, ст. 244; 2001 г., № 8, ст. 52; № 15-16, ст. 239; № 21-22, ст. 281; № 24, ст. 338; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 10, ст. 49; № 14, ст. 109; № 15, ст. 138; 2004 г., № 5, ст. 25; № 17, ст. 97; № 23, ст. 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 13, ст. 53; № 24, ст. 123; 2006 г., № 2, ст. 19; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72; № 13, ст. 86; 2007 г., № 3, ст. 20; № 4, ст. 28; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 13, ст. 99; 2008 г., № 13-14, ст. 56; № 15-16, ст. 62; 2009 г., № 15-16, ст. 74; № 17, ст. 81; № 24, ст. 127, ст. 130; 2010 г., № 3-4, ст. 12; № 7, ст. 28, 32; Закон Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития "электронного правительства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 23 июля 2010 г. и "Казахстанская правда" 24 июля 2010 г.):
      1) в статье 46:
      часть вторую дополнить словами ", и прокурора";
      часть третью дополнить словом ", прокурором";
      2) в статье 55:
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      "2. Участие прокурора в гражданском судопроизводстве обязательно в случаях, когда это предусмотрено законом, когда необходимость участия прокурора в данном деле признана судом, а также по делам, возбужденным по инициативе прокурора, затрагивающим интересы государства, о восстановлении на работе, о взыскании заработной платы, выселении гражданина из жилища без предоставления другого жилого помещения, о возмещении ущерба, причиненного жизни и здоровью.
      Прокурор вправе вступить в процесс по своей инициативе или по инициативе суда для дачи заключения по делу в целях осуществления возложенных на него обязанностей и для защиты прав, свобод и законных интересов граждан, прав и законных интересов организаций, общественных или государственных интересов.
      Указанные полномочия прокурора обеспечиваются путем своевременного извещения судом обо всех назначенных к рассмотрению делах.";
      предложение третье части третьей изложить в следующей редакции:
      "Иск о защите трудовых, жилищных прав и свобод физических лиц, а также в защиту интересов недееспособного гражданина, может быть предъявлен прокурором независимо от просьбы и заявления заинтересованного лица.";
      3) часть вторую статьи 256 дополнить подпунктом 10-1) следующего содержания:
      "10-1) сведения о содержании заключения прокурора, участвовавшего в деле на основании статьи 55 настоящего Кодекса;";
      4) предложение первое части второй статьи 273 дополнить словом ", прокурора";
      5) в части второй статьи 276 слова "Лицо, подавшее" заменить словами "Прокурор, лицо, подавшее";
      6) часть первую статьи 281 после слов "с участием" дополнить словом "прокурора,";
      7) в статье 306:
      часть первую после слова "здоровья, " дополнить словом "прокурора";
      первое предложение части второй дополнить словами "и прокурора";
      8) статью 387 дополнить частью 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Запрос прокурора об истребовании дела исполняется судом не позднее семи дней со дня поступления его в суд. Запросы могут направляться с использованием технических средств информации и связи.
      В случае истребования дела ходатайство о принесении надзорного протеста подлежит рассмотрению прокурором в течение одного месяца со дня поступления дела в прокуратуру.".
      2. В Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "О Прокуратуре" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 24, ст. 156; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 12, ст. 184; 1998 г., № 15, ст. 208; 1999 г., № 8, ст. 247; № 21, ст. 774; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 6, ст. 142, 2001 г., № 20, ст. 257; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 15, ст. 139; 2004 г., № 23, ст. 142; 2007 г., № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152; 2008 г., № 15-16, ст. 63; № 23, ст. 114; 2009 г., № 18, ст. 84; № 24 ст. 121; 2010 г., № 3, ст. 23; № 7, ст. 28):
      1) пункт 1 статьи 1 после слов "государственный орган, " дополнить словами "от имени государства";
      2) статью 4 изложить в следующей редакции:
      "Статья 4. Основные направления и содержание деятельности
                 органов прокуратуры
      В целях обеспечения верховенства Конституции и законов Республики Казахстан, защиты прав и свобод человека и гражданина, осуществляя высший надзор за точным и единообразным применением Конституции, законов и указов Президента Республики Казахстан и иных нормативных правовых актов, прокуратура от имени государства:
      1) выявляет и принимает меры к устранению нарушений Конституции, законов и указов Президента Республики Казахстан и иных нормативных правовых актов;
      2) опротестовывает законы и другие правовые акты, противоречащие Конституции и законам Республики Казахстан;
      3) осуществляет надзор за соблюдением прав и свобод человека и гражданина, законных интересов юридических лиц и государства;
      4) осуществляет надзор за законностью оперативно-розыскной деятельности;
      5) осуществляет надзор за законностью дознания и следствия;
      6) осуществляет надзор за законностью административного производства;
      7) осуществляет надзор за законностью исполнительного производства;
      8) участвует в нормотворческой деятельности государственных органов;
      9) осуществляет надзор за законностью применения законов о рассмотрении обращений физических и юридических лиц;
      10) представляет интересы государства в суде;
      11) в порядке и в пределах, установленных законом, осуществляет уголовное преследование;
      12) формирует государственную правовую статистику с целью обеспечения целостности, объективности и достаточности статистических показателей, ведет специальные учеты, осуществляет надзор за применением законов в сфере правовой статистики и специальных учетов;
      13) координирует деятельность по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью;
      14) осуществляет надзор за применением законов в сфере международного правового сотрудничества;
      15) осуществляет иные функции, определенные законодательством Республики Казахстан.";
      3) в статье 5:
      пункт 1 дополнить словами "и (или) анализа состояния законности";
      пункт 2 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) ежегодным сводным планом проведения плановых проверок;";
      4) пункт 3 статьи 6 изложить в следующей редакции:
      "3. Законные требования (запросы, поручения, указания) прокурора, данные им в пределах своей компетенции, обязательны для исполнения государственными органами, должностными, физическими и юридическими лицами.";
      5) дополнить статьей 8-1 следующего содержания:
      "Статья 8-1. Координация деятельности по обеспечению
                   законности, правопорядка и борьбы с преступностью
      1. Координация деятельности правоохранительных и иных государственных органов по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью осуществляется органами прокуратуры посредством создания постоянно действующих координационных советов.
      2. Координационные советы осуществляют свою деятельность в соответствии с Конституцией, законами Республики Казахстан, Положением о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью.
      Положение о Координационном совете Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью утверждается Президентом Республики Казахстан.";
      6) статью 9 дополнить частью второй следующего содержания:
      "При прокуратуре Республики Казахстан могут быть образованы ведомства, учреждения.";
      7) в статье 11:
      в подпункте 2) слова ", в органы и должностным лицам, их принявшим" исключить;
      подпункт 3) изложить в следующей редакции:
      "3) является председателем Координационного Совета Республики Казахстан по обеспечению законности, правопорядка и борьбы с преступностью;";
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) вносит Президенту Республики представление об образовании, реорганизации и упразднении ведомств при прокуратуре Республики Казахстан, назначении на должность и освобождении от должности их руководителей;";
      подпункт 7) изложить в следующей редакции:
      "7) с согласия Президента Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности прокуроров областей и приравненных к ним прокуроров;";
      дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:
      "7-1) назначает на должность и освобождает от должности заместителей руководителей ведомств, прокуроров областей и приравненных к ним прокуроров, а также прокуроров районов, городов и приравненных к ним прокуроров;";
      в подпункте 8) после слов "Президентом Республики о" дополнить словами "состоянии законности в стране и";
      подпункт 10) дополнить словами ", награждает ведомственными наградами";
      8) в подпункте 5) пункта 5 статьи 12 слова "в обеспечении законности и правопорядка" исключить;
      9) в подпункте 2) статьи 13 слово "работников" заменить словом "сотрудников";
      10) статью 15 дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Городские, районные и приравненные к ним прокуроры:
      1) руководят деятельностью городских, районных и иных приравненных к ним прокуратур по обеспечению прокурорского надзора;
      2) издают приказы, распоряжения, указания, обязательные для всех подчиненных сотрудников.";
      11) в статье 17:
      пункт 1 после слов "в Генеральной прокуратуре, " дополнить словом "ведомствах, ";
      пункт 2 после слов "Генерального Прокурора," дополнить словами "руководителя ведомства, ";
      12) подпункт 1) пункта 1 статьи 18 после слова "представление," дополнить словами "обращение, предостережение, ";
      13) в статье 19:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Протест прокурора подлежит рассмотрению соответствующим органом или должностным лицом в десятидневный срок.
      Прокурор вправе установить иной срок рассмотрения протеста, обусловленный необходимостью подготовки и принятия по нему решения, но не менее десяти дней.
      Сроки рассмотрения протеста в суде определяются законодательством Республики Казахстан.
      Орган или должностное лицо обязаны известить прокурора о дне рассмотрения протеста.";
      14) пункт 2 статьи 25 изложить в следующей редакции:
      "2. Представление подлежит рассмотрению должностным лицом или органом с обязательным принятием мер по устранению нарушений законности, а также причин и условий, способствующих им, в сроки установленные прокурором, но не позднее месячного срока.
      Прокурор вправе участвовать при рассмотрении представления. О времени и месте рассмотрения представления прокурор должен быть уведомлен государственным органом или должностным лицом не позднее трех рабочих дней до дня рассмотрения представления.
      О результатах рассмотрения представления и принятых мерах сообщается в прокуратуру в течение трех рабочих дней со дня рассмотрения представления.";
      15) дополнить статьями 25-1 и 25-2 следующего содержания:
      "Статья 25-1. Предостережение
      В целях предупреждения правонарушений или при наличии сведений о готовящихся противоправных деяниях прокурор объявляет в письменной форме физическим и юридическим лицам предостережение о недопустимости нарушения закона и предупреждает об установленной законом ответственности.
      Статья 25-2. Обращение
      Органы прокуратуры вправе выступить с обращением к должностным лицам, государственным органам, юридическим и физическим лицам в целях обеспечения законности, предупреждения правонарушений, а также обеспечения общественной безопасности, защиты прав и свобод человека и гражданина.
      При этом обращение распространяется с использованием средств массовой информации или иным публичным способом.";
      16) пункт 1 статьи 26 изложить в следующей редакции:
      "1. При наличии достаточных оснований полагать, что незнание или неправильное понимание законов физическими либо юридическими лицами может повлечь нарушения законов либо прав и свобод гражданина или неограниченного круга лиц, прокурор разъясняет содержание закона.";
      17) в пункте 2 статьи 29:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "2. В процессе осуществления надзора, в том числе по результатам проверки, прокурор:";
      дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      "8) вносит иные акты прокурорского надзора, предусмотренные настоящим Законом.";
      18) пункт 1 статьи 30 после слова "апелляционном" дополнить словом ", кассационном";
      19) в подпункте 4) статьи 43 слово "решений" заменить словом "актов";
      20) статью 46 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) руководит следственной группой, принимает к производству уголовное дело и проводит предварительное расследование;";
      21) дополнить главами 10-1 и 10-2 следующего содержания:
      "Глава 10-1. Взаимодействие с компетентными учреждениями
                   иностранных государств
      Статья 47-1. Надзор за применением законов при осуществлении
                   международного правового сотрудничества
      1. Генеральный Прокурор Республики и (или) уполномоченные им прокуроры осуществляют надзор за применением международных договоров, ратифицированных Республикой Казахстан, Конституции и законов Республики Казахстан по вопросам оказания правовой помощи.
      2. В пределах и в порядке, установленных международными договорами и законодательством Республики Казахстан, Генеральный Прокурор Республики или уполномоченные им прокуроры от имени государства принимают решение:
      о выдаче лиц;
      об осуществлении уголовного преследования;
      о переводе лиц, осужденных к лишению свободы, для дальнейшего отбывания наказания;
      о направлении и исполнении поручений и ходатайств о производстве процессуальных действий по уголовным делам.
      3. Органы прокуратуры осуществляют и иные полномочия, предусмотренные международными договорами и законодательством Республики Казахстан.
      Статья 47-2. Полномочия прокуратуры по международному правовому
                   сотрудничеству
      Генеральный Прокурор Республики и (или) уполномоченные им прокуроры в рамках международного правового сотрудничества вправе:
      1) участвовать в разработке проектов международных договоров Республики Казахстан, а также предложений по изменению и дополнению действующих договоров;
      2) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке заключать и подписывать договоры о правовой помощи, сотрудничестве и взаимодействии с органами прокуратуры иностранных государств;
      3) в пределах компетенции органов прокуратуры осуществлять сотрудничество с соответствующими учреждениями других государств и международными организациями;
      4) участвовать в деятельности международных организаций прокуроров;
      5) участвовать в разработке проектов межгосударственных программ совместных мер по борьбе с преступностью на территории сотрудничающих государств, их выполнении;
      6) по просьбе компетентных учреждений иностранных государств, с участием других правоохранительных органов Республики Казахстан, оказывать правовую помощь по вопросам выдачи, уголовного преследования, проведения следственных действий, перевода осужденных, выполнению иных действий, направленных на предупреждение, выявление и пресечение преступлений, розыску преступников, исполнению наказаний;
      7) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке направлять в компетентные учреждения иностранных государств поручения, ходатайства, просьбы правоохранительных органов Республики Казахстан по оказанию правовой помощи по вопросам выдачи, уголовного преследования, проведения следственных действий, перевода осужденных, выполнению иных действий, направленных на предупреждение, выявление и пресечение преступлений, розыск преступников, исполнение наказаний;
      8) представлять интересы Республики Казахстан в судах иностранных государств и международных судах при рассмотрении уголовных дел, затрагивающих интересы Республики Казахстан;
      9) осуществлять иные полномочия, предусмотренные международными договорами и законодательством Республики Казахстан.
      Глава 10-2. Иные направления деятельности органов прокуратуры
      Статья 47-3. Надзор за законностью в сфере государственной
                   правовой статистики и специальных учетов
      Надзор за законностью в сфере государственной правовой статистики и специальных учетов осуществляется уполномоченными прокурорами в соответствии с законодательством Республики Казахстан о правовой статистике и специальных учетах.
      Статья 47-4. Надзор за законностью рассмотрения обращений
                   физических и юридических лиц
      Органы прокуратуры осуществляют надзор за соблюдением субъектами, рассматривающими обращения, установленного законодательством Республики Казахстан порядка рассмотрения и разрешения обращений физических и юридических лиц.
      Статья 47-5. Профессиональная подготовка, переподготовка и
                   повышение квалификации сотрудников органов
                   прокуратуры
      В целях эффективного осуществления надзорной деятельности в органах прокуратуры действует единая система подготовки, переподготовки и повышения квалификации, которая проводится всеми уровнями органов прокуратуры.
      Профессиональная подготовка, переподготовка и повышение квалификации сотрудников органов прокуратуры проводится в порядке, установленном Генеральным Прокурором Республики Казахстан.";
      22) статью 48 дополнить пунктом 12 следующего содержания:
      "12. Военнообязанные сотрудники прокуратуры состоят на специальном учете в органах прокуратуры.";
      23) дополнить статьей 52-1 следующего содержания:
      "Статья 52-1. Общественные объединения прокуроров
      1. В целях реализации и защиты общих интересов прокуроры имеют право создавать общественные объединения.
      2. Общественные объединения прокуроров в необходимых случаях представляют и защищают интересы своих членов в установленном законодательством Республики Казахстан порядке и не вправе оказывать влияние на деятельность органов прокуратуры, а также не должны преследовать политические цели.";
      24) в пункте 2 статьи 57 слова "прокуроры областей" заменить словами "председатель Комитета, прокуроры областей и приравненные к ним прокуроры";
      3. В Закон Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 60; 2007 г., № 9, ст. 67; № 20, ст. 152; 2008 г., № 6-7, ст. 27; 2010 г., № 10, ст. 48):
      пункт 4 статьи 16 после слов "в кадры" дополнить словами "органов прокуратуры,".
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан