Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің, Қызылорда және Қарағанды облыстары әкімдерінің осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағындағы жалпы алаңы 2 210,9 мың гектар жерді Қызылорда облысының ұзақ мерзімді пайдалану мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 ақпандағы
№ 108 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумағындағы Қызылорда
облысының ұзақ мерзімге пайдалану мерзімі 2025 жылға дейін
ұзартылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жер учаскелерінің орналасқан жері |
Жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде: |
||||
жайылым |
су астында |
алаң, жол, көше астында |
құрылыс астында |
өзге де жерлер |
|||
Қызылорда облысы |
Қарағанды облысының Ұлытау ауданы |
2210900 |
1968445 |
144 |
559 |
24 |
241728 |