«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 112 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге
2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін анықтайды.
2. Ағымдағы нысаналы трансферттер 053 «Эпизоотияға қарсы шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) орталықтандырып сатып алған ветеринариялық препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды көздейді:
1) ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
2) ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
3) ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Министрлік бекітетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың 2010 жылға арналған жоспарында (бұдан әрі - Ветеринариялық іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шараларға бөлінеді.
Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде игерілмеген қаражатты одан әрі пайдалану мәселесін қарастырады.
2. Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
5. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, Ветеринариялық іс-шаралар жоспарының негізінде, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аударады.
6. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары, сондай-ақ Ветеринариялық іс-шаралар жоспары негізінде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы қалалардың) бюджеттеріне аударады.
7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері ветеринарлық препараттарды уақытша сақтау, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
8. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау:
1) Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарына және Астана қаласына - Астана қаласында орналасқан франко-қоймадан;
2) Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарына - Ақтөбе қаласында орналасқан франко-қоймадан;
3) Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарына және Алматы қаласына - Алматы қаласында орналасқан франко-қоймадан жүзеге асырылады.
9. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес, Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сай бөлуді жүзеге асырады.
10. Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері ветеринариялық препараттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді көрсетушілер арасында ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес, Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сай бөлуді жүзеге асырады.
11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларында (бұдан әрі - басқармалар), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдерінде орындалған жұмыстарды бағалау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Басқармалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
12. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді көрсетушілер Ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес ай сайын жұмыстардың орындалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актілерін;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтердің актілерін.
13. Бөлім ай сайын құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жиналған құжаттарды басқармаға, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдеріне қарауға және ақы төлеуге ұсынады.
14. Ұсынылған құжаттар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім үш жұмыс күні ішінде сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, оларды ветеринариялық препараттарды тасымалдау, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөніндегі, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызмет көрсетушілерге пысықтауға қайтарады.
15. Көрсетілген қызмет үшін тиісті қызметтер көрсетушілердің банктік шоттарына қаржылай қаражат аударуды басқарма, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 2 данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
3. Тараптардың жауапкершілігі және есеп беру тәртібі
16. Басқармалар Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2010 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, ал қаражат толығымен игерілмеген жағдайда себебі көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының, пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады.
17. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей аралық есепті, ал жылдың қорытындылары бойынша келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы қорытынды есепті ұсынады.
18. Министрлік нөтижелер туралы жасалған келісім негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауапты болады.
19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары ағымдағы нысаналы трансферттердің ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жетпегені, алынған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткен тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті бермегені үшін жауапты болады.
Ережеге
1-қосымша
Көрсетілген қызметтерді бағалау актісі
__________________________ 20 ж. «__» ___________
(облыс, аудан, елді мекен)
__________________________________________________ құрылған комиссия,
(Комиссия кімнің шешімімен құрылды, шешімнің күні және нөмірі көрсетілсін)
құрамында: Комиссия төрағасы,________________________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
Комиссия мүшелері,___________________________________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
сондай-ақ 20 ж. «__» _________ № __________________ сенімхатқа сәйкес
______________________________________ мүдделерін білдіруге уәкілетті
(қызметтер көрсетушінің толық атауы)
___________________________________________ мынадай қорытынды жасады:
(Т.А.Ә.)
Қызметтердің толық атауы |
Көрсетілген қызметтің қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Көрсетілген қызметтердің көлемі |
Бірлік бағасы |
Сомасы |
Көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз)._____________________________________________
Комиссия төрағасы _______________________
(Т.А.Ә., қолы)
Комиссия мүшелері _______________________
(Т.А.Ә., колы)
Қызметтер көрсетушіден _______________________
(Т.А.Ә., колы)
Ережеге
2-қосымша
Көрсетілген қызметтердің актісі
__________________________ 20 ж. «__» ____________
(облыс, аудан, елді мекен)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ____________________________
(мекеме атауы)
атынан 20 ж. «__» _________ № ____________ бұйрығы негізінде әрекет ететін ____________________________________ және бұдан әрі «Қызметтер
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
көрсетуші» деп аталатын ______________________________________ атынан
(қызметтер көрсетушінің толық атауы)
20 ж. «__» ______ № _______ Жарғы (сенімхат) негізінде әрекет ететін
_____________________________ 20 ж.«__» _____ Көрсетілген қызметтерді
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
бағалау актісіне сәйкес төмендегі туралы осы Актіні жасады. Қызметтер көрсетуші оның және Тапсырыс берушінің арасында жасалған
20 ж.«__» ____ № _________________ Шартқа сәйкес мынадай сипаттамадағы қызметтерді көрсетті:
Қызметтердің толық атауы |
Көрсетілген қызметтердің қысқаша сипаттамасы |
Өлшем бірлігі |
Көрсетілген қызметтердің көлемі |
Бірлік бағасы |
Сомасы |
Көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
(атап шығыңыз)
Көрсетілген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап шығыңыз) _______________________________________________________
1. Алынған тауарлардың жалпы құны _____________
2. Аванс сомасы _____________
3. Бұрын актіленген сомасы _____________
4. Төлеу керегі _____________
Тапсырыс беруші үшін Қызметтер көрсетуші үшін
____________________________ ___________________________
(Т.А.Ә. атқаратын лауазымы) (Т.А.Ә. атқаратын лауазымы)
____________________________ ___________________________
(қолы, мөртаңбасы) (қолы, мөртаңбасы)