Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 № 1447 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
2) Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
3) Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;
4) Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;
5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 № 1447 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне
сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу
және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы
1. Кедендік тасымалдаушылар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдауды есепке алу және есептілік кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында кедендік тасымалдаушы орналасқан кеден органы бастығының не оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
Ағымдағы күнтізбелік жылда соңғы жазу енгізілгеннен кейін Есепке алу кітабы салыстырып тексеру үшін кеден органына беріледі. Салыстырып тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
Есепке алу кітабы соңғы жазу енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін Есепке алу кітабына қосымша жазулар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Есепке алу кітабы не оның электрондық түрдегі көшірмесі кеден органының лауазымды адамдарына олардың талап етуі бойынша ұсынылады.
2. Кедендік тасымалдаушылар тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында кедендік тасымалдаушылар тіркелген кеден органына есепті кезеңде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылған барлық тауарларды тасымалдаулар туралы есепті ұсынады.
Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.
Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит
кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын
тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып есеп
жүргізу және кеден органына есептілікті
ұсыну қағидасына қосымша
Нысан
Кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаудағы тауарларды
тасымалдауын есепке алу және олар
бойынша есептілік кітабы
Р/с |
Транзиттік декларация нөмірі |
Тасымалдауды бастау күні |
Жөнелтушінің кеден органы белгіленген жеткізу мерзімі |
Тасымалдаудың іс жүзінде аяқталған күні, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттың немесе тауарлар декларациясының нөмірі |
Жөнелтушінің кеден органы |
Межелі кеден органы |
Нақты жеткізілетін кеден органы |
Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі |
Тауардың атауы |
Тауарлардың таза салмағы (кг), көлік тік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда
тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу
және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы
1. Уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлардың есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірленуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасының иесі орналасқан кеден органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
3. Кеден органы жазбаша нысанда кеден органы айқындайтын уақыт кезеңінде сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы есеп ұсынуды талап етуі мүмкін.
4. Уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан кеден органына есепті кезеңде, сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы қорытылған есепті ұсынады.
Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.
Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары
иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар
туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден
органына есептілікті ұсыну қағидасына
қосымша
Нысан
Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабы
Кіріс |
|||||||||
Орналастыру күні мен уақыты |
Қойманың тіркеу нөмірі |
Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі |
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам |
Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі |
Тауардың атауы |
Орындар саны |
Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі |
Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.) адамның қолы |
Тауарларды қабылдаған адамның қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы:
Шығыс |
Қалдық (бар болса) |
Ескертпе |
|||||
Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі |
Орындар саны |
Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі |
Тауарлар және (немесе) көлік құралдарын берген адамның қолы |
Қоймадан іс жүзінде шығарылған күш |
Орындар саны |
Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі |
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін,
сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік
құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке
алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп
жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы
1. Жеке тауарларын сақтау қоймаларына келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сақтауда тұрған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Автоматтандырылған бақылау және есепке алуды жеке тауарларын сақтау қоймалары иелері келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебін жүргізуге және кеден органына ұсыну үшін есеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жолымен жүзеге асырады.
2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде сақталады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында жеке тауарларын сақтау қоймасының иесі орналасқан кеден органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
3. Кеден органы жазбаша нысанда кеден органы айқындайтын уақыт кезеңінде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есепті ұсынуды талап етуі мүмкін.
4. Жеке тауарларын сақтау қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан кеден органына есепті кезеңде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы қорытылған есепті ұсынады.
Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.
Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің
келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін
тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы,
оның ішінде бақылаудың және есепке алудың
автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып
есеп жүргізу және кеден органына есептілікті
ұсыну қағидасына қосымша
Нысан
Сақтаудағы тауарлар және (немесе)
көлік құралдарын есепке алу кітабы
Кіріс |
|||||||||
Орналастыру күні мен уақыты |
Қойманың тіркеу нөмірі |
Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі |
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастырушы адам |
Көлік құралының (тіркеменің) мемлекеттік тіркеу нөмірі |
Тауардың атауы |
Орындар саны |
Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі |
Қоймада орналасқан орны (бокс № және т.б.) |
Тауарларды қабылдаған адамның қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы:
Шығыс |
Қалдық (бар болса) |
Ескертпе |
|||||
Тауарлар декларациясы немесе транзиттік декларацияның нөмірі |
Орындар саны |
Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі |
Тауарлар және (немесе) көлік құралдарын берген адамның қолы |
Қоймадан іс жүзінде шығарылған күні |
Орындар саны |
Тауарлардың таза салмағы (кг), көліктік (тасымалдау) құжаттар бойынша қосымша өлшем бірлігіндегі көлемі |
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті
ұсыну қағидалары
Ескерту. Қаулы қағидалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 № 1447 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Кеден органдары сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті (бұдан әрі – есеп) алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғаларға талаптың тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.
3. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар тіркелген орны бойынша кеден органына кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.
Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға және бас бухгалтер қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.
4. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
Арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың
сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және
(немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, кеден
органына есептілікті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті
ұсыну туралы талабы
«___» ____________ 20__ ж. № ___________________
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(кеден органның атауы)
Сізге
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынушы
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін
тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған
кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды
кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)
«___» __________ ____ ж. «___» __________ ____ ж. дейінгі
кезеңде ресімделген сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті
ұсынудың қажеттігі туралы хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Арнайы
оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары
туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,
кеден органына есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымшасында
белгіленген нысан бойынша өсу қорытындысымен сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлар туралы есепті ұсыну қажет.
Кеден органының бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» _______________ 20__ ж. М.О.
Арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың
сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және
(немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, кеден
органына есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және
пайдаланылатын тауарлары туралы есеп
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың атауы |
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың СТН (БСН)* |
Транзиттік декларацияның немесе ХЖТ кітапшасының нөмірі |
Оның аймағында тауарлардың кедендік тазартылуы жүзеге асырылған аумақтық кеден органының атауы |
Тауарларға арналған декларацияның нөмірі |
КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 шешіміне 1-қосымшаға сәйкес кедендік рәсімдер түрлерінің жіктеуішіне сәйкес кедендік рәсімдер түрінің коды |
КО СЭҚ ТН коды |
Тауарлардың атауы |
Статистикалық құн (АҚШ долл.) |
Тауарлардың салмағы нетто/брутто (кг), қосымша өлшем бірліктеріндегі көлемі |
Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке төленуге жататын сомасы |
Бюджетке төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы |
КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 шешіміне 16-қосымшаға сәйкес арнайы оңайлатулар түрлерінің жіктеуішіне сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалармен қолданылған арнайы оңайлатулар түрінің коды |
Есепті тоқсан |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
* - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
- БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.
Басшы _________________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Бас бухгалтер _________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның мөрімен расталады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін
тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары
Ескерту. Қаулы қағидалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 № 1447 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына, аталған кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.
3. Кеден органы есепті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.
4. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің (болуы) болмауы туралы анықтаманы алу өтінішімен бірге аталған тұлғалар, оның қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына қайта ұйымдастырылған немесе таратылған күнгі жағдай бойынша шетелдік тауарлар бойынша есепті ұсынады.
5. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.
Шетелдік тауарларды
пайдаланатын және (немесе)
иеленетін тұлғалардың
кеден органына, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, есептілікті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«___» ____________ _____ ж. бастап «___» _____________ _____ ж.
дейінгі кезеңде шетелдік тауарларды оның ішінде, оларға қатысты
мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу
баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының
ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп*
тел. ____________/факс ______________,
_____________________________________,
(тұлғаның атауы)
_____________________________________, СТН, ЖСН, БСН
(тіркеу мекенжайы)
Р/с № |
Тұлғаның атауы |
СТН/ЖСН/БСН** |
ТД (ЖКД) № |
Тауардың атауы |
КО СЭҚ ТН (ҚР СЭҚ ТН) тауар коды |
Рәсім коды, ТД (ЖКД) 37-б. |
Саны кг./өлшем бірлігі |
Тауардың кедендік құны, теңге |
Тауардың статистикалық құны, теңге ТД (ЖКД) 46-б. |
Тауардың түгендеу нөмірі (болған жағдайда) |
Аталған тауардың бух. есеп бойынша тұрған шотының № (болған жағдайда) |
Пайдаланылған тауардың саны кг./өлшем бірлігі |
Тауардың пайдаланылуы жөніндегі құжаттар |
Тауардың қалдығы кг./өлшем бірлігі |
Ескерту*** |
|
атауы |
№ және күні |
|||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
* - Есеп есептілік кезеңдегі айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен тоқсан сайын ұсынылады.
** - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
- ЖСН/БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.
*** - Ескертпеде есепті ұсынған сәтте тауардың нақты тұрған орны көрсетіледі (ұңғыманың нөмірі, кен орны және т.б.).
Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның басшысы
___________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) бас бухгалтері
___________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) мөрімен расталады.
Шетелдік тауарларды
пайдаланатын және (немесе)
иеленетін тұлғалардың кеден
органына, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана
отырып, есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін
тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну туралы
талабы
«___» ____________ 20__ ж. № ___________________
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(кеден органның атауы)
Сізді
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынған
заңды (жеке) тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін
тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде
толтырылады не жеке сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін
тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды
кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)
«___» __________ ____ ж. «___» __________ ____ ж. дейінгі
кезеңде ресімделген шетелдік тауар(лар) бойынша есептілікті ұсынудың
қажеттігі туралы хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын
шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың
кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымшада белгіленген нысан
бойынша шетелдік тауар(лар) жөнінде есептілік кезеңіндегі айдың
соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен есеп ұсыну қажет.
Кеден органының бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» _______________ 20__ ж. М.О.