Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 1152 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 334 бұйрығын қараңыз.


      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 196-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі;
      2) Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 4 қарашадағы
№ 1152 қаулысымен 
бекітілген   

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі

      Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) кеден одағының кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмір белгілері бойынша тіркеуді автоматтандыру жолымен оларды көзбен қарап және автоматтандырылған бақылау үшін кеден органдары пайдаланатын автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;
      2) өткізілетін радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтау, оқшаулау және бірдейлендіру, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған радиациялық бақылаудың техникалық құралдары. Оларға дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлық жүйелері жатады;
      3) кеден органдары автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін өлшеуді бақылау үшін пайдаланатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі;
      4) кеден органдары көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктеріндегі, контейнерлердегі, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажындағы, халықаралық пошта жөнелтілімдеріндегі заттарды және шағын, орташа көлемді және ірі көлемді ыдыстардағы тауарларды оларды ашпай, сондай-ақ жеке тұлғаларды интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп қарау әдісімен, көзбен қарап тексеру үшін пайдаланатын, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен жабдықталған тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы. Кеден органдары интрузивті емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелерін пайдаланады;
      5) жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажын, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, көлік құралдарындағы тауарлар мен қол жеткізудің қиын орындарын кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын іздестірудің техникалық құралдары. Мыналар іздестірудің техникалық құралдары болып табылады:
      металл детекторлары - қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды құралдар. Кеден органдары портативті, тасымалданатын және стационарлық металл детекторларын пайдаланады;
      тексеріп қарау айналары - пішіндері мен мөлшері әртүрлі ауыспалы айналардың жиынтығы бар телескоптық ұстағыштар, қол жеткізудің қиын орындарындағы тауарларды, көлік құралдарын тексеріп қарау үшін қолмен ұсталатын жарықтандырғыш аспаптарымен қолданылады;
      тексеріп қарау сүңгілері - диаметрлері мен ұзындығы әртүрлі ерекше шыңдалған металл өзектері, тесілетін объектілердің (жұмсақ және картон орамаларының, көлік құралдарындағы отырғыштардың, сусымалы жүктердің) салымдарынан сынамалар алу үшін арнайы нысандағы тесігімен дайындалады;
      эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жеткізудің қиын орындарын және түрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған оптикалық аспаптар;
      тексеріп қарау шамдары мен лампалар - тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру үшін бағытталған жарықтандырғыш аспаптар. Кеден органдары ұтқыр, тасымалданатын және стационарлық шамдар мен лампаларды қолданады;
      тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар - отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жеткізудің қиын орындарындағы бөтен салымдарды анықтау үшін бағытталған аспаптар;
      жылу визорлары - өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған бағытталған аспаптар;
      6) бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:
      кедендік және өзге құжаттардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
      бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
      бағалы тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;
      есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары;
      жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары;
      рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;
      өлшеу аспаптары;
      энергия ресурстарын есептеу аспаптары;
      хладагенттерді сәйкестендіру аспаптары, детекторлар мен талдағыштар;
      электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары;
      штрих-кодтардың принтерлері;
      штрих-кодтарды оқу аспаптары;
      сәйкестендіру құралдары;
      7) кеден органдары кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі жедел жағдайды қадағалау үшін кеден органдары пайдаланатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.
      Көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдарына қадағалау аспаптары, дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру аспаптары, сондай-ақ шолу телевизиясының жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады;
      8) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары, оларға магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі және жазу пішініндегі плейерлер, телемониторлар, телевизорлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайд проекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады;
      9) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау процесін жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданатын жедел байланыстың техникалық құралдары. Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 4 қарашадағы
№ 1152 қаулысымен 
бекітілген   

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаларды кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде техникалық құралдарды қолдану тәртібін белгілейді.
      2. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары - кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мен кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың (қылмыстардың) фактілерін анықтау мақсатында жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау процесінде кеден органдары қолданылатын арнайы техникалық құралдарының кешені.
      Кеден органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесінде көзделген кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданады.

2. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тәртібі

      3. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану адам өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуға және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына залал келтірмеуге тиіс.
      4. Кедендік бақылауды жүзеге асырушы кеден органының лауазымды адамы кедендік бақылау нысанына және жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу ерекшелігіне қарай кедендік бақылаудың қандай да бір техникалық құралдарын қолдану қажеттілігін айқындайды.
      5. Кедендік қадағалау кезінде кедендік бақылаудың мынадай техникалық құралдары қолданылады:
      1) кеден одағының кедендік аумағынан өтетін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмір бойынша тіркеу жолымен автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;
      Автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдану нәтижесі бойынша алынған ақпарат кеден одағының кедендік шекарасын қиып өтетін автокөлік құралдарын орталықтандырылған есепке алу үшін байланыс арналары арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органға беріледі;
      2) кедендік бақылау аймағындағы тауарларды, көлік құралдары мен жеке тұлғаларды көзбен қарап бақылау жүргізу үшін қолданылатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.
      6. Кедендік қарау мен кедендік тексеріп қарау кезінде кедендік бақылаудың мынадай техникалық құралдары қолданылады:
      1) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы раиоактивті материалдарды заңсыз өткізуді анықтау мақсатында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын радиациялық бақылаудың техникалық құралдары;
      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға алынған ақпаратты байланыс арналары бойынша бере отырып есепке алу және бақылау мақсатында кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін автокөлік құралдарына қатысты қолданылатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін айқындау мен бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйелері;
      3) қол жүгіне, контейнерлерге, көлік құралдарына, почта жөнелтімдеріне және жеке тұлғаларға салынған контрабандалық тауарларды табу мақсатында кедендік бақылау аймағындағы кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін тауарларған, көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын, оның ішінде бейнелерді талдау және өңдеу жүйелерімен жарақталған интраскопиялық тексеру техникасы;
      4) көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашусыз, бөлшектеусіз және зерттеу объектісінің тұтастығын бұзбай, тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде қолданылатын іздеу техникалық құралдары;
      5) мынадай тауарларды қарауды жүргізу кезінде қолданылатын сәйкестендірудің техникалық құралдары:
      бағалы тастар мен металдардың сынамаларын сәйкестендіру үшін бағалы тастардағы сәулелердің сынуын талдау негізінде жұмыс істейтін аспаптар және қорытпаларды айқындаудың түрлі әдістерін пайдаланатын аспаптар қолданылады. Бағалы тастар мен металдарды ресімдеудің барлық жағдайларында қолданылады;
      есірткіні, психотропты заттар мен прекурсорларды анықтау және (немесе) тексеру үшін:
      салфеткалардың көмегімен микробөлшектерді жинау және оларды талдауды жүргізетін детекторға салу, сондай-ақ детектордың компрессорын қосу көмегімен күдікті учаскеден буларды талдау әдісімен есірткі заттарының детекторлары мен экспресс-талдағыштар;
      арнайы мөлдір ыдыстардағы есірткі заттарын түсіне қарай айыру үшін ампулалар немесе ампулалардың жиынтығы;
      жарылғыш заттарды тексеру кезінде күдікті учаскелерден детектор компрессорының көмегімен буларды жинау жолымен талдауды жүргізу үшін салфеткалармен микробөлшектерді жинау және оларды детекторға салу жолымен микробөлшектерді мен жарылғыш заттардың буларын талдау детекторлары пайдаланылады;
      Қатты, сұйық және ұнтақ түріндегі заттарды талдау үшін ренгенофлуорэсценттік талдағыштар қолданылады, осы аспаптармен жұмыс бойынша қызметкерлерді арнайы оқыту қажет;
      тауарлар мен көлік құралдарының салмақтық мәнін айқындау үшін өлшеу аспаптары қолданылады;
      уақыт бірлігінде өтетін тауардың көлемін қашықтан өлшеу үшін энергия ресурстарын есептеудің аспаптары пайдаланылады, оларды өлшеу нәтижелері кеден органдарының деректерді беру арналарымен байланысты ақпараттық жүйесіне жазылады;
      тауарлар мен көлік құралдарын тексеру кезінде озонды ыдыратқыш заттарды анықтау үшін идентификаторлар, детекторлар және хладагендерді талдағыштар пайдаланылады;
      тексеру, оқу, түсіру үшін, сондай-ақ электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) санкцияланған ашуды бақылау үшін электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары пайдаланылады. Электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларды (электронды пломбалардың) стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр аспаптары пайдаланылады;
      кейіннен тауарға, орамаға, транзиттік декларацияға, көлік құралдарына жапсырылатын затбелгілерге, өзі жапсырылатын ленталарға ақпарат (штрих-кодты, мәтіндік ақпаратты, түрлі графиканы) таңбалау үшін штрих-кодтың принтерлері пайдаланылады;
      заттаңбаларды, штрих-коды бар жапсырғыштарды сәйкестендіру үшін штрих-кодтарды оқу аспабы қолданылады (штрих-кодтар сканері).
      Сәйкестендірудің техникалық құралдарын қолдана тауарларды сәйкестендіру нәтижелері тереңдетілген зерттеу үшін осы тауарларды сараптамаға жіберу үшін негіз болып табылады;
      6) кеден органдарының лауазымды адамдары түнгі және күндізгі уақытта кедендік бақылау аймағының жедел жағдайын және кеден органдары әкімшілік ғимараттарының объектілерін қадағалау үшін кедендік бақылау мақсатында үнемі қолданатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары;
      7) магнитті тасығыштарға (бобиналарға, пленкаларға, шағын кассеталарға, дискілерге, электрондық-есептеу машиналарының дискеталарына) жазылған аудио ақпарат пен бейне ақпаратты қарап шығу, тыңдау және өшіру үшін осы техникалық ақпарат тасығыштарды кедендік бақылау кезінде қолданылатын аудио және бейне ақпаратты тасығыштарды бақылаудың техникалық құралдары. Аудио және бейне ақпаратты тасығыштарды бақылаудың техникалық құралдары шығарылған фотоүлдірлер мен киноүлбірлерді, слайдтар мен микрофиштерді көзбен қарап бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
      7. Кеден органдары кедендік бақылау аймағында жедел байланысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ далалық жағдайларда жедел байланыстың техникалық құралдарын қолданады.
      8. Кеден органдарының лауазымды адамдары интраскопиялық тексеру техникасын оны қолдану бойынша арнайы оқу курсын, сондай-ақ рентген сәулелерінің адам, өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына, тірі микроағзалары бар азық-түлікке әсері бойынша оқытудан және радиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудан өткеннен кейін қолдануға құқылы.
      9. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын кеден органының лауазымды адамдары өндіруші зауыт қоса берген техникалық деректерге, нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады.
      Интраскопиялық тексеру техникасы оның барлық техникалық мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ зауыттың нұсқаулығына немесе техникалық ерекшелігіне сәйкес техникалық қауіпсіздік ережесі мен радиациялық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады.
      Іздеудің техникалық құралдары тауарлар мен көлік құралдарына механикалық зақым келтірмей техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады.

Об утверждении перечня и Правил применения технических средств таможенного контроля

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 ноября 2010 года № 1152. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 145

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.03.2016 № 145 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 334.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 196 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) перечень технических средств таможенного контроля;
      2) Правила применения технических средств таможенного контроля.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 4 ноября 2010 года № 1152

Перечень
технических средств таможенного контроля

      Технические средства таможенного контроля подразделяются на следующие виды:
      1) автоматизированная система учета автотранспортных средств, используемая таможенными органами для визуального и автоматизированного контроля над въезжающими/выезжающими на таможенную территорию таможенного союза автотранспортными средствами путем автоматизации их регистрации по государственным регистрационным номерным знакам;
      2) технические средства радиационного контроля, предназначенные для обнаружения, локализации и идентификации перевозимых радиоактивных и делящихся материалов, опасных отходов, измерения их количественных и качественных характеристик. К ним относятся дозиметры, радиометры, портативные и стационарные спектрометры, стационарные системы обнаружения делящихся и радиоактивных материалов;
      3) автоматизированная система определения весовых и габаритных параметров транспортных средств и видеонаблюдения, используемая таможенными органами для контроля за измерением весовых и габаритных параметров автотранспортных средств;
      4) досмотровая интраскопическая техника, в том числе оснащенная системами обработки и анализа изображения, используемая таможенными органами для визуальной проверки транспортных средств, содержимого грузовых отсеков транспортных средств, контейнеров, сопровождаемого и несопровождаемого багажа пассажиров, международных почтовых отправлений и товаров в мелких, среднегабаритных и крупногабаритных тарах, без их вскрытия, а также физических лиц методом неинтрузивного (бесконтактного) досмотра. Таможенными органами применяются стационарные, переносные и мобильные системы неинтрузивного досмотра;
      5) технические средства поиска, используемые при осуществлении таможенного досмотра сопровождаемого и несопровождаемого багажа пассажиров, международных почтовых отправлений, товаров и труднодоступных мест в транспортных средствах. Техническими средствами поиска являются:
      металлодетекторы - электронные приборы, позволяющие обнаруживать предметы из черных и цветных металлов. Таможенными органами применяются портативные, переносные и стационарные металлодетекторы;
      зеркала досмотровые - телескопические держатели с набором сменяемых зеркал разных форм и размеров, применяются с ручными осветительными приборами для досмотра товаров, транспортных средств в труднодоступных местах;
      щупы досмотровые - металлические стержни особой закалки разных диаметров и длины, изготавливаются с отверстием специальной формы для забора проб из вложений прокалываемых объектов (мягких и картонных упаковок, сидений в транспортных средствах, сыпучих грузов);
      эндоскопы - оптические приборы, предназначенные для досмотра труднодоступных мест в транспортных средствах и емкостей, заполненных различными, в том числе и агрессивными жидкостями;
      досмотровые фонари и лампы - осветительные приборы, предназначенные для оптимального освещения в ночное время суток и в слабоосвещенных помещениях. Таможенными органами применяются мобильные, переносные и стационарные фонари и лампы;
      приборы для определения изменения плотности - приборы, предназначенные для обнаружения посторонних вложений в труднодоступных местах, таких как топливные баки, двери, колеса транспортных средств, стенки прицепов грузовых автомобилей;
      тепловизоры - приборы, предназначенные для оперативного поиска, обнаружения и наблюдения в динамике собственного излучения теплоизлучающих объектов;
      6) технические средства идентификации, к ним относятся:
      приборы определения подлинности таможенных и иных документов;
      приборы определения подлинности пробы драгоценных металлов;
      приборы, определения подлинности драгоценных камней;
      приборы идентификации наркотических, психотропных веществ и прекурсоров;
      приборы идентификации взрывчатых веществ;
      рентгенофлуорэсцентные анализаторы;
      приборы взвешивания;
      приборы учета энергоресурсов;
      идентификаторы, детекторы и анализаторы хладагентов;
      приборы считывания электронных запорно-пломбировочных устройств (электронных пломб);
      принтеры штрих-кодов;
      приборы считывания штрих-кодов;
      средства идентификации;
      7) технические средства визуального наблюдения, используемые таможенными органами для наблюдения за оперативной обстановкой на объектах, где осуществляется таможенный контроль.
      К техническим средствам визуального наблюдения относятся оптические приборы наблюдения, бинокли, монокулярные и стереотрубы, приборы ночного видения, а также локальные (замкнутые) системы обзорного телевидения - сеть телевизионных камер, неуправляемых или дистанционно управляемых с единого контрольного пульта, и контрольных мониторов;
      8) технические средства контроля носителей аудио и видеоинформации, к которым относятся магнитофоны, видеомагнитофоны, плейеры всех систем и форматов записи, телемониторы, телевизоры, специальные компьютерные контрольные системы, фото-, кино-, слайдпроекторы, устройства для просмотра микрофишей, а также устройства для стирания аудио-, видеоинформации;
      9) технические средства оперативной связи, применяемые должностными лицами таможенных органов для обеспечения оперативного управления процессом таможенного контроля. Комплекс включает: носимую, стационарную (базовую), автомобильную аппаратуру радиосвязи, работающую на специально выделенных таможенным органам радиочастотах.

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 4 ноября 2010 года № 1152

Правила
применения технических средств таможенного контроля

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила устанавливают порядок применения технических средств при осуществлении таможенного контроля товаров, транспортных средств, перемещаемых через таможенную границу таможенного союза, а также физических лиц, пересекающих таможенную границу таможенного союза.
      2. Технические средства таможенного контроля - комплекс специальных технических средств, применяемых таможенными органами в процессе таможенного контроля физических лиц, товаров и транспортных средств, с целью сокращения времени проведения таможенного контроля и выявления фактов правонарушений (преступлений) в сфере таможенного дела.
      Таможенные органы применяют технические средства таможенного контроля, предусмотренные перечнем технических средств таможенного контроля, утвержденным Правительством Республики Казахстан.

2. Порядок применения технических средств таможенного контроля

      3. Применение технических средств таможенного контроля должно быть безопасным для жизни и здоровья человека, животных и растений и не должно причинять вред лицам, товарам и транспортным средствам.
      4. Должностное лицо таможенного органа, осуществляющее таможенный контроль, в зависимости от форм таможенного контроля и специфики перемещения физических лиц, товаров и транспортных средств определяет необходимость применения тех или иных технических средств таможенного контроля.
      5. При таможенном наблюдении применяются следующие технические средства таможенного контроля:
      1) автоматизированные системы учета автотранспортных средств, применяемые в отношении автотранспортных средств, пересекающих таможенную границу таможенного союза путем регистрации автотранспортных средств по государственному номеру транспортного средства.
      По результатам применения автоматизированной системы учета автотранспортных средств полученная информация передается по каналам связи в уполномоченный орган в сфере таможенного дела для централизованного учета пересекающих таможенную границу таможенного союза автотранспортных средств;
      2) технические средства визуального наблюдения, применяемые для проведения визуального контроля за товарами, транспортными средствами и физическими лицами, находящимися в зоне таможенного контроля.
      6. При таможенном осмотре и таможенном досмотре применяются следующие технические средства таможенного контроля:
      1) технические средства радиационного контроля, применяемые в отношении товаров, транспортных средств и физических лиц, пересекающих таможенную границу таможенного союза, с целью выявления незаконного перемещения через таможенную границу таможенного союза радиоактивных материалов;
      2) автоматизированные системы определения весовых и габаритных параметров транспортных средств и видеонаблюдения, применяемые в отношении автотранспортных средств, пересекающих таможенную границу таможенного союза, с целью их контроля и учета с передачей полученной информации по каналам связи в уполномоченный орган в сфере таможенного дела;
      3) досмотровая интраскопическая техника, в том числе оснащенная системами обработки и анализа изображения, применяемая в отношении товаров, транспортных средств и физических лиц, пересекающих таможенную границу таможенного союза в зонах таможенного контроля, с целью обнаружения вложений контрабандных товаров в ручной клади, контейнерах, транспортных средствах, почтовых отправлениях и физических лицах;
      4) технические средства поиска, применяемые при проведении осмотра товаров и транспортных средств без вскрытия транспортных средств, упаковки товаров, демонтажа и нарушения целостности обследуемого объекта;
      5) технические средства идентификации, применяемые при проведении осмотра следующих товаров:
      для идентификации проб драгоценных камней и металлов применяются приборы, работающие на основе анализа преломления лучей в драгоценных камнях, и приборы, использующие разные методы определения сплавов. Применяются во всех случаях оформления драгоценных камней и металлов;
      для выявления и (или) проверки наркотических, психотропных веществ и прекурсоров применяются:
      детекторы и экспресс-анализаторы наркотических веществ методом сбора микрочастиц, с помощью салфеток и помещения их в детектор для производства анализа, а также анализа паров с подозрительного участка при помощи включения компрессора детектора;
      ампулы или набор ампул для цветового различения наркотического вещества в специальных прозрачных емкостях;
      для выявления и (или) проверки взрывчатых веществ применяются детекторы микрочастиц и анализа паров взрывчатых веществ, путем сбора микрочастиц салфетками и помещения их в детектор для производства анализа, путем сбора паров при помощи компрессора детектора с подозрительных участков;
      для анализа веществ в твердом, жидком и порошкообразном состоянии применяются рентгенофлуорэсцентные анализаторы, необходимо специальное обучение сотрудников по работе с данными приборами;
      для определения весового значения товаров и транспортных средств применяются приборы взвешивания;
      для дистанционного измерения объема товара, проходящего в единицу времени, применяются приборы учета энергоресурсов, результаты измерений которых вносятся в информационную систему, связанную каналами передачи данных с таможенными органами;
      для проверки товаров и транспортных средств в целях выявления озоноразрушающих веществ используются идентификаторы, детекторы и анализаторы хладагентов;
      для проверки, считывания, снятия, а также контроля санкционированного вскрытия электронных запорно-пломбировочных устройств (электронных пломб) используются приборы считывания электронных запорно-пломбировочных устройств (электронных пломб). Используются стационарные, переносные и мобильные приборы считывания электронных запорно-пломбировочных устройств (электронных пломб);
      для печати информации (штрих-кода, текстовой информации, различной графики) на этикетках, самоклеющихся лентах, которые впоследствии наносятся на товар, упаковку для маркировки, транзитную декларацию, транспортные средства используются принтеры штрих-кода;
      для идентификации этикеток, наклеек со штрих-кодом применяются приборы считывания штрих-кодов (сканер штрих-кода).
      Результаты идентификации товаров с применением технических средств идентификации являются основанием для отправления данных товаров на экспертизу для углубленного обследования;
      6) технические средства визуального наблюдения, постоянно применяемые должностными лицами таможенных органов в целях таможенного контроля для наблюдения в ночное и дневное время за оперативной обстановкой зоны таможенного контроля и объектов административных зданий таможенных органов;
      7) технические средства контроля носителей аудио и видеоинформации, применяемые для просмотра, прослушивания и стирания аудиоинформации и видеоинформации, записанной на магнитных носителях (бобинах, пленках, компакт-кассетах, дисках, дискетах электронно-вычислительных машин) при таможенном контроле этих технических носителей информации. Технические средства контроля носителей аудио и видеоинформации используются для осуществления визуального контроля проявленных фотопленок и кинопленок, слайдов и микрофишей.
      7. Таможенные органы для обеспечения оперативной связью в зонах таможенного контроля, а также в полевых условиях применяют технические средства оперативной связи.
      8. Должностные лица таможенных органов вправе применять досмотровую интраскопическуго технику после прохождения специального курса обучения по ее применению, а также обучения по воздействию рентгеновского излучения на организм человека, растений и животных, продуктов питания, имеющих живые микроорганизмы, и обучения по радиационной безопасности.
      9. Технические средства таможенного контроля эксплуатируются должностными лицами таможенного органа согласно техническим данным, инструкциям, приложенным заводом-изготовителем.
      Досмотровая интраскопическая техника применяется с соблюдением специфики всех его технических возможностей, а также правил техники безопасности и радиационной безопасности в соответствии с заводской инструкцией или технической спецификацией.
      Технические средства поиска применяются с соблюдением техники безопасности, без причинения механических повреждений товарам и транспортным средствам.