Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1172 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы бекітілсін.
      2. «Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 233 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 131-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1172 қаулысымен
бекітілген    

Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы

      1. Осы Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы су объектілерінің жағалау жиегін айқындау тәртібін анықтайды.
      2. Жағалау жиегі - судың барынша толу (толық су) нәтижесінде пайда болатын су объектісінің жағалау жиегі.
      3. Жағалау жиегінің нақты орналасқан жері құрғақ жер бетінің су объектілерінің (теңіздер, көлдер, өзендер, тоғандар және су қоймалары) бетімен қиылысқан оның белгілі бір деңгейіне (кемеріне) қарай белгіленетін шартты жиегі болып табылады.
      4. Теңіздің жағалау жиегінің нақты орналасқан жері судың барынша көтерілген уақытында ең жоғарғы деңгейіне жеткен кезіндегі су кемерінің жиегі, ал көтерілу-түсу құбылыстары болмаған кезде - соқпа толқын жиегі болып табылады.
      5. Өзендердің және оларға теңестірілген арналардың, көлдердің, тоғандардың жағалау жиегі су неғұрлым жоғары болатын маусымдағы су кемері болып табылады.
      Жаз айларында суалып қалатын өзендердің жағалау жиегі негізгі арнаның айқын көрінген жиегі болып табылады.
      6. Су қоймаларының жағалау жиегі су қоймасын пайдалануға қажетті су деңгейіне сәйкес келетін сүйеу көкжиегінің жиегі болып табылады. Егер су қоймасы сүйеу көкжиегінің деңгейіне дейін толмаған болса, онда оның жағалау жиегі су қоймасының суға толған сәтіндегі су деңгейінің жай-күйі бойынша көрсетіледі және картографиялық материалдарда тұрақсыз және айқындалмаған жағалау жиегінің шартты белгісімен бейнеленеді.
      7. Жағалау жиегі терең жырымдалған және иректелген немесе жағалаудың бойында және оған тікелей жақын жерде аралдар тізбегі болса, аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы жиегі тиісті нүктелерді қосатын бастапқы тура жиектер әдісімен айқындалады.

Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2010 года № 1172. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.04.2015 № 196 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года «О недрах и недропользовании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения фактического местоположения береговой линии.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 15 марта 2005 года № 233 «Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии» (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 12, ст. 131).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 8 ноября 2010 года № 1172

Правила определения фактического
местоположения береговой линии

      1. Настоящие Правила определения фактического местоположения береговой линии разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года «О недрах и недропользовании» и определяют порядок определения береговой линии водных объектов, находящихся на территории Республики Казахстан.
      2. Береговая линия - линия берега водного объекта, образующаяся в результате максимального прилива (полной воды).
      3. Фактическим местоположением береговой линии является условная линия пересечения поверхности суши с поверхностью водных объектов (морей, озер, рек, прудов и водохранилищ), устанавливаемая в зависимости от его определенного уровня (уреза).
      4. Фактическим местоположением береговой линии моря является линия уреза воды при наиболее высоком ее уровне во время максимального прилива, а при отсутствии приливно-отливных явлений - линия прибоя.
      5. Фактическим местоположением береговой линии рек и приравненных к ним каналов, озер, прудов является линия уреза воды в сезон наиболее высокого ее стояния.
      Фактическим местоположением береговой линии рек, пересыхающих в летний период, является хорошо выраженная кромка коренного русла.
      6. Фактическим местоположением береговой линии водохранилищ является линия подпорного горизонта, соответствующая уровню воды, необходимому для эксплуатации водохранилища. Если водохранилище не заполнено до уровня подпорного горизонта, то фактическое местоположение береговой линии определяется по состоянию уровня воды на момент заполнения водохранилища водой и отображается на картографических материалах условным знаком береговой линии.
      7. В местах, где береговая линия глубоко изрезана и извилиста, или, где имеется вдоль берега и в непосредственной близости к нему цепь островов, исходная линия, от которой отмеряется ширина территориального моря, определяется методом прямых исходных линий, соединяющих соответствующие точки.