Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 124 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.28 № 1103 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 632-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесінде:
      3 және 7-тармақтарды қоспағанда, барлық мәтін бойынша, «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе әкімдік», «немесе әкімдікке», «немесе әкімдіктің», «немесе әкімдік» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы «не оның аумақтық органына» деген сөздерден кейін «не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдік)» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының орталық және жергілікті атқарушы органдарын» деген сөздер «орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік органның қорытындысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлік тиістілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттерін ескере отырып, көрсетілген мүлікті бекітіп беру болжанатын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - мемлекеттік заңды тұлға), сондай-ақ қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржы шығындары көрсетілуі тиіс»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесінің аталған мүлікті беру үшін нақты мемлекеттік заңды тұлғаны айқындауы Уәкілетті органның немесе әкімдіктің орындауы үшін міндетті болып табылмайды.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Орынды болған жағдайда республикалық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді:
      1) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен астам болған кезде - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен кем болған кезде - уәкілетті орган қабылдайды;
      Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді әкімдік қабылдайды.»;
      14-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К.                    Мәсімов

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1371

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 124. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1103

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.09.2011 № 1103 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года № 1371 "Об утверждении Правил добровольной и безвозмездной передачи имущества из частной собственности в государственную" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 50, ст. 632) следующие дополнения и изменения:
      в Правилах добровольной и безвозмездной передачи имущества из частной собственности в государственную, утвержденных указанным постановлением:
      по всему тексту, за исключением пунктов 3 и 7, после слов "Уполномоченный орган", "в уполномоченный орган", "Уполномоченным органом", "уполномоченным органом", "уполномоченный орган", дополнить словами "или акимат", "или в акимат", "или акиматом", "или акимат";
      в пункте 3 после слов "либо его территориальный орган," дополнить словами "либо в акимат области (города республиканского значения, столицы) (далее - акимат)";
      в пункте 4 слова "центральные и местные исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы" заменить словами "центральные исполнительные органы или исполнительные органы, финансируемые из местного бюджета, уполномоченные акиматом на осуществление отдельных функций местного государственного управления";
      в пункте 6:
      абзац второй изложить в следующей редакции:
      "В заключении государственного органа должно быть указано государственное учреждение или государственное предприятие (далее - государственное юридическое лицо), за которым предполагается закрепление указанного имущества, с учетом установленных нормативов и лимитов положенности имущества, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, а также финансовые затраты по содержанию и эксплуатации принимаемого имущества.";
      дополнить абзацем следующего содержания:
      "Определение собственником имущества, передаваемого в государственную собственность, конкретного государственного юридического лица для передачи данного имущества не является обязательным для исполнения Уполномоченным органом или акиматом.";
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. В случае целесообразности решение о принятии имущества в республиканскую собственность принимается:
      1) при стоимости имущества юридических и физических лиц более 30000-кратного размера месячного расчетного показателя - Правительством Республики Казахстан, по представлению уполномоченного органа;
      2) при стоимости имущества юридических и физических лиц менее 30000-кратного размера месячного расчетного показателя - уполномоченным органом.
      Решение о принятии имущества в коммунальную собственность принимается акиматом.";
      пункт 14 исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов