Алматы облысының бюджетіне үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1271 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының бюджетіне үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Алматы облысының әкімдігімен кредиттік шарт жасасуды;
      2) кредиттің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Алматы облысының әкімдігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредитті игеру туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1271 қаулысымен  
бекітілген     

Алматы облысының бюджетіне үлескерлердің қатысуымен салынып
жатқан тұрғын үй кешенін салуға кредит беру шарттары

      1. Алматы облысының әкімдігі (бұдан әрі - қарыз алушы) Алматы облысының мәслихаты 2010 жылға арналған облыстық бюджетте тиісті түсімдерді көздейтін шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредит беруші) Алматы облысы мәслихатының көрсетілген шешімін ұсынсын.
      2. Кредит беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттың 1-тармағы орындалғаннан кейін «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысының 38-қосымшасына сәйкес кредиттік шарт жасасу арқылы қарыз алушыға жалпы сомасы 5700000000 (бес миллиард жеті жүз миллион) теңгеге бюджеттік кредит (бұдан әрі - кредит) берсін.
      3. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай негізгі шарттары белгіленсін:
      1) «Премьера» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға қарыз алушыға кредит сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша 10 (он) жыл мерзімге теңгемен беріледі;
      2) кредитті игеру кезеңі кредит берушінің шотынан кредит аударылған сәттен бастап есептеледі және 2013 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
      4. Кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении Условий кредитования бюджета Алматинской области на строительство жилого комплекса, строящегося с участием дольщиков

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года № 1271

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Условия кредитования бюджета Алматинской области на строительство жилого комплекса, строящегося с участием дольщиков.
      2.  Министерству финансов Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитного договора с акиматом Алматинской области;
      2) контроль за целевым использованием и своевременным возвратом кредита в республиканский бюджет.
      3. Акимату Алматинской области ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредита в Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства и Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Kазахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 29 ноября 2010 года № 1271

Условия
кредитования бюджета Алматинской области на строительство
жилого комплекса, строящегося с участием дольщиков

      1. Акимату Алматинской области (далее - заемщик) в течении десяти календарных дней после принятия маслихатом Алматинской области решения, предусматривающего в областном бюджете на 2010 год соответствующие поступления, представить указанное решение маслихата Алматинской области в Министерство финансов Республики Казахстан (далее - кредитор).
      2. Кредитору в соответствии с законодательством Республики Казахстан после выполнения пункта 1 настоящих Условий предоставить заемщику бюджетный кредит на общую сумму 5700000000 (пять миллиардов семьсот миллионов) тенге (далее - кредит) посредством заключения кредитного договора согласно приложению 38 постановления Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010 - 2012 годы".
      3. Установить следующие основные условия предоставления кредита заемщику:
      1) кредит предоставляется заемщику в тенге сроком на 10 (десять) лет по нулевой ставке вознаграждения (интереса) на завершение строительства жилого комплекса "Премьера";
      2) период освоения кредита исчисляется с момента перечисления кредита со счета кредитора и заканчивается 25 декабря 2013 года.
      4. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре.