Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына
мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы
қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы
құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) өзектендіру қажеттілігін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 3-бабы, 6-бабының екінші және төртінші абзацтары «еркін айырбасталатын валютада» деген сөздерден кейін «және (немесе) Ресей Федерациясының рублінде» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
__________ қаласында 20 __ жылғы «__» __________ орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол оның расталған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін