Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:
2) тармақшадағы "томографияны," деген сөзден кейін "позитрондық-эмиссиялық томографияны, бір фотондық эмиссиялық компьютерлік томографияны," деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада "хирургиялық," деген сөзден кейін "экстракорпоралдық ұрықтандыруды қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада ", сондай-ақ тіс-жақ аномалияларын жою үшін аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) анамнезінде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерін құю бар қан ауруларымен, қатерлі ісіктермен ауыратын гемодиализдегі балаларды "В" және "С" вирусты гепатиттеріне диагностикалауға скринингтік зерттеулер (иммундық ферменттік талдау, полимераздық тізбектік реакция) жүргізу;
12) анамнезінде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерін құю бар қан ауруларымен, қатерлі ісіктермен ауыратын гемодиализдегі ересектерді, сондай-ақ "В" және "С" вирусты гепатиттерін жұқтырудың жоғары қаупі бар медицина қызметкерлерін "В" және "С" вирусты гепатиттеріне диагностикалауға скринингтік зерттеулер (иммундық ферменттік талдау, полимераздық тізбектік реакция) жүргізу;
13) әлеуметтік-психологиялық консультация беру.";
бірінші абзацтағы "стационарлық көмек" деген сөздердің алдынан "уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша "тамақтануды" деген сөзден кейін ", оның ішінде бір жасқа дейінгі баланы емізетін ананы балаға күтім жасау бойынша медициналық ұйымда болуының барлық кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 1-тармақтың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы және сегізінші абзацтарын және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тоғызыншы абзацты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |