Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1374 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 492 қаулысымен

            Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 492 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 474 бұйрығын қараңыз.
      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы бекітілсін.
      2. "Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік теңгерімге енгізу және оларды мемлекеттік теңгерімнен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 762 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 322-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Премьер-Министрі
К. Мәсімов

      

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1374 қаулысымен
бекітілген

Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды
мемлекеттік баланстан шығару қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару тәртібін белгілейді.
      2. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді.

2. Мемлекеттік балансқа қосу тәртібі

      3. Мемлекеттік балансқа мыналар енгізіледі:
      уәкілетті орган бекіткен, Қазақстан Республикасының жер қойнауында барланған пайдалы қазбалардың барлық түрлерінің қорлары;
      бұрынғы КСРО-ның Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар жөніндегі аумақтық комиссиялар бұрын бекіткен пайдалы қазбалардың қорлары;
      кен орындарын пайдалану кезінде жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіру мен олардың шығындарының деректері.
      4. Мемлекеттік баланс коммерциялық табулар бойынша пайдалы қазбалардың әрбір түрі қорларының мөлшері, сапасы мен зерттелу дәрежесі туралы, оларды орналастыру туралы, өнеркәсіптік игеру дәрежесі, өндірілуі, шығындары және өнеркәсіптің пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      5. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа енгізу үшін негіз болып табылады.
      Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, онда пайдалы қазбалар қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу туралы, қатты пайдалы қазбалардың көлемі мен оларды тәжірибелік пайдалану мерзімі туралы, пайдалы қазбалар мен олардың компоненттерін алудың коэффициенттері туралы, пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару туралы, өнеркәсіптік, ғылыми және өзге де мақсаттарда жер қойнауы туралы ақпаратты қолдану мүмкіндігі туралы деректер көрініс табады.
      6. Мемлекеттік балансқа енгізілетін пайдалы қазбалар қорлары:
      алдыңғы жылдың қорлары;
      есепті жылы жер қойнауынан өндірілген;
      есепті жылы өндіру үдерісінде шығынға ұшыраған;
      балансты жасау күніндегі қорлар болып бөлінеді.
      Кейінгі геологиялық барлау жұмыстары (барлау, қайта бағалау, қорларды есептен шығару, техникалық шекараларды өзгерту) мен пайдалану кезінде пайдалы қазбалардың қорларынан ауытқу қосу және азайту белгісімен қамтылады.
      7. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептілікті уәкілетті органның өңіраралық департаменттеріне (бұдан әрі - ӨД) жыл сайын, есепті тоқсаннан кейінгі жылғы 15 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен арнайы нысандар бойынша ұсынады.
      8. ӨД арнайы нысандардың негізінде облыстар бойынша пайдалы қазбалар қорларының балансын жасайды және мемлекеттік балансқа қосу үшін есепті жылдан кейінгі жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.
      9. Уәкілетті орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде ӨД ұсынған пайдалы қазбалар қорларының балансы негізінде пайдалы қазбалардың түрлері бойынша мемлекеттік балансты жасайды.
      10. Мемлекеттік баланс индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жасалады.

3. Мемлекеттік баланстан шығару тәртібі

      11. Өндірілген, сондай-ақ өндіру үдерісінде шығынға ұшыраған пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару бастапқы есепке алу материалдарына негізделген жер қойнауының жай-күйі туралы жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын Геологиялық есептіліктің арнайы нысандары (бұдан әрі - арнайы нысандар) негізінде оларды толық есептен шығару жолымен жүргізіледі.
      12. Одан әрі геологиялық барлау жұмыстарының үдерісінде не санаттардың сенімділік дәрежесінің нормативтік қателіктері шегінде пайдалы қазбалардың баланстық қорларының әр алуан расталмауын жер қойнауын пайдаланушы дербес ресімдейді, ал нормативтік қателіктерден артып кететін минус белгісі бар қорлар расталмаған жағдайда жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы болған кезде мемлекеттік балансқа түзетулер енгізуге жол беріледі.
      13. Жаңадан белгіленген кондицияларға сәйкес келмеуіне байланысты өнеркәсіптік маңызын жойған, техникалық-экономикалық немесе тау-кен техникалық себептері бойынша жұмыспен өтеуге орынсыз, кейіннен геологиялық барлау жұмыстары мен жұмыспен өтеу кезінде нормативтік қателіктердің расталмауы артып кететін пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы негізінде жүзеге асырылады.
      14. Пайдаланылуы бекітілген кондицияларға сәйкес қазіргі уақытта экономикалық орынсыз немесе техникалық әрі технологиялық жағынан мүмкін емес, бірақ одан әрі баланстыққа ауыстырылуы мүмкін өндіруші кәсіпорындарды жою немесе консервациялау кезінде пайдалы қазбалардың жұмыспен өтелген баланстық қорларын есептен шығару немесе оларды баланстан тыс қорлардың тобына ауыстыру жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил включения запасов полезных ископаемых в государственный баланс и их списания с государственного баланса

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2010 года № 1374. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 492

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.08.2016 № 492 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию РК от 21.04.2015 г. № 474.


      В соответствии с подпунктом 39) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Правила включения запасов полезных ископаемых в государственный баланс и их списания с государственного баланса.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 14 августа 2006 года № 762 "Об утверждении Правил включения запасов полезных ископаемых в государственный баланс и их списания с государственного баланса" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 30, ст. 323).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 20 декабря 2010 года № 1374

Правила
включения запасов полезных ископаемых в государственный баланс
и их списания с государственного баланса

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила включения запасов полезных ископаемых в государственный баланс и их списания с государственного баланса (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 39) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" и устанавливают порядок включения запасов полезных ископаемых в государственный баланс и их списания с государственного баланса.
      2. Уполномоченный орган по изучению и использованию недр (далее - уполномоченный орган) организует составление и ведет государственный баланс запасов полезных ископаемых.

2. Порядок включения в государственный баланс

      3. В государственный баланс включаются:
      разведанные в недрах Республики Казахстан запасы всех видов полезных ископаемых, утвержденные уполномоченным органом;
      запасы полезных ископаемых, ранее утвержденные Государственной комиссией по запасам полезных ископаемых бывшего СССР и территориальными комиссиями по запасам полезных ископаемых;
      данные добычи и потерь полезных ископаемых в недрах при эксплуатации месторождений.
      4. Государственный баланс должен содержать сведения о количестве, качестве и степени изученности запасов каждого вида полезных ископаемых по коммерческим обнаружениям, об их размещении, о степени промышленного освоения, добыче, потерях и об обеспеченности промышленности разведанными запасами полезных ископаемых.
      5. Основанием для включения в государственный баланс запасов полезных ископаемых является положительное заключение государственной экспертизы недр.
      Результаты государственной экспертизы недр оформляются протоколом, в котором отражаются данные об утверждении запасов полезных ископаемых, о распределении запасов по категориям, об объемах и сроках опытной эксплуатации твердых полезных ископаемых, о коэффициентах извлечения полезных ископаемых и компонентов, о списании запасов полезных ископаемых, о возможности применения информации о недрах в промышленности, научных и иных целях.
      6. Запасы полезных ископаемых, включаемые в государственный баланс подразделяются на:
      запасы предыдущего года;
      добытые из недр в отчетном году;
      потерянные в процессе добычи в отчетном году;
      запасы на дату составления баланса.
      Отклонения от утвержденных запасов полезных ископаемых при последующих геологоразведочных работах (разведки, переоценки, списания запасов, изменения технических границ) и эксплуатации включаются со знаком плюс или минус.
      7. Геологическая отчетность о состоянии недр предоставляется недропользователями в межрегиональные департаменты уполномоченного органа (далее - МД) ежегодно до 15 февраля года, следующего за отчетным, по специальным формам, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      8. На основании специальных форм МД составляются балансы запасов полезных ископаемых по областям и представляются в срок до 1 мая года, следующего за отчетным, в уполномоченный орган для включения в государственный баланс.
      9. Государственный баланс по видам полезных ископаемых составляется уполномоченным органом ежегодно в срок до 1 июля года, следующего за отчетным, на основании балансов запасов полезных ископаемых, представленных МД.
      10. Государственный баланс составляется в соответствии с Инструкцией по составлению государственного баланса запасов полезных ископаемых, утверждаемой уполномоченным органом в области регулирования индустриальной политики.

3. Порядок списания с государственного баланса

      11. Списание добытых, а также потерянных в процессе добычи запасов полезных ископаемых производится путем полного снятия их с учета на основании Специальных форм геологической отчетности, представляемой недропользователями о состоянии недр, базирующейся на материалах первичного учета (далее - специальные формы).
      12. Разнозначное не подтверждение балансовых запасов полезных ископаемых в процессе дальнейших геологоразведочных работ, либо эксплуатации, в пределах нормативных погрешностей степени надежности категорий, оформляется недропользователем самостоятельно, а в случае не подтверждения запасов со знаком минус, превышающем нормативные погрешности, внесение поправок в государственный баланс допускается при наличии положительного заключения государственной экспертизы недр.
      13. Списание запасов полезных ископаемых, утративших промышленное значение в связи с несоответствием вновь установленным кондициям, нецелесообразных к отработке по технико-экономическим или горнотехническим причинам, превышающих нормативные погрешности не подтверждения при последующих геологоразведочных работах и отработке, осуществляется на основании государственной экспертизы недр.
      14. При ликвидации или консервации добывающего предприятия списание отработанных балансовых запасов полезных ископаемых или перевод их в группу забалансовых запасов, использование которых согласно утвержденным кондициям в настоящее время экономически нецелесообразно или технически и технологически невозможно, но которые могут быть в дальнейшем переведены в балансовые, осуществляется на основании положительного заключения государственной экспертизы недр.