Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына кредит беру шарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1377 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кейіннен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ҚТҚЖБ» АҚ) 15163000000 (он бес миллиард бір жүз алпыс үш миллион) теңге мөлшерінде кредит беру үшін 051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген бюджеттік кредит берілсін.
      2. «ҚТҚЖБ» АҚ-на кредит беру үшін қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 8-бабына сәйкес анықталған азаматтардың санаттарына жылдық 4 (төрт) пайыз сыйақы ставкасы бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру кредиттің мақсаты болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызға тең жылдық сыйақы ставкасы бойынша 11 (он бір) жыл мерзімге беріледі;
      3) «ҚТҚЖБ» АҚ үшін сыйақы ставкасы жылдық 1 (бір) пайыздан аспауға тиіс;
      4) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген кредит мерзімі аяқталған соң бір мезгілде жүзеге асырады;
      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу қарыз алушыға кредит бөлінген сәттен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;
      6) игеру кезеңі кредит алушының шотына аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - кредит беруші), Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - әкімші) және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
      4. Кредит қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуінсіз бөлінеді.
      5. Кредит беруші мен әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды қамтамасыз етсін.
      6. Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен кредиттің мақсатты және тиімді жұмсалуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Об определении условий предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" для обеспечения конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики и условий предоставления кредита акционерному обществу "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2010 года № 1377

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Предоставить акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" (далее - заемщик) в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2010 года "О корректировке показателей республиканского бюджета на 2010 год" бюджетный кредит, предусмотренный по бюджетной программе 051 "Кредитование АО "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" для обеспечения конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики", для последующего кредитования акционерного общества "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" (далее - АО "ЖССБК") в размере 15163000000 (пятнадцать миллиардов сто шестьдесят три миллиона) тенге.
      2. Определить следующие условия предоставления кредита заемщику для кредитования АО "ЖССБК":
      1) целью кредита является предоставление предварительных и промежуточных жилищных займов категориям граждан, определенных в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О жилищных строительных сбережениях в Республике Казахстан" от 7 декабря 2000 года, по ставке вознаграждения 4 (четыре) процента годовых;
      2) кредит предоставляется на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 11 (одиннадцать) лет по ставке вознаграждения, равной 0,5 (ноль целых пять десятых) процента годовых;
      3) ставка вознаграждения для АО "ЖССБК" не должна превышать 1 (один) процента годовых;
      4) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком единовременно по истечении срока кредита, указанного в подпункте 2) настоящего пункта;
      5) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с полугодовой периодичностью. Первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 6 (шесть) месяцев с момента выделения кредита заемщику;
      6) период освоения для заемщика составляет 3 (три) года со дня перечисления кредита на счет заемщика.
      3. Сторонами кредитного договора являются Министерство финансов Республики Казахстан (далее - кредитор), Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан (далее - администратор) и заемщик.
      4. Кредит выделяется без предоставления заемщиком обеспечения обязательств.
      5. Кредитору и администратору в установленном законодательством порядке обеспечить заключение кредитного договора, указанного в пункте 3 настоящего постановления.
      6. Администратору в установленном законодательством порядке обеспечить контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания кредита.
      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов