2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1415 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін алушылардың барлығына, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін отыз пайызға арттыру жүргізілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2011 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2010 года № 1415

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. С 1 января 2011 года произвести повышение размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий, назначенных до 1 января 2011 года, всем получателям пенсионных выплат, в том числе получателям пенсионных выплат за выслугу лет военнослужащим, сотрудникам органов внутренних дел и Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, органов финансовой полиции и государственной противопожарной службы, которым присвоены специальные звания и на которых распространяется порядок, установленный законодательством Республики Казахстан для сотрудников органов внутренних дел, на тридцать процентов от размера получаемых пенсионных выплат.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2011 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов