Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «ATM Group Uluslaraasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының банктік қарызы үшін «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының мүліктік кешені мен акцияларына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ақтау әуежайының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаның іске асырылуын және қарыз қаражатының нысаналы жұмсалуын тиісті бақылауды жүргізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов