Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің он жетінші абзацында «; Астана қаласының Сарыарқа ауданында «Нұрбесік» шағын ауданы құрылысының жобасы әзірленді» деген сөздер алынып тасталсын;
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 5.3.3-кіші бөлімде:
екінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
алтыншы абзац «органдарға» деген сөзден кейін «тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыру үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сонымен бір мезгілде жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй құрылысына тапсырыс беруші өкілеттігін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (бұдан әрі - ӘКК) жүктей алады.»;
оныншы абзацтағы «ӘКК» деген аббревиатура «жергілікті атқарушы органдар (ӘКК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бағдарламаға қатысушы:
«ҚТҚЖБ» АҚ-мен тұрғын үй сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы 5,5 жылдың ішінде жинақтау жөнінде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасады;
қажетті сома жинақталғаннан кейін тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 %-бен қарыз алу үшін құжаттарын «ҚТҚЖБ» АҚ-ға ұсынады;
2) «ҚТКДБ» АҚ:
Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы 5,5 жылдың ішінде жинақтау жөнінде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасады;
қажетті сома жинақталғаннан кейін Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 %-бен 10 жылға қарыз береді;
Бағдарламаға қатысушымен қарыз алу шартын жасасқаннан кейін тұрғын үйдің құнына тең мөлшердегі қаражатты жергілікті атқарушы органның (ӘКК) шотына аударады;
3) жергілікті атқарушы орган (ӘКК):
Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үй салуға және/немесе сатып алуға шарт жасасады;
құрылыс салушыны тарта отырып, Бағдарламаға қатысушы үшін тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды қамтамасыз етеді;
егер тұрғын үйді салу және/немесе сатып алу мерзімі шарт бойынша қаражат жинақтау мерзімі аяқталған күннен бұрын келсе, онда жергілікті атқарушы органдар (ӘКК) Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үйді жинақтау кезеңі мерзіміне жалға береді;
«ҚТҚЖБ» АҚ-дан Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй сатып алуға банктік қарыз алуға қажетті соманы жинағаны және банктік қарызды беру мүмкіндігі туралы ақпарат алғаннан кейін Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді сатып алу-сату шартын ресімдейді.»;
он жетінші абзац алынып тасталсын;
«Қоныс аударуды және алғашқы бейімдеуді ұйымдастыру» деген 5.5.2-кіші бөлімнің 3) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары алынып тасталсын;
«2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 15, 17 және 18-жолдардағы «Степногор қаласының Қарабұлақ ауылында» деген сөздер «Степногор қаласында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 213-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесінде:
2-тармақта:
1), 7-2) тармақшалардағы «облыстың» деген сөзден кейін «(облыстық маңызы бар қаланың, ауданның)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-1) тармақшадағы «Бәйтерек ауылында» деген сөздерден кейін «тұрғын үй салу, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын және «Асар» шағын тұрғын үй салу» деген сөздер «Асар» шағын ауданында тұрғын үй сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 4, 8-тармақта «Степногор қаласының Қарабұлақ ауылында» деген сөздер «Степногор қаласында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3, 6-тармақтардағы, 7-тармақтың бірінші абзацындағы, 9, 14, 15, 18-тармақтардағы «облыстың» деген сөздерден кейін «(облыстық маңызы бар қаланың, ауданның)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы жер учаскесіне мемлекеттік актінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.»;
6-тармақтағы «сондай-ақ қаланың, ауданның уәкілетті органдары жасаған» деген сөздер алынып тасталсын;
8-1-тармақта:
жетінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы 2010 жылы:
Бағдарламаға қатысушымен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы тұрғын үйді жер учаскесімен бірге сатып алуға екі жақты шарт жасасады;
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үй салу үшін құрылыс салушы компаниялардың арасында конкурс өткізеді.»;
11-тармақтың 1) тармақшасындағы екінші абзац алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін немесе сатып алынғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тұрғын үйдің құны туралы ақпаратты және тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау жөнінде міндеттеме-шарт жасасқан Бағдарламаға қатысушылардың тізімін Банкке жібереді.»;
19 және 22-тармақтардағы «салынған (қайта жаңартылған)» деген сөздерден кейін «немесе сатып алынған» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Банк Бағдарламаға қатысушымен кепілді қамтамасыз етуді ресімдеген және жылдық 4,5 %-бен банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрғын үйдің құнына тең мөлшердегі қаражатты ӘКК немесе бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының шотына аударады.»;
25-тармақта:
екінші абзац алынып тасталсын;
үшінші абзацта «тұрғын үй мен жылыжайды кепіл ретінде» деген сөздер «тұрғын үйді кепіл ретінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй комиссиясынан алынған тізімнің негізінде, он жұмыс күні ішінде әрбір Бағдарламаға қатысушымен екі жақты шарт жасасады, онда:
1) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй қарызын aлу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында тұрғын үйді 5,5 жылдан асырмай бергеннен кейін Банктегі шотта қаражат жинақтауды жүзеге асыру туралы Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасасу;
2) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үйді жер учаскесімен бірге сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
екі жақты шартқа қол қойған Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үйді жер учаскесімен бірге құрылыс салушы компаниядан сатып алынған тұрғын үйдің құнына тең құнға беру міндеті көзделеді.»;
40-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов