Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімге қол қою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 445 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықта агроөнеркәсіптік
кешендерде пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникасының,
машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік
құралдарының халықаралық лизингін дамыту туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,
1999 жылғы 26 ақпандағы Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ немесе Қауымдастық) бекіту туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып,
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 204 шешімімен бекітілген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік саясатының тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып,
мынадай келісілген саясатты жүргізуге ұмтыла отырып:
Қауымдастық мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік кешендерінің техникалық жарақтандырылу деңгейін арттыру;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының өндірісін дамыту;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін дамыту;
Қауымдастық мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің және тұтастай алғанда Қауымдастықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін ұлғайту;
Қауымдастықта агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингі субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін қалыптастыру;
Қауымдастық мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік кешендеріне инвестициялар тарту мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаты үшін келесі ұғымдар пайдаланылады:
лизинг шарты - лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен лизинг затын лизинг алушы анықтаған сатушыдан (жеткізушіден) меншігіне алуға және бұл затты шарт талаптарымен айқындалған ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға лизинг алушыға беруге міндеттенетін шарт. Лизинг шартында сатушыны (жеткізушіні) және лизинг затын таңдауды лизинг берушінің жүзеге асыруы көзделуі мүмкін;
лизинг - лизинг шартын іске асыруға, соның ішінде лизинг затын сатып алуға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығы;
сублизинг - лизинг алушы лизинг берушіден лизинг шарты бойынша алынған және лизинг затын құрайтын мүлік сублизингін шарт талаптарына сәйкес үшінші тұлғаға иеленуге және пайдалануға белгілі мерзімге ақыға беретін лизинг шартының түрі. Бұл ретте лизинг шарты бойынша лизинг алушы сублизинг алушыға қатысты сублизинг шарты бойынша лизингке берушінің құқығын ала отырып, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында және шартта белгіленген тәртіппен және талаптар ескеріліп, лизингке беруші алдында лизинг шартымен көзделген міндеттемелер мен жауапкершіліктен босатылмайды;
лизингтік қызмет - лизинг берушінің лизинг затын сатып алу үшін және оны лизинг алушыға лизинг шарты бойынша өзінің және/немесе тартылған қаражатты (инвестицияларды) салуға байланысты инвестициялық/кәсіпкерлік қызметтің түрі;
лизинг беруші - меншігіне мүлік сатып алушы және оны лизинг заты ретінде лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және лизинг шарттарының мерзімі біткен соң лизинг затын уақытша пайдалану үшін және лизинг алушыға меншік құқығына өтуге немесе өтпей қолдануға лизинг шартының талаптарында белгіленген жеке (егер Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделсе) немесе заңды тұлға;
лизинг алушы - белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, лизинг шартымен белгіленген талаптарда лизинг затын, уақытша иелену және пайдалану үшін қабылдауға міндеттенетін жеке немесе заңды тұлға;
резидент - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес резидент мәртебесі бар жеке немесе заңды тұлға;
резидент емес - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес резидент мәртебесі жоқ жеке немесе заңды тұлға;
халықаралық лизинг - лизинг шарттарын іске асыруға байланысты лизингтің түрі, онда лизинг беруші мен лизинг алушы Тараптар әр түрлі мемлекеттерінің резиденттері болып табылады;
лизинг заты - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының барлық түрлері;
сатушы (жеткізуші) - лизинг берушімен жасалған сатып алу-сату (жеткізуші) шартының талаптарына сәйкес лизинг заты болып табылатын мүлікті келісілген мерзімге лизинг берушіге меншікке беретін жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (жеткізуші) бір лизингтік құқықтық қатынас шегінде бір уақытта лизингке алушы ретінде әрекет етеді.
2-бап
Осы Келісімде белгіленетін талаптарды ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендерде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникасының, машиналарының, тетіктерінің, жабдықтары мен көлік құралдарының халықаралық лизингін (сублизинг) дамыту үшін Тараптар қолданады.
3-бап
Тараптар халықаралық құқық нормаларымен Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен қамтамасыз етілетін халықаралық лизингтің субъектілеріне өз мемлекеттерінің аумақтарында құқығы мен мүдделерін қорғауға кепілдік береді.
Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес меншікке (халықаралық лизингтің заттарына) қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді және халықаралық лизингті дамыту үшін коммерциялық құрылымдар, банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының қаражатын жұмылдыруды өз мемлекеттерінің заңнамасында көзделген шеңберде көтермелейді.
4-бап
Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің заңнамаларына сәйкес қажеттілікке байланысты, халықаралық лизинг шарттары бойынша лизинг төлемдерін төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу үшін өздерінің резидент-лизинг алушыларына бюджет қаражатын бөлу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Халықаралық лизинг шарттары бойынша лизинг төлемдерін төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу үшін бюджет қаражатын беру тәртібін Тарап айқындайды.
Лизинг затын шығаратын ел халықаралық лизинг шарттары бойынша лизинг төлемдерін төлеуге шығындардың бір бөлігін өтеу үшін өздерінің резидент-лизинг алушыларына бюджет қаражатын бөлу туралы Тараптың шешім қабылдауы үшін немесе бірнеше шарттардың бірі бола алмайды.
5-бап
Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көзделген шеңберде лизинг берушілерге (лизинг алушыларға) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне халықаралық лизинг шарттары бойынша жеткізілетін ауыл шаруашылығы техникасына, машиналарына, тетіктеріне, жабдықтар мен көлік құралдарына қызмет көрсету мен жөндеу жөнінде қызметтер көрсететін сервистік орталықтарды құруға және дамытуға жәрдемдеседі.
6-бап
Сатушы мүлікті жеткізген сәттен бастап лизинг шартының мерзімі аяқталғанға дейін, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, лизинг заты жоғалудан (апаттан), жеткіліксіз болудан немесе бұзылу қауіптерінен сақтандырылуы мүмкін. Сақтандырушы және пайда алушылар ретінде әрекет ететін Тараптар сондай-ақ лизинг затын сақтандыру кезеңі лизинг шартымен белгіленеді.
7-бап
Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары және міндеттемелерін қозғамайды.
8-бап
Тараптардың өзара келісуімен осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар бөлек хаттамалармен рәсімделеді.
9-бап
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасында даулар, бірінші кезекте консультация мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Егер дау бір Тараптан екінші Тарапқа консультациялар және/немесе келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініш жіберген күннен бастап алты ай ішінде реттелмесе, онда олармен оны шешудің басқа әдістері келісілмеген жағдайда, кез келген дауды Тарап Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына дауды қарастыру үшін тапсыра алады.
10-бап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕурАзЭҚ мүшелігіне қабылданған басқа мемлекеттердің қосылу үшін ашық. Осы Келісімге қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады.
Қосылған мемлекеттерге қатысты осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжат алған күннен бастап күшіне енеді.
11-бап
Әрбір Тарап осы Келісімнен, оның қолданысының тиісті бесжылдық кезеңінің соңына дейін 6 айдан кешіктірмей бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, шыға алады.
12-бап
Осы Келісім Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті болып табылатын депозитарий Тараптардың күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзім өткен соң, егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, Келісім келесі бесжылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
2010 жылы «__» _______ _________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінде сақталады, ол қол қойған Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасының Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін