Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 193-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес 002 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша ұсынылған бюджеттік кредиттер:
1) Астана қаласының жергілікті атқарушы органына мерзімі өтіп кеткені үшін есептелген айыппұлды капиталдандырумен негізгі борышты ай сайын өтеу мерзімін 2013 жылғы 25 желтоқсанға дейін ұзарту арқылы;
2) Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына мерзімі өтіп кеткені үшін есептелген айыппұлды капиталдандырумен негізгі борышты біржолғы өтеу мерзімін 2012 жылғы 25 желтоқсанға дейін ұзарту арқылы қайта құрылымдалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті қосымша келісімдердің жасалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов