2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкінің жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Еуразия даму банкі Кеңесінің Игорь Валентинович Финогеновті Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы етіп тағайындау туралы шешімін қабылдау жөнінде дауыс беруге өкілеттік берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов