Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қою туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа Қазақстан Республикасының атынан Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы «__» ________
№ ____ Жарлығымен
мақұлданған
Жоба
Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан
Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық
Азия университетін құру жөніндегі шартқа
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы және Исмаилиттер имаматы (бұдан әрі - «Тараптар» деп аталады),
экономикалық, әлеуметтік және мәдени бастамаларға жәрдемдесу, білім беруді дамытуға және ұжымдық оқыту тәжірибесін тиімді таратуға жәрдемдесу мақсатында,
2000 жылғы 31 тамыздағы Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі шартқа (бұдан әрі - Құрылтай шарты) сәйкес құрылған Орталық Азия университеті сияқты білім беру ұйымдары мен мекемелері рөлінің маңыздылығын назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Орталық Азия университеті Қазақстан Республикасы Құрылтай шартын ратификациялаған күннен бастап білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті объектілерді орналастыру үшін берілетін Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскелері бойынша ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын бюджет кірісіне өтеуден босатылады.
2-бап
Осы Хаттама Құрылтай шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
3-бап
Осы Хаттама Исмаилиттер имаматы Қазақстан Республикасының оны ратификациялағаны туралы қазақстандық Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді.
4-бап
Осы Хаттама екі данада, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасынан Исмаилиттер имаматынан
_______________ қаласы _______________ қаласы
Күні _________________ Күні _________________