«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Алматыжылукоммунэнерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) саны 652014 (алты жүз елу екі мың он төрт) дана 652014000 (алты жүз елу екі миллион он төрт мың) теңге сомасына мәжбүрлеп шығарылатын билік етуі шектелген жарияланған акцияларын мемлекеттің меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;
2) акцияларға мемлекеттік меншік-құқықтарын қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тіркеуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қоғамның алынған акцияларын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берсін.
3. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов