"Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 634 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 маусымдағы
№ 634 қаулысымен
бекітілген

"Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бензин телімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Техникалық регламент тізбесі бірыңғай Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) кодтарына сәйкес Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген бензиндерге арналған телімдерге қолданылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, оның ішінде әкелінетін (импортталатын) бензиндерге арналған телімдер Техникалық регламенттің шарттарына сәйкес болуы тиіс.

      3. Техникалық регламент бензиндерге арналған телімдердің бүкіл тіршілік цикліне ең төменгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

      4. Бензиндерге арналған телімдерді сәйкестендіру жиынтығында сәйкестендіруге жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттары, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары КО СЭҚ ТН кодтарын қолдану жолымен жүргізіледі.

      5. Бензиндерге арналған телімдердің мынадай негізгі топтары бар:

      1) бензиннің энергетикалық қасиеттерін және олардың қозғалтқыштарда оның жағылу процесін жақсартатын телімдер: бензиндерге арналған антидетонаторлар; орташа дистиллянттық және қалдық бензиндердің жағылу процесін жақсартатын орташа дистиллянттық бензиннің толық жағылуын арттыратын, қалдық бензин жағылған кезде шөгінділердің санын азайтатын (атмосфераға зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтатын) телімдер, түтінге қарсы телімдер, бензиннің өздігінен тұтануын кідірту кезеңін азайтуға арналған телімдер);

      2) Бензиндерді сақтау, тасымалдау және қозғалтқыштарда пайдалану кезінде оның қасиеттерін сақтауға ықпал ететін; антитотықтырғыш; металдардың деактиваторы; диспергирлеуші телімдер;

      3) бензиннің отын аппаратурасына, құбырға және ыдысқа зиянды әсерін болдырмайтын; сондай-ақ тозуға қарсы және коррозияға қарсы телімдер;

      4) әртүрлі мақсаттағы телімдер: бензиннің электр өткізгіштігін арттыратын (антистатистикалық) телімдер, биоцидтер, бояғыш заттар, коагулянттар, қозғалтқыштар бөлшектерінің жұмыс істеуін жеделдетуге арналған телімдер және т.б.

      6. Бензиндерге арналған телімдердің тіршілік циклі процесіндегі негізгі жол беруге болмайтын қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар болып табылады:

      1) қоршаған ортаның жоғарылаған немесе төмендеген температурасы;

      2) тасымалдау кезінде жүктің әркелкі бөлінуі;

      3) артық жылу бөліне жүретін қауіпті пайдалану үдерістері;

      4) бензинге арналған телімдердің орамына немесе ыдысына қысым түсірілетін қауіпті пайдалану үдерістері;

      5) бензинге арналған телімдердің ауыз суға түсуі;

      6) бензинге арналған телімдердің адамның асқазан-ішек жолдарына, ас қорыту, шырышты қабықшасына немесе тыныс жолдарына түсуі.

      7. Техникалық регламент дизель, авиация отындарының, жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарға арналған телімдерге талаптар белгілемейді.

2. Терминдер мен анықтамалар

      8. Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген терминдер мен анықтамалар қолданылады, сондай-ақ келесі:

      бензинге арналған телімдер — бензинге оның пайдалану қасиеттерін жақсарту үшін қосылатын зат.

3. Қазақстан Республикасының аумағында бензинге арналған
телімдер айналымының шарттары

      9. Бензинге арналған телімдер, Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      10. Бензинге арналған телімдер, егер олар адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіп туғызбағанда ғана нарыққа жеткізіліп сатылуы мүмкін.

      11. Тұтынушының сұрауы бойынша оған бензиндерге арналған телімдер және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға оның қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғану шаралары туралы қосымша ақпарат берілуі тиіс.

      12. Бензиндерге арналған телімдер ілеспе құжаттар жіктелуі және қауіптілік тәуекелін төмендетуге арналған сақтық шаралар туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

      13. Бензинге арналған телімдердің ескертуші және сәйкестендіруші таңбалануы мәтін, символдар түрінде беріледі.

4. Бензинге арналған телімдердің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар

      14. Бензинге арналған телімдер осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс.

      15. Құрамында металдары бар (қорғасын, марганец, мыс және темір) бензиндерге арналған телімдердің қолданылуына жол берілмейді.

5. Бензинге арналған телімдерді таңбалауға қойылатын талаптар

      16. Тұтынушылар ыдысына қағаз затбелгі желімденуі немесе мыналарды қамтитын жазу жазылуы тиіс:

      1) бензинге арналған телімнің атауы;

      2) нормативтік құжаттың белгісі;

      3) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;

      4) таза салмағы немесе көлемі;

      5) бензинге арналған телімдердің дайындалған күні (жылы мен айы);

      6) сақтау мерзімі;

      7) партияның нөмірі.

      17. Жүктің таңбалануы Химиялық өнімдерді алдын ала таңбалау кезінде жазылатын қауіптіліктің стандартты белгілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тез тұтанғыш сұйықтар үшін - "От қауіпті", улы заттар үшін "Улы" деген жазулар жазылады.

      18. Бензинге арналған телімдер, бар көліктік ыдыстың әрбір бірлігінде сумен және мұнай өнімдерімен шайылмайтын, трафареттің немесе мөртабанның көмегімен бензинге арналған телімнің атауы мен дайындалған күнін қамтитын, басылған жазу жазылуы тиіс.

      19. Егер көліктік ыдыста көрсетілген жазуды жазу мүмкін болмаса, онда ыдысқа осы жазу бар жапсырмалар жапсырылады немесе мен затбелгі желімденеді.

      20. Тұтынушы ыдысына қойылған бензинге арналған телімдер жәшігіне мынадай деректерді қамтитын жапсырма салынады (немесе затбелгі жапсырылады):

      1) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісі;

      2) тұтыну ыдысының көлемі мен саны;

      3) ораушының нөмірі;

      4) құйылған күні.

      21. Көліктік ыдысқа көліктік таңбалау мен манипуляциялық белгілер және жүктің көліктік қауіптілігін сипаттайтын таңба жазылады.

      22. Бензиндерге арналған телімдердің әрбір партиясы сапасы туралы құжатпен ілесуі қажет.

6. Бензинге арналған телімдердің орамына қойылатын талаптар

      23. Бензинге арналған телімдерімен толтыруға арналған орам және ыдыс өнімнің қауіпсіз сақталуын, тасымалдануын және сатылуын қамтамасыз етуі тиіс.

      24. Бензиндерге арналған телімдермен толтыруға арналған ыдыс алдын ала тексерілуі тиіс. Ластанған жағдайда ыдысты ластар толық жойылғанға дейін ыстық сумен жуу немесе буландыру және құрғату қажет.

      25. Ыдысты толтыру дәрежесі толық көлемінің 95 %-нан аспауы тиіс.

      26. Тұтынушылардың талаптары бойынша металл бидондар мен банкалар (литографиялық жабыны барлардан басқа) консервациялық жағармаймен және майлармен барлық беткі қабаты майлануы тиіс.

      27. Толтырғаннан кейін ыдысты бетіндегі май және өзге де ластар толық жойылғанша (консервациялық жағармаймен бүркілген ыдысты қоспағанда) сүртіледі.

      28. Бензинге арналған телімдер бар көліктік ыдыс пломбалануы тиіс.

      29. Пакеттерді қалыптастыру пакеттеу және бекіту құралдарын пайдалана отырып, бір немесе бірнеше жүктерден тұратын және көлік-тиеу операцияларына, қоймаға қоюға және сақтауға дайындалған, нығайтылған жүк бірлігін құруды көздейді.

      30. Пакеттеу құралдары ретінде жазық тұғырықтар, арнайы тұғырықтар, төсемдер, бөренелер және басқа да пакеттеу құралдары пайдаланылады.

7. Бензинге арналған телімдерді тасымалдауға қойылатын
талаптар

      31. Бензинге арналған телімдер май-бензинге төзімді және буға төзімді қорғаныш жабыны бар, электр статикалық ұшқын қауіпсіздігінің талаптарын қанағаттандыратын цистерналарда тасымалданады.

      32. Цистерналардан бензинге арналған телімдер толық ағызып алынуы тиіс. Бұл ретте, төменгі ағызу құрылғысы жоқ цистерналарда 1 см аспайтын қалдыққа жол беріледі.

      33. Құюға дайындау үшін берілетін цистерналарда құйылған өнімнің атауын қамтитын ілеспе құжаты болуы тиіс. Көрсетілген құжат болмаған кезде құйылған өнімнің атауы цистернадан қалдықты талдаумен белгіленеді.

      34. Бензинге арналған телімдерді тасымалдау үшін пайдаланылатын доңғалақты бағыттардағы цистерналар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша белгіленген уақыт арқылы профилактикалық өңдеуден өткізілуі тиіс.

      35. Көліктік ыдысқа құйылған бензинге арналған телімдерді, жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес контейнерлерде немесе жабық көлік құралдарында көліктік пакеттермен тасымалдануы тиіс.

      36. Ұсақ санды бензинге арналған телімдерді тасымалдау кезінде тығыз желімделген жәшіктерге немесе металл ыдысқа оралады.

      37. Дайындаушы осы Техникалық регламентте белгіленген тасымалдау және сақтау шарттары сақталған кезде бензинге арналған телімдердің Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігіне кепілдік беруі тиіс.

8. Бензинге арналған телімдерді қабылдауға және сақтауға
қойылатын талаптар

      38. Бензинге арналған телімдер партиялармен қабылданады. Үзіліссіз технологиялық тізбек барысында дайындалған, сапасы мен құрамдауыштық құрамы бойынша біртекті, сапасы туралы бір құжатпен бірге жүретін бензинге арналған телімдердің кез-келген саны партия болып саналады.

      39. Кемінде бір көрсеткіш бойынша сынақтардың қанағаттанарлықсыз нәтижелерін алған жағдайда, осы партиядан жаңадан іріктелген сынаманың қайта сынағын жүргізеді. Қайта сынақтардың нәтижелері барлық партияға қолданылады.

      40. Бензинге арналған телімдер сапаға сәйкестігіне, өндірушінің ұсынымына және химиялық құрамына қарай жете тексеріледі.

      41. Ыдыстағы бензинге арналған телімдер жабық үй-жайлардағы сөрелерде, тұғырықтарда немесе штабельдерде сақталуы тиіс. Бензинге арналған телімдер бар ыдыстың тығыны жоғары қаратып қойылады. Сақтаудың кепілдік берілген мерзімін дайындаушы белгілейді.

      42. Бензинге арналған телімдерді сақтау және пайдалануға арналған үй-жайларда ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Электр жабдықтары, электр желілері және жасанды жарықтандыру жарылыстан қауіпсіз пайдаланылуы тиіс.

      43. Бензинге арналған телімдерді сақтауға арналған үй-жайды "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 796 қаулысына сәйкес өрт сөндірудің жарамды бастапқы құралдарымен, автоматты өрт дабылымен және өрт сөндірудің автоматты қондырғысымен қамтамасыз ету керек.

9. Бензинге арналған телімдерді кәдеге жаратуға
қойылатын талаптар

      45. Шаруашылық қызметі үдерісінде қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар оларды қауіпсіз қолдану шараларын көздеуге, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.

      46. Қауіпті қалдықтарды қауіпсіз және (немесе) инертті қалдықтармен, сондай-ақ қауіпті қалдықтардың алуан түрлерін оларды өндіру, тасымалдау және сақтау процесін өзара араластыруға тыйым салынады.

10. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

      47. Бензинге арналған телімдер түскен кезде ағынды суларды талдау және залалсыздандыру қажет. Жарамсыз бензинге арналған телімдерді дренаж жүйелеріне тастауға (ағызуға), сондай-ақ бензинге арналған телімдерден залалсыздандырылмаған ағынды суларды тұрмыстық кәрізге немесе су қоймаларына тастауға жол беруге болмайды.

      48. Бензинге арналған телімдердің тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсерлі кәріз жүйелеріне түсуін болдырмау мақсатында бензинге арналған телімдері ағызу және құю процестерінің жабдығы мен аппараттары қымталуы тиіс.

      49. Бензинге арналған телімдермен жұмыс жасауға арналған үй-жайлар жалпы алмасатын желдеткішпен жабдықталуы тиіс, бензинге арналған телімдердің қарқынды бу бөлу орны жергілікті сорғылармен жарақтандырылуы тиіс.

      50. Бензинге арналған телімдердің буы жоғары шоғырланған аймағындағы жұмыс тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын, қысқа уақытта - сүзгіден өткізуді газқағарларды; ұзақ уақытта - шлангалы газқағарларды пайдалана отырып жүргізу қажет.

      51. Бензинге арналған телімдермен жұмыс істеу кезінде жеке гигиена талаптарын сақтау қажет.

      52. Бензинге арналған телімдердің қалдықтарын, жарамсыз бензинге арналған телімдерді өндіру, сақтау және кәдеге жарату жөніндегі объектілерді, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қабылданбаған атмосфераға шығарындыларды тазалау, ағынды суларды жинау және залалсыздандыру жөніндегі құрылыстарды (қондырғыларды) қолданысқа және пайдалануға беруге жол берілмейді.

11. Сәйкестікті растау

      53. Бензинге арналған телімдердің "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкестігін растау сәйкестікті міндетті растау нысанында жүзеге асырылады.

      54. Бензинге арналған телімдерді сертификаттау схемасы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында келтіріледі.

12. Өтпелі кезең

      55. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағына айналымға шығарылатын, оның ішінде әкелінетін (импортталатын) бензинге арналған телімдер осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      56. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар олар осы Техникалық регламентке сәйкес келтірілгенге дейін осы Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлікте қолданылады.

      57. Техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  "Бензиндерге арналған телімдердің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламентіне
1-қосымша

Осы Техникалық регламент қолданылатын бензинге арналған
телімдердін тізбесі

КО СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

2909 41 000 0

2,2-оксидиэтанол (диэтиленгликоль, дигликоль)

2905 12 000 0

пропан-1-ол (пропил спирті) и пропан-2-ол (изопропил спирті)

2905 14 100 0

2 - метил пропан - 2 ол (требутил спирті)

2933 69 300 0

2,6-ди-трет-бутил-4-[4,6 бис (октилтио)-1,3,5-триазин-2-ил-амино] фенол

3902 20 000 0

полиизобутилен

3811

Антидетонаторлар, антиоксиданттар, шайыртүзуші тежегіштер, қоюлатқыштар, даттануға қарсы заттар және мұнай өнімдеріне (бензинді қоса алғанда) немесе мұнай өнімдері сияқты мақсаттарда пайдаланылатын басқа да сұйықтарға қосылатын өзге де дайын қоспалар;

3811 11 900 0

- - - өзгелер

3811 19 000 0

- - өзгелер

2909

метил-трет-бутил эфирі

2916 14 100 0

метилметакрилат

  "Бензиндерге арналған телімдердің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламентіне
2-қосымша

Өнімді сертификаттау схемасы

Схеманың нөмірі

Сәйкестікті растау тәсілдері

Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

Сертификаттың қолданылу мерзімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Типті сынау



6 ай

Taңбaлay жүргізілмейді

2

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау.

12 ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

3

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау.

12 ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

4

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау.

18 ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

5

Типті сынау

Өндірісті немесе сапа менеджметі жүйесін сертификаттау

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірісті бақылау (сапа менеджменті жүйелері)

36 ай

Осы типтің барлық шығарылатын өнімі таңбаланады

6

Типті сынау

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау

Сапа менеджменті жүйесін бақылау

36 ай

Таңбалау жүргізілмейді

7

Партияны сынау


Белгіленбейді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды


Таңбалау жүргізілмейді

8

Әрбір бұйымды сынау


Белгіленбейді


Әрбір өнім таңбаланады


      Ескертпе:

      - сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижелері бойынша сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды

      - сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

  "Бензиндерге арналған телімдер
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламентіне
3-қосымша

Бензинге арналған телімдердің сипаттамаларына қойылатын
талаптар

      1 Изопропил спиртінің негізіндегі бензинге арналған телімдер

Моторлық телімдердің сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Маркаға қатысты норма

Сыртқы түрі


Механикалық қоспасы жоқ, түссіз мөлдір сұйықтық

20 оС-дегі тығыздық, артық емес

г/см3

0,819

Изопропил спиртінің массалық үлесі

%

87

Сірке қышқылына есептегендегі қышқылдардың массалық үлесі, артық емес

%

10

Күкіртке есептегендегі күкіртті қосылыстардың массалық үлесі, артық емес

%

0,0001

СО тобына есептегендегі карбонил қоспаларының массалық үлесі, артық емес

%

0,8

Суда ерімейтін заттар (полимерлер)


Сынаққа шыдамды


      2 Полиизобутилен негізіндегі бензинге арналған телімдер

Моторлық телімдердің сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Маркаға қатысты норма

Сыртқы түрі


ақтан ашық сұрға дейін

Күлдің массалық үлесі, артық емес

%

0,04

кептіру кезіндегі массаның жоғалуы, артық емес

%

0,7


      3 Метил-трет-бутил эфирінің негізіндегі бензинге арналған телімдер

Моторлық телімдердің сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Маркаға қатысты норма

15 оС-дегі тығыздық, артық емес

г/см3

0,7460


      4 Диэтиленгликоль негізіндегі бензинге арналған телімдер

Моторлық телімдердің сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Маркаға қатысты норма

Сыртқы түрі


түссіз немесе сарылау мөлдір сұйықтық

20 оС-дегі тығыздық, артық емес

г/см3

1,116

Эгиленгликольдің массалық үлесі, артық емес

%

0,15

Судың массалық үлесі, артық емес

%

0,03

Сірке қышқылына есептегендегі қышқылдардың массалық үлесі, артық емес

%

0,005


      5 Метилметакрилат негізіндегі бензинге арналған телімдер

Моторлық телімдердің сипаттамалары

Өлшем бірлігі

Маркаға қатысты норма

Сыртқы түрі


түссіз мөлдір сұйықтық

20 оС-дегі тығыздық, артық емес

г/см3

1,942

Қоспалардың массалық үлесі

%

0,13

Судың массалық үлесі, артық емес

%

0,03

Метакрил қышқылына есептегендегі қышқылдардың массалық үлесі, артық емес

%

0,004

Жабық тигельдегі оталу температурасы, артық емес

оС

8


Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности присадок к бензинам"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2010 года № 634. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2017 года № 29

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2017 № 29 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый технический регламент "Требования к безопасности присадок к бензинам".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении шести месяцев со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 23 июня 2010 года № 634

Технический регламент
"Требования к безопасности присадок к бензинам"
1. Область применения

      1. Настоящий технический регламент "Требования к безопасности присадок к бензинам" (далее - Технический регламент) устанавливает требования к безопасности присадок к бензинам.

      2. Технический регламент распространяется на присадки к бензинам, перечень которых приведен в приложении 1 к настоящему Техническому регламенту, согласно кодам единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности таможенного союза (далее - ТН ВЭД ТС).

      Присадки к бензинам, выпускаемые в обращение на территории Республики Казахстан, в том числе ввозимые (импортируемые) должны соответствовать требованиям Технического регламента.

      3. Технический регламент устанавливает минимальные требования безопасности ко всему жизненному циклу присадок к бензинам.

      4. Идентификация присадок к бензинам производится путем использования кодов ТН ВЭД ТС, по маркировке и сопроводительным документам, параметрам, показателям и требованиям, которые в совокупности достаточны для идентификации.

      5. Существуют следующие основные группы присадок к бензинам:

      1) присадки, улучшающие энергетические свойства бензина и процесс их сгорания в двигателях: антидетонаторы к бензинам; улучшающие процесс сгорания среднедистиллятных и остаточных бензинов (повышающие полноту сгорания среднедистиллятных бензинов, уменьшающие количество отложений при сгорании остаточных бензинов (уменьшающие количество вредных выбросов в атмосферу), противодымные присадки, присадки для уменьшения периода задержки самовоспламенения бензина);

      2) присадки, способствующие сохранению свойств бензинов при их хранении, транспортировке и использовании в двигателях; антиокислительные; деактиваторы металлов; диспергирующие;

      3) присадки, предотвращающие вредное воздействие бензинов на топливную аппаратуру, трубопроводы и емкости; а также противоизносные и противокоррозионные;

      4) присадки различного назначения: повышающие электропроводность бензинов (антистатические), биоциды, красители, коагулянты, присадки для ускорения приработки деталей двигателей и другие.

      6. Основными опасными факторами (рисками), которые следует избегать в процессах жизненного цикла присадок к бензинам, являются:

      1) повышенная или пониженная температура окружающей среды;

      2) неравномерное распределение груза при транспортировании;

      3) опасные эксплуатационные процессы, при которых выделяется избыточное количество тепла;

      4) опасные эксплуатационные процессы, при которых оказывается давление на упаковку или тару присадок к бензинам;

      5) попадание присадок к бензинам в питьевую воду;

      6) попадание присадок к бензинам в желудочно-кишечный тракт, слизистую оболочку и дыхательные пути человека.

      7. Технический регламент не устанавливает требования безопасности присадок к дизельным, авиационным топливам, смазочным материалам и специальным жидкостям.

2. Термины и определения

      8. В Техническом регламенте применяются термины и определения, установленные законами Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании", от 21 июля 2007 года "О безопасности химической продукции", а также следующий:

      присадки к бензинам - вещества, добавляемые в бензин для улучшения его эксплуатационных свойств.

3. Условия обращения присадок к бензинам на территории
Республики Казахстан

      9. Присадки к бензинам должны соответствовать требованиям, установленным Техническим регламентом.

      10. Присадки могут быть поставлены на рынок и реализованы только в том случае, если они не представляют опасности для жизни и здоровья человека и окружающей среде при применении по назначению.

      11. По запросу потребителя ему должна быть предоставлена дополнительная информация о присадках к бензинам и мерах защиты от воздействия их опасных свойств на жизнь и здоровье человека, окружающую среду.

      12. Сопроводительные документы к присадкам к бензинам должны содержать информацию о классификации и мерах предосторожности для снижения риска опасности.

      13. Предупредительная и идентифицирующая маркировка присадок к бензинам наносится в виде текста, символов.

4. Требования к безопасности присадок к бензинам

      14. Присадки к бензинам должны соответствовать показателям, приведенным в приложении 3 к настоящему Техническому регламенту.

      15. Не допускается применение присадок к бензинам, содержащих металлы (свинец, марганец, медь и железо).

5. Требования к маркировке присадок к бензинам

      16. На потребительскую тару должна быть наклеена бумажная этикетка либо сделана надпись, содержащая:

      1) наименование присадки к бензинам;

      2) обозначение нормативного документа;

      3) товарный знак предприятия-изготовителя;

      4) массу нетто или объем;

      5) дату изготовления присадки к бензинам (месяц и год);

      6) срок хранения;

      7) номер партии.

      17. Маркировка груза осуществляется в соответствии с Перечнем стандартных символов опасности, которые указываются при предупредительной маркировке химической продукции. Наносятся надписи: "Огнеопасно" - для легковоспламеняющихся жидкостей, "Яд" - для ядовитых.

      18. На каждой единице транспортной тары с присадками к бензинам должна быть сделана с помощью трафарета или штампа несмываемая водой и нефтепродуктами надпись, содержащая наименование присадки к бензинам и дату изготовления.

      19. Если на транспортной таре с присадкой не может быть сделана указанная надпись, то к таре прикрепляют ярлык или наклеивают этикетку с этой надписью.

      20. В ящик с упакованными в потребительскую тару присадками вкладывают ярлык (или наклеивают этикетку), содержащий следующие данные:

      1) товарный знак предприятия-изготовителя;

      2) объем и количество потребительской тары;

      3) номер упаковщика;

      4) дату упаковывания.

      21. На транспортную тару наносят транспортную маркировку и манипуляционные знаки, и маркировку, характеризующую транспортную опасность груза.

      22. Каждая партия присадок к бензинам должна сопровождаться документом о качестве.

6. Требования к упаковке присадок к бензинам

      23. Упаковка и тара, предназначенные для заполнения присадками к бензинам, должна обеспечивать безопасное хранение, транспортировку и реализацию продукции.

      24. Тара, предназначенная для заполнения присадками к бензинам, должна быть предварительно осмотрена. При загрязнении тару необходимо промыть горячей водой или пропарить до полного удаления загрязнений и просушить.

      25. Степень заполнения тары должна быть не более 95 % полного объема.

      26. Металлические бидоны и банки (кроме имеющих литографированное покрытие) по требованию потребителей должны быть смазаны по всей поверхности консервационными смазками или маслами.

      27. После заполнения тару (за исключением тары, покрытой консервационными смазками) протирают, до полного отсутствия на ней остатков масел и прочих загрязнений.

      28. Транспортная тара с присадками к бензинам должна быть опломбирована.

      29. Формирование пакетов предусматривает создание укрепленной грузовой единицы с применением средств пакетирования и скрепления, состоящей из одного или нескольких грузов и подготовленной к транспортно-перегрузочным операциям, складированию и хранению.

      30. В качестве средств пакетирования используют плоские поддоны, специализированные поддоны, подкладки, бруски, и другие средства пакетирования.

7. Требования к транспортированию присадок к бензинам

      31. Присадки к бензинам транспортируют в цистернах с внутренним маслобензостойким и паростойким защитным покрытием, удовлетворяющим требованиям электростатической искробезопасности.

      32. Из цистерн присадки к бензинам должны быть слиты полностью. При этом в цистернах, не имеющих нижнего сливного устройства, допускается остаток не более 1 см.

      33. Цистерны, подаваемые для подготовки под налив должны сопровождаться документом, содержащим наименование слитого продукта. При отсутствии указанного документа наименование слитого продукта устанавливают анализом остатка из цистерны.

      34. Цистерны, используемые для перевозки присадок к бензинам в кольцевых маршрутах, должны проходить профилактическую обработку через промежутки времени, установленные по согласованию изготовителя с потребителем.

      35. Присадки к бензинам, упакованные в транспортную тару, следует транспортировать в контейнерах или транспортными пакетами в крытых транспортных средствах в соответствии с правилами перевозок грузов.

      36. При транспортировании мелким количеством присадки к бензинам упаковывают в плотные дощатые ящики или металлическую тару.

      37. Изготовитель должен гарантировать соответствие качества присадок к бензинам требованиям регламента при соблюдении условий транспортирования и хранения, установленных настоящим Техническим регламентом.

8. Требования к приемке и хранению присадок к бензинам

      38. Присадки к бензинам принимают партиями. Партией считают любое количество присадок к бензинам, изготовленных в ходе непрерывного технологического цикла, однородное по показателям качества и компонентному составу, сопровождаемое одним документом о качестве.

      39. При получении неудовлетворительных результатов испытаний хотя бы по одному показателю, проводят повторные испытания вновь отобранной пробы из той же партии. Результаты повторных испытаний распространяются на всю партию.

      40. Присадки к бензинам проверяются на соответствие качеству индивидуально, в зависимости от рекомендации производителя и химического состава.

      41. Присадки к бензинам в таре должны храниться на стеллажах, поддонах или в штабелях в крытых складских помещениях. Тару с присадками к бензинам устанавливают пробками вверх. Гарантийный срок хранения присадки к бензинам устанавливается изготовителем.

      42. В помещениях для хранения и использования присадок к бензинам запрещается обращение с открытым огнем. Электрооборудование, электрические сети и искусственное освещение должны быть взрывобезопасного исполнения.

      43. Помещение для хранения присадок к бензинам оборудуется общеобменной вытяжной системой вентиляции.

      44. Помещения, здания и сооружения для хранения присадок к бензинам следует обеспечить исправными первичными средствами пожаротушения, а также автоматической пожарной сигнализацией и автоматической установкой пожаротушения, в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 января 2009 года № 14 "Об утверждении Технического регламента "Общие требования к пожарной безопасности" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2008 года № 796 "Об утверждении Технического регламента "Требования по оборудованию зданий, помещений и сооружений системами автоматического пожаротушения и автоматической пожарной сигнализации, оповещения и управления эвакуацией людей при пожаре".

9. Требования к утилизации присадок к бензинам

      45. Физические и юридические лица, в процессе хозяйственной деятельности которых образуются отходы, обязаны предусмотреть меры безопасного обращения с ними, соблюдать экологические и санитарно-эпидемиологические требования и выполнять мероприятия по их утилизации, обезвреживанию и безопасному удалению.

      46. Запрещается смешивать опасные отходы с неопасными и (или) инертными отходами, а также различные виды опасных отходов между собой в процессе их производства, транспортировки и размещения.

10. Охрана труда и окружающей среды

      47. Сточные воды, при попадании присадок к бензинам необходимо очищать и обезвреживать. Сброс (смыв) непригодных присадок к бензинам в дренажные системы, а также сброс необезвреженных (неочищенных) от присадок к бензинам сточных вод в бытовую канализацию или в водоемы не допустим.

      48. Оборудование и аппараты процессов слива и налива присадок к бензинам должны быть герметизированы с целью исключения попадания присадок к бензинам в системы бытовой, промышленной и ливневой канализации, а также в открытые водоемы и почву, а его паров в воздушную среду.

      49. Помещения для работ с присадками к бензинам должны быть оборудованы общеобменной вентиляцией, места интенсивного выделения паров присадок к бензинам должны быть снабжены местными отсосами.

      50. Работу в зоне с высокой концентрацией паров присадок к бензинам необходимо проводить с применением средств защиты органов дыхания, кратковременно - фильтрующих противогазов; долговременно - шланговых противогазов.

      51. При работе с присадками к бензинам необходимо соблюдать правила личной гигиены.

      52. Не допускается ввод в действие и эксплуатация объектов по производству, хранению и утилизации отходов присадок к бензинам, непригодных присадок к бензинам и тары из под них, без принятых в соответствии с экологическим законодательством Республики Казахстан сооружений (установок) по очистке выбросов в атмосферу, сбору и обезвреживанию сточных вод.

11. Подтверждение соответствия

      53. Подтверждение соответствия присадок к бензинам требованиям Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" осуществляется в форме обязательного подтверждения соответствия.

      54. Схемы сертификации присадок к бензинам приводятся в приложении 2 Технического регламента.

12. Переходный период

      55. Со дня введения в действие настоящего Технического регламента присадки к бензинам, выпускаемые в обращение на территории Республики Казахстан, в том числе ввозимые (импортируемые), должны соответствовать требованиям настоящего Технического регламента.

      56. С момента введения в действие настоящего Технического регламента нормативные правовые акты и нормативные документы, действующие на территории Республики Казахстан, до приведения их в соответствие с настоящим Техническим регламентом применяются в части, не противоречащей настоящему Техническому регламенту.

      57. Технический регламент вводится в действие по истечении шести месяцев со дня его первого официального опубликования.

  Приложение 1
к техническому регламенту
"Требование к безопасности
присадок к бензинам"

Перечень
присадок к бензинам, на которые распространяется
настоящий технический регламент

Код ТН ВЭД ТС

Наименование позиции

2909 41 000 0

2,2-оксидиэтанол (диэтиленгликоль, дигликоль)

2905 12 000 0

пропан-1-ол (спирт пропиловый) и пропан-2-ол (спирт
изопропиловый)

2905 14 100 0

2 - метил пропан - 2 ол (требутиловый спирт)

2933 69 300 0

2,6-ди-трет-бутил-4-[4,6 бис
(октилтио)-1,3,5-триазин-2-ил-амино] фенол

3902 20 000 0

полиизобутилен

3811

Антидетонаторы, антиоксиданты, ингибиторы смолообразования,
загустители, антикоррозионные вещества и присадки готовые
прочие к нефтепродуктам (включая бензин) или другим
жидкостям, используемым в тех же целях, что и
нефтепродукты

3811 11 900 0

- - - прочие

3811 19 000 0

- - прочие

2909

метил-трет-бутиловый эфир

2916 14 100 0

метилметакрилат

  Приложение 2
к техническому регламенту
"Требование к безопасности
присадок к бензинам"

Схема сертификации продукции

Номер
схемы

Способы
подтверждения
соответствия

Проверка
производства

Инспекционный
контроль

Срок
действия
сертификата

Примечание

1

2

3

4

5

6

1

Испытания типа



6 мес.

Маркировка не
производится

2

Испытания типа

Анализ
состояния
производства

Испытания
образцов, взятых
у продавца.
Анализ состояния
производства

12 мес.

Маркируется вся
выпускаемая
продукция данного
типа

3

Испытания типа

Анализ
состояния
производства

Испытания
образцов, взятых
у изготовителя.
Анализ состояния
производства

12 мес.

Маркируется вся
выпускаемая
продукция данного
типа

4

Испытания типа

Анализ
состояния
производства

Испытания
образцов, взятых
у продавца.
Испытания
образцов, взятых
у изготовителя.
Анализ состояния
производства

18 мес.

Маркируется вся
выпускаемая
продукция данного
типа

5

Испытания типа

Сертификация
системы
менеджмента
качества

Испытания
образцов,*
взятых у
продавца.
Испытания
образцов, взятых
у изготовителя.
Контроль
производства
(системы
менеджмента
качества)**

36 мес.

Маркируется вся
выпускаемая
продукция данного
типа

6

Испытания типа

Сертификация
системы
менеджмента
качества

Контроль системы
менеджмента
качества**

36 мес.

Маркировка не
производится

7

Испытания
партии



Устанавли-
вается, но
не более
срока
годности
продукции

Маркировка не
производится

8

Испытания
каждого
изделия



Устанавли-
вается, но
не более
срока
годности
продукции

Маркируется каждое
изделие


      Примечания:

      * - необходимость и объем испытаний определяет орган по подтверждению соответствия продукции по результатам контроля за сертифицированной системой менеджмента качества (производством)

      ** - осуществляет орган, выдавший сертификат на систему менеджмента качества.

  Приложение 3
к техническому регламенту
"Требование к безопасности
присадок к бензинам"

Требования к характеристикам присадок к бензинам

      1 Присадки к бензинам на основе изопропилового спирта

Характеристики моторных присадок

Единица
измерения

Норма в отношении марки

Внешний вид


Бесцветная прозрачная
жидкость, не имеющая
механических примесей

Плотность при 20 оС, не более

г/см3

0,819

Массовая доля изопропилового спирта

%

87

Массовая доля кислот в пересчете на
уксусную кислоту, не более

%

10

Массовая доля сернистых соединений в
пересчете на серу, не более

%

0,0001

Массовая доля карбонильных соединений в
пересчете на группу СО, не более

%

0,8

Нерастворимые в воде вещества (полимеры)


Выдерживает испытание


      2 Присадки к бензинам на основе полиизобутилена

Характеристики моторных присадок

Единица
измерения

Норма в отношении марки

Внешний вид


От белого до светло
серого

Массовая доля золы, не более

%

0,04

Потери массы при сушке, не более

%

0,7


      3 Присадки к бензинам на основе метил-трет-бутилового эфира

Характеристики моторных присадок

Единица
измерения

Норма в отношении марки

Плотность при 15 оС, не более

г/см3

0,7460


      4 Присадки к бензинам на основе диэтиленгликоля

Характеристики моторных присадок

Единица
измерения

Норма в отношении марки

Внешний вид


Бесцветная или желтоватая
прозрачная жидкость

Плотность при 20 оС, не более

г/см3

1,116

Массовая доля этиленгликоля, не более

%

0,15

Массовая доля воды, не более

%

0,03

Массовая доля кислот в пересчете на
уксусную кислоту, не более

%

0,005


      5 Присадки к бензинам на основе метилметакрилата

Характеристики моторных присадок

Единица
измерения

Норма в отношении марки

Внешний вид


Бесцветная прозрачная
жидкость

Плотность при 20 оС, не более

г/см3

0,942

Массовая доля примесей

%

0,13

Массовая доля воды, не более

%

0,04

Массовая доля кислот в пересчете на
метакриловую кислоту, не более

%

0,004

Температура вспышки в закрытом тигле, не
более

оС

8