Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 759 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу критерийлері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 759 қаулысымен  
бекітілген    

Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті
пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін
іріктеу критерийлері

      Ескерту. Критерийлерге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      Нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервті пайдаланған жағдайда сауда қызметінің субъектілерін іріктеу мынадай критерийлердің негізінде жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыратын немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәландыратын құжаттармен немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікпен* немесе анықтамамен расталған құқық қабілеттілігі және іс-әрекетке қабілеттілігі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      2) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің, сондай-ақ сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банктің алдында, банк (банк филиалы) анықтамасының және салық органының тиісті анықтамасының болуымен расталған берешегінің жоқтығынан көрінетін төлем қабілеттілігі;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттармен немесе бөлшек сауда желісі объектілерін жалдау шартымен расталған бөлшек сауда желілерінде сатып алынатын тауарды сату мүмкіндігі;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттармен немесе жалдау шартымен, санитарлық-эпидемиологиялық және өртті бақылау сатысындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құжаттарымен расталған сатып алынатын тауарлардың тиісінше сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті қойма үй-жайларының болуы.

Об утверждении критериев отбора субъектов торговой деятельности в случае использования государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2010 года № 759. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 173

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.04.2015 № 173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "О государственном материальном резерве" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Критерии отбора субъектов торговой деятельности в случае использования государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 29 июля 2010 года № 759

Критерии отбора субъектов торговой деятельности в случае
использования государственного резерва для оказания
регулирующего воздействия на рынок

      Сноска. Критерии с изменениями, внесенным постановлением Правительства РК от 20.12.2013 № 1363 (порядок введения в действие см. п.2).

      Отбор субъектов торговой деятельности в случае использования государственного резерва для оказания регулирующего воздействия на рынок осуществляется на основании следующих критериев:
      1) правоспособность и дееспособность, подтвержденные документами, удостоверяющими личность или свидетельствующими о регистрации в качестве индивидуального предпринимателя или свидетельством* или справкой о государственной регистрации (перерегистрации) в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Примечание: *свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица;
      2) платежеспособность, выраженная в отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям, а также задолженности перед банком, в котором субъект торговой деятельности обслуживается, подтвержденные наличием справки с банка (филиал банка) и соответствующей справки налогового органа;
      3) возможность реализации приобретаемого товара в розничных сетях торговли, подтвержденная правоустанавливающими документами или договором аренды объектов розничной торговой сети в соответствии с действующим законодательством;
      4) наличие складских помещений, способных обеспечить должную сохранность приобретаемого товара, подтвержденное правоустанавливающими документами или договором аренды в соответствии с действующим законодательством, документами уполномоченных государственных органов в области санитарно-эпидемиологического и пожарного контроля.