"Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен, тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 792 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта женелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 тамыздағы
№ 792 қаулысымен
бекітілген

"Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта
жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы

      1. Осы "Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.

      2. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:

      жолаушылар, багаж, жүк-багаж және пошта жөнелтімдерін тасымалдау процесі;

      жүк тасымалдау процесі.

      3. Адамның өміріне немесе денсаулығына, жүктердің және пошта жөнелтімдерінің сақталуына, адамдардың багажы, жүк-багажы, жүктер мен пошта жөнелтімдерінің сақталуына, қоршаған ортаны қорғауға зиян келтіру мүмкіндігіне қатысты тасымалдау процесі кезінде болдырмау тиіс қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер) мыналар болып табылады:

      жолаушылардың тоқтатқыш кранды пайдалану салдарынан жарақат алу қаупі;

      жолаушылардың жүріп-тұруына қиын жағдайлар туғызған өтетін жерлердегі кептелістер;

      тыйым салынған багажды, жүк-багажды және/немесе қауіпті жүкті тасымалдау салдарынан химиялық улану ықтималы;

      тасымалдау кезінде багаждың, жүктердің, жүк-багаждың және пошта жөнелтімдерінің бұзылу жағдайындағы олардың құндылықтарын жоғалту ықтималы.

      4. Осы Техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру темір жол саласындағы қызметін жүзеге асыратын тасымалдаушылар, жолаушылар, ұйымдар, жүк жөнелтушілер, жүк алушылар арасындағы қатынастарды реттеу кезінде ұсынылған құжаттамаға сәйкес және көзбен шолып жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авария - белгілі бір аумақтағы объектіде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтың және көлік құралдарының қирауына, өндірістік және көліктік процестің бұзылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруге әкелетін қауіпті техногендік оқиға;

      2) жөндеу - бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөліктерінің ресурстарын қалпына келтіру бойынша операциялардың кешені;

      3) жолаушылар поезының қызмет көрсетуші персоналы - поезд бастығы, поездық электр механиктері, вагондардың жолсеріктері, вагон-ресторанның директоры және қызмет көрсетуші персоналы; пошталық вагондардың қызмет көрсетуші персоналы - вагон бастықтары, жолсерік - пошталық вагондардың электр монтері; сондай-ақ қызметтік-техникалық вагондарға, жолаушылар вагондарының негізінде жабдықталған арнайы мақсаттағы вагондарға қызмет көрсетуге рұқсат етілген тұлғалар;

      4) куәландыру - қараулар, өлшеулер, жұмыс істеу барысында сынау және тексерулер, сондай-ақ белгіленуін және таңбалануын тексеру;

      5) қауіпті жүк - өздеріне тән қасиеттеріне қарай көлік процесінде адамдардың және жануарлардың өліміне, жарақаттануына, улануына, сәулеленуіне, ауруға шалдығуына, сондай-ақ жарылысқа, өртке, құрылыстардың, көлік құралдарының бүлінуіне әкелуі мүмкін заттар, материалдар және бұйымдар;

      6) сенімділік - объектінің берілген режимдерде және қолдану, техникалық қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау жағдайларында талап етілетін функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәнін белгіленген шектердегі уақытта сақтау қасиеті;

      7) санитарлық қорытынды - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын, оларды пайдалануға немесе қолдануға құқық беретін құжат;

      8) техникалық қызмет көрсету - бұйымның мақсатқа сай пайдаланылуы, күту, сақталу және тасымалдау кезінде жұмыс істеу қабілеттілігін және жарамдылығын ұстау бойынша операция немесе операциялар кешені.

3. Тасымалдауға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары

      6. Тасымалдар кезінде мынадай қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілуі тиіс:

      жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдау қауіпсіздігі;

      жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі;

      өрт қауіпсіздігі;

      химиялық қауіпсіздік;

      санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік;

      экологиялық қауіпсіздік.

      7. Поездарға мыналарды тіркеуге және жол жүруге жіберуге жол берілмейді:

      қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етпейтін жарамсыз вагондар;

      жүккөтергіштігінен артық тиелген вагондар;

      ашық жылжымалы құрамда жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарын бұзумен жүк тиелген платформалар және ашық вагондар;

      шанақтың қисаюын немесе вагонның жақтауы мен шанағының жүру бөліктеріне соғылуын туындататын отырған серіппегіштері бар вагондар, сондай-ақ табақтарының жұлыну қаупі бар жабыны ақаулы вагондар;

      рельстен шығып кеткен немесе қираған поезда болған, оларды тексеріп, қозғалыс үшін жарамды деп танығанға дейінгі вагондар;

      ерекше құжаттар бойынша жүретін вагондарды қоспағанда, жөндеудің белгіленген түрлерінің жүргізілуі туралы трафареті жоқ вагондар (өз біліктеріндегі жүк сияқты);

      егер осындай вагондардың жүретіні туралы ерекше нұсқаулар берілмесе, габаритті емес жүктері бар платформалар, транспортерлер және ашық вагондар;

      борттары жабылмаған және бекітілмеген платформалар, бункерлері бекітілмеген вагондар, цистерналар, хопперлер, астық тасығыштар, цемент тасығыштар және үстіңгі және астыңғы тиеу-түсіру құрылғыларының қақпақтары ашық осындай жылжымалы құрам;

      есіктері мен люктері ашық және жапқыш тетігі бір салмамен жабылған ашық вагондар;

      ашық және есіктері есіктік салмаларымен жабылмаған бос жабық вагондар, сырғанау шеңбері бойынша доңғалақ жұптары битумнан тазаланбаған мұнай-битум тасымалдауға арналған вагондар.

      8. Тасымалдау процесі кезінде поездардағы өрт қауіпсіздігі өртке қарсы алдын ала сақтандыру жұмыстарын жүргізумен және жылжымалы құрамның поездарында өрт туындаған жағдайда оны сөндірумен қамтамасыз етіледі.

      9. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бастапқы өрт сөндіру құралдарының толық жиынтығы жоқ, өрт сөндіру қондырғылары жарамсыз немесе толтырылмаған, өрт сигнализациясы ақаулы, сондай-ақ авариялық шығулары мен түтін шығару жүйелері ақаулы жылжымалы құрамды пайдалануға тыйым салынады.

      10. Жылжымалы құрамның жүру жолында темір жол жылжымалы құрамының кернеулі және электр тогымен зақымдалу көзі болуы мүмкін электр жабдығының қорғалмаған (оқшауланбаған) бөліктеріне қызмет көрсету персоналы мен жолаушылардың қол жеткізуінің алдын алынуы тиіс.

      11. Жүру жолында вагонда техникалық ақауларды анықтау кезінде ақаулы вагонды жүру жолынан жақын арадағы техникалық қызмет көрсету пунктіне дейін ағытусыз (жолаушылар вагонын 100 км/сағ. жоғары емес жылдамдықпен) жеткізуге рұқсат етіледі.

4. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін
тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      12. Поездарға электр-пневматикалық тежегішінің, жылытудың, электр жабдығының, желдетудің ақаулығы және жолаушылар тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларын бұзатын басқа да ақаулықтары бар жолаушылар вагондарын, сондай-ақ жолаушылар поезы бастығының (бригадир-механиктің) локомотив машинисімен радиобайланысының ақаулығы бар радиокупелі (штабтық) жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілмейді.

      13. Алыс және жергілікті қатынастағы жолаушылар поездарына қызметтік-техникалық мақсаттағы тұтас метал емес вагондарды тіркеуге рұқсат етіледі.

      14. Басқа құрылымды және типті жылжымалы құрам қосылған жолаушылар және пошта-багаж поездарының қозғалыс жылдамдығы осы жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтардан аспауы тиіс.

      15. Жолаушылар, багаж, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін тасымалдау үшін жолаушылар поездарында қызмет көрсетуге арналған перспективалық локомотивтердің неғұрлым жоғары конструкциялық жылдамдықтарымен қауіпсіз және біркелкі қозғалысты қамтамасыз ететін вагондар жіберіледі.

      16. Жылжымалы құрамның жолаушылар вагондарында жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының мүмкін болатын қозғалуы аймағында (бас, аяқ, дене деңгейінде) оларды жарақаттауы мүмкін конструкция мен жабдық элементтері болмауы тиіс.

      17. Жолаушылар вагондарында, дизель поездары және электр поездары вагондарында жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау кезінде өту орындарын, тамбурлар мен шығу орындарын заттармен қамалауға жол берілмейді.

      18. Жолаушылардың пайдалануына арналған кез келген құрылғы жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне залал келтірмей, осы құрылғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

      19. Жолаушылар үшін қауіп болған жағдайда қызмет көрсету персоналына поезд бастығын және/немесе машинистті осы қауіп туралы хабардар етуге, сондай-ақ ерекше қажеттілік кезінде поезды тежеуге және/немесе есік ашуға мүмкіндік беретін құрылғылар көзделуі тиіс.

      20. Жолаушылар вагондарында тоқтатқыш кран тамбурларда, вагондардың ішінде орнатылады және пломбаланады.

      21. Вагондарды жөндеу кезінде қолданылатын конструкциялық элементтер мен материалдар, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш жүйесі өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келулері тиіс және тұтану жағдайында от пен түтіннің пайда болуын, таралуын және әсер етуін шектеуді қамтамасыз етуі тиіс.

      Өрт жағдайында материалдар зиянды және қауіпті түтіндердің, бу мен газдардың шығарындыларын шектеулері тиіс.

      22. Жолаушылар поезының вагондарында жолаушылардың химиялық улануы және багажды, жүк-багажды және пошта женелтімдерін тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларына қатер төндіруі мүмкін нәрселерді, заттарды немесе басқа да материалдар мен бұйымдарды (жеңілтұтанғыш сұйықтықтар, газдар, жарылғыш және улы заттар) тасуға жол берілмейді.

      23. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өздерінің мөлшері, орамасы, қасиеттері бойынша багаж вагонына қиындықсыз тиелуі және орналастырылуы мүмкін және тасымалдаушының мүлкіне, пошта жөнелтімдеріне және басқа да жолаушылардың багажына, жүк-багажына зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады.

      24. Жолаушылар поездарының вагондарында олардың жүру жолында мыналарға жол берілмейді:

      токтың вагон корпусына жылыстауы бар вагонды пайдалану;

      ақаулы электр жабдығын, жарықтандыру желісін, қыздыру аспаптарын пайдалану, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған электр жабдығын қараусыз қалдыру;

      жанып кеткен электр шамдарын қуаттылығы жасаушы зауытта және схемада белгіленген қуаттылықтан жоғары басқа шамдармен ауыстыру;

      осы тізбек үшін белгіленген номиналға сәйкес келмейтін сақтандырғыштарды орнату;

      аккумуляторлық батареяларды вагон жасаушы зауыттың үйлестірілген стандарттарында немесе нұсқаулығында белгіленбеген тәсілмен зарядтау;

      вагон жасаушы зауыттың схемасы мен нұсқаулығында көзделмеген қыздыру аспаптары мен басқа да электр аспаптарын қосу;

      электр аппаратурасы бар қуыстарда бөгде заттарды сақтау, жанғыш материалдарды жылыту аспаптарына, электр жарықтандырғыштарына жақын сақтау;

      жүру жолында вагондардағы тұрақтандырғыштардың қаптамаларын ашу және жөндеу мен ретке келтіруді жүргізу;

      бұл ретте өлшеу құралдарын (вольтметрдегі, амперметрдегі көрсеткіштерді) тиісті бақылаусыз вагонның ток тұтынғыштарын қосу;

      желдетудің жұмыс істемеуі кезінде электр калориферлерді қосу және олардың дистанциялық термометрдің көрсеткіші бойынша 28оС жоғары жол берілетін температурадан астам қызуына жол беру;

      тоғы жоқ розеткалармен және сақтау қораптарымен сақтандырылмаған вагонаралық электр қосылыстарын (штепсельдерді, бастиектерді және басқаларды) пайдалану;

      жарамсыз аккумуляторлық батареяларды пайдалану (қысқа түйіскен элементтері, икемді түйіспенің немесе сымның 20% артық үзілуі болған кезде, сақтандырғыштардың қақпақсыз немесе ашық қораптары, электролиттің тығыздығы мен деңгейі сәйкес келмейтін бұзылған немесе электролит құйылып кеткен тыстары).

      25. Адамдарды, жануарларды, қауіпті және аса қауіпті жүктерді санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтамай тасымалдауға жол берілмейді.

5. Жүктерді тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      26. Жүктерді тасымалдау тек өз құрылысы, мақсаты және техникалық жай-күйі бойынша қауіпсіз және нақты жүкті сақтаулы тасымалдау үшін арналған жылжымалы құраммен жүзеге асырылады.

      27. Ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын жүк (орау және бекітуді ескергенде) тиеу габариті шегінде орналасуы тиіс.

      28. Станциялар шегінде габариттік емес жүктері бар поездар арнайы бөлінген және техникалық басқару актілерінде көрсетілген жолдар бойынша ғана өткізілуі тиіс.

      Бұл жолдардың осьтері арасындағы қашықтық кемінде 4800 мм болуы тиіс. Осы жолдардың бойында биік платформалар болмауы тиіс, ал барлық қалған құрылыстар мен құрылғылар белгіленген габаритке сәйкес келуі тиіс.

      29. Габариттік емес жүктері бар вагондар тіркелген поездың номері жүктің габариттік емес аймағы және дәрежесін сипаттайтын индекспен толықтырылады. Тасымалдау құжаттарына поезда габариттік емес жүгі бар вагондардың болуы туралы белгі қойылады.

      30. Жүк жөнелтуші жүктің деңгейі мен қауіптілігіне қарай Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес қауіпті жүктерді белгілі сыныпқа, кіші сыныпқа, санатқа және топқа жатқызады.

      31. Жүк жөнелтушілер жүктерді, сондай-ақ қауіпті жүктерді ыдыста және орамда тасымалдауға ұсынуы тиіс. Қауіпті жүктерді бүлінген немесе тығындары ашық (жапқыш, люктер) ыдыста тасымалдауға тыйым салынады.

      32. Қауіпті жүктерді апару, тиеу, түсіру (жүк түсіру) сақтау және тасымалдау қауіпсіздігі авариялық жағдайлар және олардың зардаптарын жоюға темір жол бөлімшелерінің қажетті құралдар мен мобильдік бөлімшелердің болуымен қамтамасыз етіледі.

      33. Қауіпті жүктерді тасымалдау процесі кезінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар көрсетілген бөлімшелердің авария болған орнына дер кезінде жіберілуін қамтамасыз етеді.

      34. Қағазды, пергаментті, тольді және басқа да тез жанғыш материалдарды қолданумен оралған қауіпті жүктерді ашық жылжымалы құраммен тасымалдауға тыйым салынады. Мұндай материалдарды механикалық бүлінуден және атмосфералық жауын-шашыннан қорғау ретінде қолдану қажеттілігі болған жағдайда, жүк көп қабатты фанерадан немесе бір-бірімен тығыз жанасқан сүрленген ағаштардан жасалған тығыз жәшіктерге салынуы тиіс.

      35. Бақылау рамасымен келе жатқан жүкті тиісті біліктілігі бар жол қашықтығының тәжірибелі жұмыскері алып жүруі тиіс.

      36. Арнайы температуралық режимі сақталатын жүктер тек рефрижераторлық вагондармен тасымалдануы тиіс.

      37. Бұрын қауіпті жүктер тасымалданған көлік құралдарымен тағам өнімдерін тасымалдауға жол берілмейді.

      38. Тағам өнімдерін тағамдық емес өнімдермен бірге тасымалдауға тыйым салынады. Бір вагонда, контейнерде тағам өнімдерінің әрбір түрлерін бірге тасымалдау, оларды тасымалдауға бірдей шарттары мен қызмет көрсету әдісі бар темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісім бойынша азық-түліктердің иісін бөлмейтін және қабылдамайтын тағамдарға ғана қатысты рұқсат етіледі.

      39. Темір жолдар бойынша ерекше талаптармен вагон-цистерналарға және бункерлік жартылай вагондарға құйылған сұйық жүктерді, оңай жанғыш жүктерді және басқаларды тасымалдауға жол беріледі.

      40. Жүктерді ерекше талаптармен тасымалдауды ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасында белгіленген сәйкес цистерна-вагондарда және бункерлік жартылай вагондарға құйылған сұйық жүктерді тасымалдау ережесімен, оңай жанғыш жүктерді тасымалдау ережесімен белгіленеді.

      41.Қауіпті жүктерден басқа сұйық жүктерді алғашқы сынбайтын ыдыстағы контейнерлерде (күбілер, бидондар, канистралар, пластик ыдыстар), сондай-ақ көлемі 3 л аспайтын ұсақ шыны ыдыстарға бөліп, қораптарға, орамдық торға және басқа да жеңіл орамға салып тасымалдауға жол беріледі. Ыдыс көрсетілген сұйық жүкті тасымалдауға арналған болуы тиіс.

      42. Ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру және бекіту тасымалдау кезінде жүктердің жылжып кетуін және бүлінуін болдырмауы тиіс.

      43. Вагондарда жүктерді орналастыру шарттары: бекіту деректемелерін есепке алғандағы жүктің массасы вагонның трафареттік жүк көтергіштігінен аспауы тиіс. Жүк ауырлығының жалпы ортасынан вагонның көлденең және тік осьтеріне қатысты ауытқуы, сондай-ақ вагон шанағының элементтеріне жүктемесі рұқсат етілген мәндерден аспауы тиіс.

      44. Сыртқы орамы қағаздан, пергаминнен және басқа да оңай жанғыш материалдардан болатын жүктерді ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға жол берілмейді.

      45. Контейнерлерде иісі нашар, контейнердің ішкі бетін былғайтын жүктерді, тасымалданғаннан кейін контейнерді жуу және дезинфекциялау талап етілетін жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.

      46. Радиациялық фактор бойынша нормаланатын жүктерді тасымалдағаннан кейін барлық көлік құралдары олардың одан кейінгі пайдалануға қарамастан радиациялық бақылаудан өтуі тиіс.

      47. Жүктерді және контейнерлерді вагондарға тиеумен және олардан түсірумен байланысты операцияларды орындау үшін жалпы пайдалануға арналған орындарда вагондарды, контейнерлерді үздіксіз, сақтай отырып өңдеуге, жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге арналған тиісті түрде жабдықталған құрылыстар мен қондырғылар болуы тиіс, сондай-ақ олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына жауап беруі тиіс. Бұл операцияларды тиеп-түсіру машиналары және жабдықтары жүзеге асырады.

6. Өтпелі ережелер

      48. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осы Техникалық регламенттің қолданысқа енгізілу сәтінен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер оларды осы Техникалық регламентке сәйкес келтіргенге дейін осы Техникалық регламенттің талаптарына қайшы келмейтін және жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау кезінде ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау, адам өмірін немесе денсаулығын және қоршаған ортаның қауіпсіздігін немесе оны қорғауды қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келетін бөлігінде ғана орындалуы тиіс.

      48. Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдаудың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған тасымалдау құжаттары оларда белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін жарамды деп есептеледі.

  "Жолаушыларды,
багажды, жүктерді, жүк-багажды
және пошта жөнелтімдерін темір
жол көлігімен тасымалдау
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламентіне
қосымша

Қауіпті жүктерді сыныптау

      1-сынып - жарылғыш материалдар (ЖМ);

      2-сынып - сығымдалған, сұйытылған және қысыммен ерітілген газдар;

      3-сынып - тезтұтанғыш сұйықтықтар (ТТС);

      4-сынып - тезтұтанғыш қатты заттар (ТҚЗ);

      өздігінен тұтанғыш заттар (ӨТ);

      сумен өзара әрекет кезінде тұтанғыш заттар бөліп шығаратын заттар;

      5-сынып - тотықтырғыш заттар (ТЗ) және органикалық пероксидтер (ОП);

      6-сынып - улы заттар (УЗ) және инфекциялық заттар (ИЗ);

      7-сынып - радиоактивті материалдар (РМ);

      8-сынып - жебір және (немесе) коррозиялық заттар (КЗ);

      9-сынып - басқа да қауіпті заттар.

Қауіпті заттардың кіші сыныбы

Нөмір

Кіші сыныптың атауы

 
сыныптың

кіші сыныптың

1

1.1

Массасының жарылу қаупі бар жарылғыш материалдар

1.2

Массасы жарылмайтын жарылғыш материалдар

1.3

Массасы жарылмайтын өрт қаупі бар жарылғыш материалдар

1.4

Елеулі қауіп келтірмейтін жарылғыш материалдар

1.5

Онша сезгіш емес жарылғыш материалдар

1.6

Аса төмен сезгіш бұйымдар

2

2.1

Тұтанбайтын улы емес газдар

2.2

Улы газдар

2.3

Тұтанғыш (жанғыш) газдар

2.4

Улы және тұтанғыш газдар

3

3.1

Жабық тигелдегі минус 18 оС төмен температуралық жарқ етуімен тезтұтанғыш сұйықтық

3.2

Жабық тигелдегі кемінде минус 18оС, бірақ 23оС төмен температуралық жарқ етуімен тезтұтанғыш сұйықтық

3.3

Жабық тигелдегі кемінде минус 23оС, бірақ 61оС аспайтын температуралық жарқ етуімен тезтұтанғыш сұйықтық

4

4.1

Тез тұтанғыш қатты заттар

4.2

Өздігінен жанғыш заттар

4.3

Сумен өзара әрекет кезінде тұтанғыш газдар бөліп шығаратын заттар

5

5.1

Тотықтырғыш заттар

5.2

Органикалық пероксидтер

6

6.1

Улы заттар

6.2

Инфекциялық заттар

7

-

Радиоактивті материалдар кіші сыныптарға бөлінбеген

8

8.1

Қышқылдық қасиеті бар жебір және (немесе) коррозиялық заттар

8.2

Негізгі қасиеттерге ие жебір және (немесе) коррозиялық заттар

8.3

Әр түрлі жебір және (немесе) коррозиялық заттар

9

9.1

1-8-сыныптарға жатқызылмаған жүктер

9.2

Үйіп су көлігімен тасымалдаған кезде ғана қауіп тудыратын қауіп түрлері бар жүктер


Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности перевозок пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2010 года № 792. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 января 2017 года № 29

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.01.2017 № 29 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Технический регламент "Требования к безопасности перевозок пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении шести месяцев со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 4 августа 2010 года № 792

Технический регламент
"Требования к безопасности перевозок пассажиров, багажа,
грузов, грузобагажа и почтовых отправлений
железнодорожным транспортом"
1. Область применения

      1. Настоящий Технический регламент "Требования к безопасности перевозок пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом" (далее - Технический регламент) устанавливает минимальные требования к безопасности процесса перевозок пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом.

      2. Объектами технического регулирования настоящего Технического регламента являются:

      процесс перевозки пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений;

      процесс перевозки груза.

      3. Опасными факторами (рисками), которых следует избегать при перевозочном процессе, в отношении вероятности причинения вреда жизни или здоровью человека, сохранности багажа, грузобагажа людей, грузов и почтовых отправлений, охране окружающей среды являются:

      угроза получения травм пассажирами вследствие пользования стоп-краном;

      заторы в проходах из-за создания затрудненных условий для передвижения пассажиров;

      вероятность химических отравлений, вследствие перевозки запрещенного багажа, грузобагажа и/или опасного груза;

      вероятность утраты ценности багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений, в случае их повреждения при перевозке.

      4. Идентификация объектов технического регулирования настоящего технического регламента осуществляется визуально и в соответствии с представленной документацией при регулировании отношений между перевозчиками, пассажирами, организациями, осуществляющими деятельность в сфере железнодорожного транспорта, грузоотправителями, грузополучателями.

2. Термины и определения

      5. В настоящем Техническом регламенте используются следующие термины и определения:

      1) авария - опасное техногенное происшествие, создающее на объекте, определенной территории угрозу жизни и здоровью людей и приводящее к разрушению зданий, сооружений, оборудования и транспортных средств, нарушению производственного и транспортного процесса, а также нанесению ущерба окружающей природной среде;

      2) ремонт - комплекс операций по восстановлению исправности или работоспособности изделий и восстановлению ресурсов изделий или их составных частей;

      3) обслуживающий персонал пассажирского поезда - начальник поезда, поездные электромеханики, проводники вагонов, директора и обслуживающий персонал вагона-ресторана; обслуживающий персонал почтовых вагонов - начальники вагона, проводник-электромонтер почтовых вагонов, а также лица, допущенные к обслуживанию служебно-технических вагонов, вагонов специального назначения, оборудованных на базе пассажирских вагонов;

      4) освидетельствование - осмотры, замеры, испытания и проверки в действии, а также проверка маркировки и клеймения;

      5) опасный груз - вещества, материалы и изделия, обладающие свойствами, проявление которых в транспортном процессе может привести к гибели, травмированию, отравлению, облучению, заболеванию людей и животных, а также к взрыву, пожару, повреждению сооружений, транспортных средств;

      6) надежность - свойство объекта сохранять во времени в установленных пределах значения всех параметров, характеризующих способность выполнять требуемые функции в заданных режимах и условиях применения, технического обслуживания, хранения и транспортировки;

      7) санитарное заключение - документ, подтверждающий соответствие требованиям нормативных правовых актов в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения объекта, транспортного средства, подлежащих государственному санитарно-эпидемиологическому надзору, дающий право на их эксплуатацию или использование;

      8) техническое обслуживание - операция или комплекс операций по поддержанию работоспособности и исправности изделия при использовании его по назначению, в состоянии ожидания, хранения и транспортировки.

3. Общие требования безопасности к перевозкам

      6. При перевозках должны обеспечиваться следующие требования безопасности:

      безопасность перевозок пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений;

      безопасность перевозок грузов;

      пожарная безопасность;

      химическая безопасность;

      санитарно-эпидемиологическая безопасность;

      экологическая безопасность.

      7. Не допускается ставить в поезда и допускать к следованию:

      вагоны неисправные, угрожающие безопасности движения и состояние которых не обеспечивает сохранности перевозимых грузов;

      вагоны, загруженные сверх их грузоподъемности;

      платформы и полувагоны, загруженные с нарушением технических условий погрузки и крепления грузов на открытом подвижном составе;

      вагоны, имеющие просевшие рессоры, вызывающие перекос кузова или удары рамы и кузова вагона о ходовые части, а также вагоны с неисправностью кровли, создающей опасность отрыва ее листов;

      вагоны, имевшие сход с рельсов или находившиеся в поезде, потерпевшем крушение, до их осмотра и признания годными для движения;

      вагоны, не имеющие трафарета о производстве установленных видов ремонта, за исключением вагонов, следующих по особым документам (как груз на своих осях);

      платформы, транспортеры и полувагоны с негабаритными грузами, если о следовании таких вагонов не будет дано особых указаний;

      платформы с незакрытыми и незакрепленными бортами, вагоны с незакрепленными бункерами, цистерны, хопперы, зерновозы, цементовозы и подобный подвижной состав с открытыми крышками загрузочно-выгрузочных верхних и нижних устройств;

      полувагоны с открытыми дверями и люками или люками, закрытыми на одну закидку запорного механизма;

      порожние крытые вагоны с открытыми и не запертыми на дверную закидку дверями, вагоны для перевозки нефтебитума с не очищенными от битума колесными парами по кругу катания.

      8. Пожарная безопасность на поездах при перевозочном процессе обеспечивается проведением противопожарных профилактических работ и ликвидации пожаров в поездах подвижного состава в случае его возникновения.

      9. Запрещается использовать после проведения работ по техническому обслуживанию и ремонту подвижной состав, не имеющий полного комплекта первичных средств пожаротушения, с неисправными или незаряженными установками пожаротушения, неисправной пожарной сигнализацией, а также неисправными аварийными выходами и системами дымоудаления.

      10. В пути следования подвижного состава должен быть предотвращен доступ обслуживающего персонала и пассажиров к незащищенным (неизолированным) частям электрооборудования железнодорожного подвижного состава, находящихся под напряжением и могущим стать источником поражения электрическим током.

      11. При обнаружении в пути следования у вагона технических неисправностей, разрешается довести неисправный вагон без отцепки от поезда (пассажирский со скоростью не свыше 100 км/ч) до ближайшего пункта технического обслуживания.

4. Требования к безопасности перевозок пассажиров, багажа,
грузобагажа и почтовых отправлений

      12. Не допускается включать в поезда пассажирские вагоны, имеющие неисправности электропневматического тормоза, отопления, электрооборудования, вентиляции и другие неисправности, нарушающие безопасные условия перевозки пассажиров, а также пассажирские вагоны с радиокупе (штабные) с неисправной радиосвязью начальника (механика-бригадира) пассажирского поезда с машинистом локомотива.

      13. Допускается прицеплять к пассажирским поездам дальнего и местного сообщений не цельнометаллические вагоны служебно-технического назначения.

      14. Скорость движения пассажирских и почтово-багажных поездов, в который включен подвижной состав других конструкций и типов, не должна превышать скоростей, установленных для данного подвижного состава.

      15. Для перевозки пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений допускаются вагоны, обеспечивающие безопасное и равномерное движение с наибольшими конструкционными скоростями перспективных локомотивов, предназначенных для обслуживания в пассажирских поездах.

      16. В пассажирских вагонах подвижного состава, в зоне возможного перемещения пассажиров и обслуживающего персонала (на уровне головы, ног, туловища) должны отсутствовать элементы конструкции и оборудования, которые их могут травмировать.

      17. В пассажирских вагонах, в вагонах дизель-поездов и электропоездов при перевозках пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом не допускается блокировать проходы, тамбуры и выходы.

      18. Любое устройство, предназначенное для использования пассажирами, должно обеспечивать безопасную работу этого устройства без нанесения ущерба здоровью и безопасности пассажиров.

      19. В случае опасности для пассажиров должны быть предусмотрены устройства, позволяющие обслуживающему персоналу уведомлять начальника поезда и/или машиниста об этой опасности, а также, при особой необходимости, затормозить поезд и/или открыть двери.

      20. Стоп-краны в пассажирских вагонах устанавливаются в тамбурах, внутри вагонов и пломбируются.

      21. Конструктивные элементы и материалы, применяемые при ремонте вагонов, а также система противопожарной защиты должны соответствовать требованиям пожарной безопасности и обеспечивать ограничение возникновения, распространения и влияния огня, дыма в случае возгорания.

      В случае пожара материалы должны ограничивать выброс вредных и опасных дымов, паров и газов.

      22. В вагонах пассажирского поезда не допускается провозить предметы, вещества или другие материалы и изделия, которые могут создать угрозу химического отравления пассажиров и угрозу безопасным условиям перевозки багажа, грузобагажа (легковоспламеняющиеся жидкости, газы, взрывчатые и ядовитые вещества) и почтовых отправлений.

      23. К перевозке багажом, грузобагажом принимаются такие вещи и предметы, которые по своим размерам, упаковке, свойствам могут без затруднений погружены и размещены в багажном вагоне, не причиняя вреда имуществу перевозчика, почтовым отправлениям и багажу, грузобагажу других пассажиров.

      24. В вагонах пассажирских поездов в пути их следования не допускается:

      эксплуатация вагона с утечкой тока на корпус вагона;

      эксплуатация неисправного электрооборудования, осветительной сети, нагревательных приборов, а также оставлять работающее электрооборудование без присмотра;

      замена перегоревших электрических ламп другими, мощность которых выше установленной заводом-изготовителем и схемой;

      ставить предохранители, не соответствующие установленному номиналу для данной цепи;

      зарядка аккумуляторных батарей способом, неустановленным в гармонизированных стандартах или инструкцией завода-изготовителя вагонов;

      включение нагревательных приборов и других электроприборов, не предусмотренных схемой и инструкцией завода-изготовителя вагонов;

      хранение посторонних предметов в нишах с электроаппаратурой, складирование горючих материалов вблизи приборов отопления, электросветильников;

      вскрытие кожухов и произведение ремонта или регулировки стабилизаторов на вагонах в пути следования;

      включение токопотребителей вагона без соответствующего контроля за средствами измерений при этом (за показаниями на вольтметре, амперметре);

      включение электрокалориферов при неработающей вентиляции и допускать их перегрев сверх допустимой температуры выше 28оС по показанию дистанционного термометра;

      использование междувагонных электрических соединений (штепселя, головки и прочее) не защищенными холостыми розетками и защитными коробками;

      эксплуатация неисправных аккумуляторных батарей (при наличии короткозамкнутых элементов, обрыве более 20 % жил гибкой перемычки или провода, без крышек или с открытыми коробками предохранителей, с поврежденными или залитыми электролитом чехлами, с несоответствующей плотностью и уровнем электролита).

      25. Не допускается перевозка людей, животных, опасных и особо опасных грузов без соблюдений требований санитарно-эпидемиологической безопасности.

5. Требования к безопасности перевозок грузов

      26. Перевозка грузов осуществляется только подвижным составом, который по своей конструкции, назначению и техническому состоянию пригоден для безопасной и сохранной перевозки конкретного груза.

      27. Перевозимый на открытом подвижном составе груз (с учетом упаковки и крепления) должен размещаться в пределах габаритов погрузки.

      28. В пределах станций поезда с негабаритными грузами, должны пропускаться только по специально выделенным и указанным в техническо-распорядительных актах путям.

      Расстояние между осями данных путей должно составлять не менее 4800 мм. Около данных путей не должно быть высоких платформ, а все остальные сооружения и устройства должны соответствовать установленным габаритам.

      29. Номер поезда, в который включены вагоны с негабаритными грузами, дополняется индексом негабаритности, характеризующим зоны и степени негабаритности груза. В перевозочных документах делается отметка о наличии в поезде вагонов с негабаритным грузом.

      30. В зависимости от степени и опасности груза грузоотправителем производится отнесение опасных грузов к определенному классу, подклассу, категории и группе согласно приложения к Техническому регламенту.

      31. Грузы, в том числе опасные должны предъявляться грузоотправителями к перевозке в таре и упаковке. Не допускаются к перевозке опасные грузы в поврежденной таре или с открытыми пробками (крышками, люками).

      32. Безопасность перевозки, погрузки, выгрузки (разгрузки), хранения и транспортировки опасных грузов, обеспечивается наличием средств и мобильных подразделений отделений железных дорог, необходимых для ликвидации аварийных ситуаций и их последствий.

      33. При возникновении аварийной ситуации в процессе перевозки опасных грузов, участники перевозочного процесса обеспечивают немедленную отправку указанных подразделений на место происшествия.

      34. Перевозка грузов на открытом подвижном составе, упакованных с применением бумаги, пергамента, толи и других легкогорючих материалов, не допускается. При необходимости применения таких материалов в качестве защиты от механических повреждений и воздействия атмосферных осадков груз должен быть упакован в плотные ящики из многослойной фанеры или из плотно подогнанных между собой строганных досок.

      35. Груз, следующий с контрольной рамой, должен сопровождаться опытным работником дистанции пути соответствующей квалификации.

      36. Грузы, для которых требуется соблюдение определенного температурного режима, должны перевозиться только в рефрижераторных вагонах.

      37. Не допускается транспортировка пищевых продуктов в транспортных средствах, в которых ранее перевозились опасные грузы.

      38. Транспортировка пищевых продуктов совместно с непродовольственными грузами запрещается. Совместная перевозка в одном вагоне, контейнере разных видов пищевых продуктов допускается только в отношении не выделяющих и не воспринимающих запахи продуктов, имеющих одинаковые условия их перевозки и способ обслуживания по согласованию с органами государственного санитарно-эпидемиологического надзора на железнодорожном транспорте.

      39. К перевозке по железным дорогам на особых условиях допускаются жидкие грузы наливом в вагонах-цистернах и бункерных полувагонах, легкогорючие грузы и другие.

      40. Порядок оформления перевозки грузов на особых условиях устанавливается правилами перевозок жидких грузов наливом в вагонах-цистернах и бункерных полувагонах, правилами перевозок легкогорючих грузов, установленными законодательством Республики Казахстан в области железнодорожного транспорта порядке.

      41. Жидкие грузы, кроме опасных, допускаются к перевозке в контейнерах в первичной небьющейся таре (бочках, бидонах, канистрах, пластиковых емкостях), а также расфасованные в мелкую стеклянную тару, объемом не более 3 л, упакованную в коробки, обрешетку и другую облегченную упаковку. Тара должна быть предназначена под перевозку предъявленного жидкого груза.

      42. Размещение и крепление грузов на открытом подвижном составе должно исключать сдвиг и порчу груза при перевозке.

      43. Условия размещения грузов в вагонах: масса груза с учетом реквизитов крепления не должна превышать трафаретной грузоподъемности вагона. Смещение общего центра тяжести груза относительно продольной и поперечной осей вагона, а также нагрузки на элементы кузова вагона не должны превышать допустимых значений.

      44. Перевозка грузов в открытом подвижном составе с наружной упаковкой из бумаги, пергамина и других легкогорючих материалов не допускается.

      45. Не допускается перевозка в контейнерах грузов зловонных, загрязняющих внутренние поверхности контейнера, грузов, после перевозки которых требуется промывка и дезинфекция контейнера.

      46. Все транспортные средства после перевозки грузов, нормируемых по радиационному фактору, должны подвергаться радиационному контролю, независимо от их дальнейшего использования.

      47. Для выполнения операций, связанных с погрузкой в вагоны и выгрузкой из них грузов и контейнеров, места общего пользования должны иметь надлежащим образом оборудованные сооружения и устройства для бесперебойной, сохранной обработки вагонов, контейнеров, обеспечения сохранности грузов, а также отвечать требованиям законодательства в области охраны окружающей среды. Осуществление этих операций производится погрузочно-разгрузочными машинами и оборудованием.

6. Переходные положения

      48. Настоящий Технический регламент вводится в действие по истечении шести месяцев со дня его первого официального опубликования.

      С момента введения в действие настоящего Технического регламента нормативные правовые акты, действующие на территории Республики Казахстан, до приведения их в соответствие с настоящим техническим регламентом, подлежат исполнению только в части, не противоречащей требованиям настоящего Технического регламента и соответствующий целям защиты интересов национальной безопасности, обеспечения безопасности и охраны жизни или здоровья человека и окружающей среды при перевозках пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом.

      49. Перевозочные документы, подтверждающие соответствие требованиям безопасности перевозок пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом, принятые до введения в действие настоящего Технического регламента, считаются действительными до окончания, установленного в них срока.

  Приложение
к Техническому регламенту "Требования
к безопасности перевозок пассажиров,
багажа, грузов, грузобагажа и почтовых
отправлений железнодорожным транспортом"

Классификация опасных грузов

      класс 1 - взрывчатые материалы (ВМ);

      класс 2 - газы сжатые, сжиженные и растворенные под давлением;

      класс 3 - легковоспламеняющиеся жидкости (ЛВЖ);

      класс 4 - легковоспламеняющиеся твердые вещества (ЛВТ);

      самовозгорающиеся вещества (СВ);

      вещества, выделяющие воспламеняющиеся газы при взаимодействии с

      водой;

      класс 5 - окисляющие вещества (ОК) и органические пероксиды (ОП);

      класс 6 - ядовитые вещества (ЯВ) и инфекционные вещества (ИВ);

      класс 7 - радиоактивные материалы (РМ);

      класс 8 - едкие и (или) коррозионные вещества (ЕК);

      класс 9 - прочие опасные вещества.

Подклассы опасных грузов

Номер

Наименование подкласса

класса

подкласса

1

1.1

Взрывчатые материалы с опасностью взрыва
массой

1.2

Взрывчатые материалы, не взрывающиеся массой

1.3

Взрывчатые материалы пожароопасные, не
взрывающиеся массой

1.4

Взрывчатые материалы, не представляющие
значительной опасности

1.5

Очень нечувствительные взрывчатые материалы

1.6

Изделия чрезвычайно низкой чувствительности

2

2.1

Невоспламеняющиеся неядовитые газы

2.2

Ядовитые газы

2.3

Воспламеняющиеся (горючие) газы

2.4

Ядовитые и воспламеняющиеся газы

3

3.1

Легковоспламеняющиеся жидкости с температурой
вспышки менее минус 18оС в закрытом тигле

3.2

Легковоспламеняющиеся жидкости с температурой
вспышки не менее минус 18оС, но менее 23оС в
закрытом тигле

3.3

Легковоспламеняющиеся жидкости с температурой
вспышки не менее 23оС, но не более 61оС в
закрытом тигле

4

4.1

Легковоспламеняющиеся твердые вещества

4.2

Самовозгорающиеся вещества

4.3

Вещества, выделяющие воспламеняющиеся газы при
взаимодействии с водой

5

5.1

Окисляющие вещества

5.2

Органические пероксиды

6

6.1

Ядовитые вещества

6.2

Инфекционные вещества

7

-

Радиоактивные материалы на подклассы не
разделены

8

8.1

Едкие и (или) коррозионные вещества,
обладающие кислотными свойствами

8.2

Едкие и (или) коррозионные вещества,
обладающие основными свойствами

8.3

Разные едкие и (или) коррозионные вещества

9

9.1

Грузы, не отнесенные к классам 1-8

9.2

Грузы, обладающие видами опасности, проявление
которых представляет опасность только при их
транспортировании навалом водным транспортом