Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 841 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Салалық даму бағдарламалары» деген 1-бөлімнің 5-бағанында:
      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-жолдарда «15 шілде» деген сөздер «15 қыркүйек» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-жолдарда «15 тамыз» деген сөздер «1 қазан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 23-жолда «қыркүйек» деген сөз «1 қазан» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2010 года № 841

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302 "Об утверждении Плана мероприятий Правительства Республики Казахстан по реализации Государственной программы по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы" следующие изменения:
      в Плане мероприятий Правительства Республики Казахстан по реализации Государственной программы по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы, утвержденном указанным постановлением:
      в графе 5 раздела 1. "Отраслевые программы развития":
      в строках, порядковые номера 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, слова "15 июля" заменить словами "15 сентября";
      в строках, порядковые номера 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, слова "15 августа" заменить словами "1 октября";
      в строке, порядковый номер 23, слово "сентябрь" заменить словами "1 октября".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов