«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 363-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов