Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 926 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды» (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
      тақырыбы, 1-тармақ және 2-бөлімнің тақырыбы «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен  ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
      «14. Осы Ереженің 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында, көрсетілген функцияларды орындайтын ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
      1) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің және оның филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
      2) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеме филиалдарының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер мен арнайы қорғаныс құралдарын сатып алуға;
      3) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін дезинфекциялық заттар, арнайы ветеринариялық құралдар, материалдар сатып алуға;
      4) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.
      15. Осы Ереженің 2-тармағының 1), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген функцияларды орындайтын ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
      1) мемлекеттік мекеменің және оның филиалының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
      2) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
      3) ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін тартылған штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге;
      4) мемлекеттік мекеме мен оның филиалы мамандарының біліктілігін арттыруға;
      5) аккредиттеуге (оның ішінде халықаралық), қайта аккредиттеуге және мемлекеттік мекеменің аккредиттеу саласын кеңейту мен аккредиттеуді, қайта аккредиттеуді және аккредиттеу саласын кеңейтуді консалтингтік қамтамасыз етуге;
      6) ақылы қызмет түрлерін көрсетуге байланысты іссапар шығыстарына;
      7) ветеринария саласындағы конференцияларға, семинарларға, оқыту тренингтеріне, көрмелерге, экскурсияларға, тұсаукесерлерге қатысуға және оларды өткізуге жұмсалады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2010 года № 351

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2010 года № 926. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 680

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 680 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2010 года № 351 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере ветеринарии" следующие дополнения и изменение:
      заголовок и пункт 1 дополнить словами "и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)";
      в Правилах оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере ветеринарии, утвержденных указанным постановлением:
      заголовок, пункт 1 и заголовок раздела 2 дополнить словами "и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)";
      пункт 12 исключить;
      дополнить пунктами 14 и 15 следующего содержания:
      "14. Средства, полученные государственными учреждениями в сфере ветеринарии, выполняющими функции, указанные в подпунктах 2), 3), 4) и 6) пункта 2 настоящих Правил, от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), расходуются на:
      1) укрепление, оснащение и содержание материально-технической базы, приобретение и ремонт основных средств государственного учреждения и его филиалов для осуществления ветеринарных мероприятий и оказания платных видов деятельности;
      2) приобретение специальной одежды и специальных средств защиты для работников филиалов государственного учреждения для осуществления ветеринарных мероприятий и оказания платных видов деятельности;
      3) приобретение дезинфекционных средств, специальных ветеринарных инструментов, материалов для осуществления ветеринарных мероприятий и оказания платных видов деятельности;
      4) поощрение работников государственных учреждений в сфере ветеринарии за трудовые показатели.
      15. Средства, полученные государственными учреждениями в сфере ветеринарии, выполняющими функции, указанные в подпунктах 1), 5) и 7) пункта 2 настоящих Правил от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), расходуются на:
      1) укрепление, оснащение и содержание материально-технической базы, приобретение и ремонт основных средств государственного учреждения и его филиала;
      2) поощрение работников государственных учреждений в сфере ветеринарии за трудовые показатели;
      3) оплату труда привлеченных внештатных работников для оказания платных видов деятельности;
      4) повышение квалификации специалистов государственного учреждения и его филиала;
      5) аккредитацию (в том числе международную), реаккредитацию и расширение области аккредитации государственного учреждения и консалтинговое обеспечение аккредитации, реаккредитации и расширения области аккредитации;
      6) командировочные расходы, связанные с оказанием платных видов деятельности;
      7) участие и проведение конференций, семинаров, обучающих тренингов, выставок, экскурсий, презентаций в области ветеринарии.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов