Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Дүниежүзілік Банктің Институционалдық даму қорының «Сатып алу аудитін жүргізу жөніндегі ведомствоның әлеуетін нығайту» грантын бөлу туралы келісім хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкі арасындағы Дүниежүзілік Банктің Институционалдық даму
қорының «Сатып алу аудитін жүргізу жөніндегі ведомствоның
әлеуетін нығайту» грантын бөлу туралы келісім хатқа қол қою
туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Дүниежүзілік Банктің Институционалдық даму қорының «Сатып алу аудитін жүргізу жөніндегі ведомствоның әлеуетін нығайту» грантын бөлу туралы келісім хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Дүниежүзілік Банктің Институционалдық даму қорының «Сатып алу әлеуетін жүргізу жөніндегі ведомствоның әлеуетін нығайту» грантын бөлу туралы келісім хатқа қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы « »
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
ЖОБА
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкі арасындағы Дүниежүзілік Банктің Институционалдық даму
қорының «Сатып алу аудитін жүргізу жөніндегі ведомствоның
әлеуетін нығайту» грантын бөлу туралы келісім хат I бап
Стандарттық шарттар; Анықтамалар
1.01. Стандарттық шарттар. Дүниежүзілік Банк әртүрлі қорлардан беретін гранттарға арналған 2008 жылғы 1 шілдедегі редакциядағы стандарттық шарттар (бұдан әрі - Стандарттық шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
1.2. Анықтамалар. Егер түпмәтінде өзгеше белгіленбесе, осы Келісімде пайдаланылатын бас әріппен белгіленген терминдер Стандарттық шарттарда немесе осы Келісімде оларға берілген мағынаға ие болады.
II бап
Жобаны іске асыру
2.01. Жобаның мақсаттары мен сипаттамасы. Жобаның мақсаты жобаны іске асыру кезінде басшылық ету мен есеп беру сапасын арттыруда және атап айтқанда, сатып алуды басқаруды ішкі бақылауды күшейтуде болып табылады. Жоба мынадай қүрауыштардан түрады:
(а) Сатып алудың тәуелсіз аудиті мынадай: (і) Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын жоба шеңберінде сатып алуға бағалау жүргізу; (іі) Жоба нәтижелерінің техникалық сараптамасын жүргізу; және (ііі) жергілікті персоналды сатып алуға бағалау жүргізу әдістеріне оқыту мақсаттарында консультанттар қызметін көрсету және оқу бағдарламасын іске асыру.
(b) Инстутиционалдау және сатып алудың тәуелсіз аудиті рәсімін енгізү: Мынадай: (і) сатып алуды бағалаудың қолданыстағы рәсімдеріне диагностикалық бағалау жүргізу; (іі) Қаржы министрлігіне және басқа да тиісті ведомстволарға сатып алуды бағалау үшін әлеуетін нығайту стратегиясын әзірлеу; және (ііі) сатып алу аудитін жүргізу бойынша әлеуетті нығайту және жетілдіруде жәрдем көрсету мақсаттарында консультанттар қызметін көрсету және тренингтерді іске асыру.
2.02. Жобаны іске асырудың жалпы шарттары. Алушы Жоба міндеттеріне өзінің адалдығын мәлімдейді. Осы мақсатта Алушы Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арқылы іске асыруды және оның құрауышты мына: (а) Стандарттық шарттардың II бабының; (b) ХҚҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары есебінен қаржыландырылатын жобалардағы Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі 2006 жылғы 15 қазандағы редакциядағы нұсқаулықтың; (с) және осы II баптың ережелеріне сәйкес (іі) Жобаны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді;
2.03. Жоба бойынша мониторинг, есептілік және бағалау. (а) Алушы Жобаны іске асыру барысына мониторинг пен бағалауды қамтамасыз етеді және Дүниежүзілік Банктің талабы бойынша Стандарттық шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес және осы Бөлімнің (b) тармағында айтылған көрсеткіштер негізінде Жоба бойынша есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп Банктің талабында көрсетілген кезеңді қамтуы тиіс және осындай сұрау салу алынған күннен кейін бір айдан кешіктірілмей Банкке ұсынылуы тиіс.
(b) осы тармақтың (а) тармақшасында аталған тиімділік көрсеткіштері мыналарды қамтиды:
(і) Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын жолдарды салу бойынша жобалардың сатып алу аудиттері мен техникалық сараптама жүргізілген.
(іі) Сатып алу аудиті мен техникалық сараптама жүргізу тетіктері толығымен институционалданған.
(ііі) Қаржы министрлігінің жоба бойынша сатып алу аудитін жүргізу жөніндегі әлеуеті нығайған және жетілдірілген.
(с) Алушы Дүниежүзілік Банктің талабын алғаннан бастап Стандарттық шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Жобаның аяқталуы туралы есебін дайындайды. Жобаның аяқталуы туралы есеп Дүниежүзілік Банкке Грант шотының Жабылу күнінен кейін бес айдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
2.04. Қаржылық басқару. (а) Стандарттық шарттардың 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес Алушы қаржылық басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
(b) Алушы әрбір күнтізбелік жартыжылдық аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей Жоба бойынша тексерілмеген аралық қаржы есептілігінің жасалуын және Дүниежүзілік Банкке ұсынылуын қамтамасыз етеді, бұл ретте әрбір осындай есеп тиісті жартыжылдықты қамтуы, ал осындай есептің нысаны мен мазмұны Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
(с) Стандарттық шарттардың 2.07-бәлімінің (b) ережелеріне сәйкес Алушы Жоба бойынша өзінің қаржы есептеріне аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді. Қаржы есептерін мұндай аудиторлық тексеру Грант шотынан қаражат алу жүргізілген бүкіл кезеңді қамтуы тиіс. Осындай кезең үшін аудиторлық тексеруден өткен қаржы есептері, тиісті кезең аяқталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылуы тиіс.
2.05. Сатып алу
(а) Жалпы ережелер: Жобаны іске асыру үшін Грант қаражатынан қаржыландырылатын қажетті барлық өерсетілетін қызметтер Дүниежүзілік Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған «Дүниежүзілік Банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеу мен жалдау жөніндегі нұсқаулықтың» I (1.24-тармақты қоспағанда) және IV бөлімдерінде («Консультанттарды іріктеу жөніндегі нүсқаулық») айтылған немесе аталған талаптарға сәйкес сатып алынады.
(b) Анықтамалар. Бас әріппен белгіленген және осы Бөлімнің мынадай тармақтарында сатып алудың жекелеген әдістерін немесе Дүниежүзілік Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін пайдаланылатын терминдер Консультанттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулықта сипатталған тиісті әдістерге жатады.
(с) Көрсетілетін консультативтік қызметтерді сатып алудың жекелеген әдістері.
(і) Егер осы тармақтың (іі) тармақшасында өзгеше көзделмесе, консультанттардың көрсететін қызметтерін сатып алу консультанттарды сапа және құн негізінде іріктеу нәтижелері бойынша жасалатын келісімшарттар негізінде жүргізілетін болады.
(іі) Консультанттарды іріктеу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген талаптарға жауап береді деп Банкпен келісілген тапсырмаларды орындауға тартылатын консультанттардың көрсететін қызметтерін сатып алу үшін мына әдістерді қолдануға болады: (а) Сапасы бойынша іріктеу; (b) Тіркелген бюджет жағдайында іріктеу; (с) Ең аз құны бойынша іріктеу; (d) Консультанттардың біліктіліктері бойынша іріктеу; (e) Конкурстан тыс іріктеу; (g) Жеке консультанттарды іріктеу; және (f) Жеке консультанттарды іріктеу бойынша конкурстан тыс рәсімдер.
(e) Сатып алу жөніндегі шешімдерді Дүниежүзілік Банктің қарауы. Егер Алушы Дүниежүзілік Банктің өзгеше жазбаша хабарламаса туралы хабардар етілмейтін болса, мынадай келісімшарттар Дүниежүзілік Банктің алдын ала қарауына жатады: (а) сатып алудың әрбір әдісіне сәйкес жасалатын бірінші келісімшарт; және (b) 100 000 АҚШ долларына балама және одан да жоғары сомаға фирма көрсететін консультативтік қызметтерге арналған әрбір келісімшарт және 50 000 АҚШ долларына балама және одан да жоғары және сомаға жеке консультанттың көрсететін қызметтеріне арналған әрбір келісімшарт. Барлық техникалық талаптар мен басқа да келісімшарттар Дүниежүзілік Банктің кейіннен қарауына жатады.
III бап
Грант қаражатын алу
3.01. Рұқсат етілетін шығыстар. Алушы: (а) Стандарттық шарттардың III бабының; (b) осы Бөлімнің; және (с) келесі кестеде көрсетілген өлшемдерді қанағаттандыратын шығыстарды қаржыландыру үшін Дүниежүзілік Банк Алушыны хабардар ету арқылы шығаруы мүмкін болған қосымша нұсқаулардың (Дүниежүзілік Банк кезең-кезеңімен қайта қарайтын және осындай нұсқаулар негізінде осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамыр айымен белгіленген редакциядағы «Дүниежүзілік Банктің жобалар бойынша төлемдер жүргізу жөніндегі нұсқаулығын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Грант қаражатын іріктеуді жүргізе алады. Кестеде Грант («Санат») қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін болатын, рұқсат етілетін шығыстардың санаттары, Грант қаражатынан қаржы берілетін әрбір санатқа бөлінетін қаржының мөлшері, сондай-ақ әрбір Санат бойынша шығыстардың өлшемдерін қанағаттандырушы ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі берілген:
Санат |
Бөлінген Гранттың сомасы (АҚШ долларымен) |
Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесі (%) (салықтарды қосқанда) |
Консультанттардың көрсететін қызметтері, оқыту және аудит |
450,000 |
100 % |
жиыны |
450,000 |
Осы Бөлімнің мақсаттары үшін «оқыту» термині тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің келісімшарттарына, оның ішінде оқу материалдарының құны, үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алу, сапарлар, білім алушылар мен оқытушылардың іссапар және тәуліктік шығыстары, оқытушыларға ақы төлеу, сондай-ақ ауызша және жазбаша аударма қызметтері енгізілмеген Жобаға байланысты тағылымдамаларды және оқу сапарларын, оқу курстарын, конференцияларды, семинарлар мен басқа да іс-шараларды білдіреді.
3.02. Қаражатты алу шарттары. Осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелеріне қарамастан, Алушы осы Келісімге қол қойған күніне дейін жүргізген төлемдерін қаржыландыру үшін қаражатты алуға жол берілмейді.
3.03. Қаражатты алу кезеңі. Грант Шотының Стандарттық шарттардың 3.06-бөлімінің (с) тармағында сілтеме жасалатын жабылу күні Алушы осы Келісімге қол қойған күннен бастап үш жылдан кейін басталады.
ІV бап
Алушының өкілі; Мекенжайлары
4.01. Алушының өкілі. Қаржы министрі Стандарттық шарттардың 7.02-бөлімінде сілтеме жасалатын Алушының өкілі болып табылады.
4.02. Алушының мекенжайы. Стандарттық шарттардың 7.01-бөлімінде сілтеме жасалатын Алушының мекенжайы:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Жеңіс даңғылы, 11
Телекс: Факс:
265126 (FILIN) (7) (7172) 71-77-85
4.03. Дүниежүзілік Банк мекенжайы. Стандарттық шарттардың 7.01-бөлімінде сілтеме жасалатын Дүниежүзілік Банктің мекенжайы:
International Bank for Reconstrucion and Development
1818 H Street, N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INTBAFRAD 248423(MCI) немесе 1-202-477-6391
Washington, D.C. 64145 (MCI)