Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Молдова Республикасында қалыптасқан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың аса теріс зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Молдова Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Молдова Республикасына ізгілік жүгін Кишинев-товарная станциясына дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны алу жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 959 қаулысына
қосымша
Молдова Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін
мемлекеттік материалдық резервтен шығарылатын материалдық
құндылықтардың тізбесі
Р\с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1. |
Жарма (күріш) |
тн. |
500 |
2. |
10 орындық палаткалар (жазғы) |
дана |
100 |
3. |
Жастық тысы |
дана |
500 |
4. |
Ақ жайма |
дана |
1000 |
5. |
Матрац |
дана |
500 |
6. |
Көрпе |
дана |
500 |
7. |
Жастық |
дана |
500 |
8. |
Кір сабын |
тн. |
60 |