Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзетуді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзетуді
ратификациялау туралы
Венада 2005 жылғы 8 шілдеде жасалған Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзету ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзету
енгізу
1. 1979 жылы 26 қазанда қабылданған, Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияның атауы (бұдан әрі «Конвенция» деп аталатын) мынадай атауға ауыстырылады:
ЯДРОЛЫҚ МАТЕРИАЛ МЕН ЯДРОЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ
ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
2. Конвенцияның кіріспесі төменде келтірілген мәтінмен ауыстырылады:
ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР
Барлық мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта дамыту және қолдану құқығын және олардың атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану нәтижесінде ықтимал пайда алуға заңды қызығушылығын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану мүддесінде ядролық технологияларды беру және халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау қажеттілігіне КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП,
Физикалық қорғаудегің халықтың денсаулығын, қауіпсіздікті, қоршаған ортаны және ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қорғау үшін өмірлік маңызды мәні болатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы тату көршілік және достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастыққа жәрдемдесуге қатысты принциптері мен мақсаттарын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 2-бабының 4-тармағына сәйкес «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері оларды халықаралық қарым-қатынаста күшпен қорқыту немесе оны аумақтық дербестікке немесе кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан тартынады, сөйтіп және қандай да бір басқаша түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарымен үйлеспейтіндігін» ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
Бас Ассамблеяның 1994 жылғы 9 желтоқсандағы 49/60 қарарына қосымшада қамтылған, халықаралық терроризмді жою шаралары туралы Декларацияға СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП,
Ядролық материалдың заңсыз айналымы, оны заңсыз басып алу мен пайдалану және ядролық материал мен ядролық қондырғыларға қатысты астыртын әрекет жасау нәтижесінде ықтимал қауіп-қатерді болдырмауды және бұндай әрекеттерден физикалық қорғанудың ұлттық және халықаралық деңгейлерде белең алған алаңдаушылықтың мәні болғанын атап, алдын алуды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП,
Дүниежүзілік лаңкестік әрекеттердің оның барлық түрлері мен көріністерінде, сонымен қатар халықаралық лаңкестік және ұйымдасқан қылмысты құрайтын қауіп-қатердің күшеюіне БОЛАШАҚТА АСА АЛАҢДАЙ ОТЫРЫП,
Физикалық қорғаныс ядролық таратпау және лаңкестікке қарсы тұру мақсатын қолдауда маңызды рөл атқаратынына СЕНІМ АРТА ОТЫРЫП,
Осы Конвенция арқылы бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық қондырғылар мен ядролық материалды физикалық қорғауды бүкіл әлемде нығайтуға жағдай жасауын ҚАЛАЙ ОТЫРЫП,
Ядролық материал мен ядролық қондырғыларға қатысты құқық бұзушылықтар қатты алаңдаушылықтың мәні болып табылады және тиісті және тиімді шараларды қабылдауға немесе осындай құқық бұзушылықтарды болдырмауды және анықтауды және олар үшін жазалауды көздейтін тиісті шараларды нығайтуға шетін қажеттілік барына БОЛАШАҚТА СЕНІМДІМІЗ,
Әр қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына және осы Конвенцияға сәйкес, ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау жөніндегі тиімді шараларды енгізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды ҚАЛАЙ ОТЫРЫП,
Осы Конвенция, сондай-ақ ядролық материалды пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға, ядролық қондырғыларды қауіпсіз пайдалануға қосымша қызмет етуге тиіс екеніне БОЛАШАҚТА СЕНІМДІМІЗ,
Дүркін-дүркін жаңартылатын және физикалық қорғаныстың тиімді деңгейіне қол жеткізудегі қазіргі заманғы құрал-жабдықтарға қатысты нұсқау бола алатын физикалық қорғанысты қамтамасыз етудің халықаралық деңгейде қалыптасқан ұсыныстары бар екендігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
Сондай-ақ әскери мақсатта пайдаланылатын ядролық материал мен ядролық қондырғыларды тиімді физикалық қорғауды қамтамасыз ету осындай ядролық материал мен осындай ядролық қондырғылары бар мемлекеттің міндеті болып табылатынын және мұндай материал мен мұндай қондырғылар бұрынғыша қатаң физикалық қорғауда екенін және болатынын МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП,
Төменде келтірілгендермен КЕЛІСТІ:
3. Конвенцияның 1-бабында с) тармақшасынан кейін төменде келтірілген екі жаңа тармақ қосылады:
d) «ядролық қондырғы» егер мұндай қондырғыны пайдаланған жағдайда, араласу немесе бұзылу радиоактивті материалдардың едәуір шығарылуына немесе едәуір сәулеленуіне алып келуі мүмкін ядролық материалды өндіру, ұқсату, пайдалану, өңдеу, сақтау немесе көму қондырғыны (онымен байланысты ғимараттар мен жабдықтарды қоса алғанда) білдіреді.
е) «іріткі салу» (саботаж) ядролық қондырғыларға немесе ядролық материалға қарсы оларды пайдалану, сақтау немесе тасымалдау кезінде радиоактивті сәулелену немесе радиоактивті заттардың сыртқа шығуы нәтижесінде персоналдың, халықтың немесе қоршаған ортаның денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама қауіп-қатер туғызатын кез келген қасақана істелген істі білдіреді;
4. Ковенцияның 1-бабынан кейін жаңа 1 А бабы қосылады:
1 А бабы
Осы Конвенцияның мақсаты бүкіл дүниежүзінде бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық қондырғылар мен бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық материалды физикалық қорғаудың тиімді деңгейіне бүкіл дүниежүзінде осындай материал мен қондырғыларға байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмаудан және осындай құқық бұзушылықтармен күрестен; сондай-ақ осы мақсаттарға жетуде қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге қол жеткізуден және қолдаудан тұрады.
5. Конвенцияның 2-бабы төменде келтірілген мәтінмен ауыстырылады:
1. Осы Конвенция бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық қондырғыларға және бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық материалға пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде қолданылады, алайда, осы Конвенцияның 3 және 4-баптары және 5-бабының 4-тармағы ядролық материалды халықаралық тасымалдау барысындағы осындай ядролық материалға ғана қолданылатын жағдайда қолданылады.
2. Қатысушы мемлекеттің ішінде физикалық қорғаныс режимін құруға, енгізуге және қолдауға жауапкершілік толығымен сол мемлекетке жүктеледі.
3. Осы Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттердің өзіне тікелей қабылдаған міндеттемелерінен басқа, осы Конвенцияда мемлекеттің егемен құқықтарын қозғаушы ретінде ештеңе түсіндірілмейді.
4. а) Халықаралық құқыққа сәйкес, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен принциптеріне және халықаралық гуманитарлық құқықтарға сәйкес, осы Конвенцияда қатысушы мемлекеттердің басқа да құқықтарына міндеттемелеріне және жауапкершілігіне қатысты ештеңе қозғалмайды.
b) Қарулы жанжал кезіндегі қарулы күштердің іс-әрекеті осы құқықпен реттелетін халықаралық гуманитарлық құқықта түсінілетін осы сияқты терминдер, олардың ресми функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттердің қарулы күштері қолданатын іс-әрекеттер реттелмейтіні сияқты осы Конвенцияда реттелмейді, сондықтан олар басқа халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.
с) Осы Конвенцияда ешнәрсе бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қарсы күш қолдану немесе күш қолдану қатерінің заңды шешімі ретінде түсіндірілуі мүмкін емес.
d) Осы Конвенцияда ешнәрсе өзге де заңсыз іс-әрекетке қатысты жауапкершіліктен босатпайды немесе оларды заңдастырмайды және басқа да құқықтық актілер негізінде жауапкершілікке тартуға бөгет болмайды.
5. Осы Конвенция әскери мақсатта пайдаланылатын немесе сақталатын ядролық материалға немесе осындай құрамдағы ядролық қондырғыға қолданылмайды.
Конвенцияның 2-бабынан кейін жаңа 2 А бабы қосылады:
2 А бабы
1. Әрбір қатысушы мемлекет:
а) ядролық материалды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде ұрлаудан және басқа да заңсыз басып алудан қорғау;
b) жоғалған немесе ұрланған ядролық материалды табу және тиісті дәрежеде қайтару бойынша жедел және бәрін қамтитын шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету; материал оның аумағынан тыс жерден табылса, осы қатысушы мемлекет 5-бапқа сәйкес әрекет етеді;
с) ядролық материал мен ядролық қондырғыларды саботаждан қорғау; және
d) саботаждың радиологиялық зардаптарын жеңілдету немесе ең төменгі деңгейге түсіру мақсатында, оның заңды құзырындағы ядролық материал мен ядролық қондырғыларға қолданылатын физикалық қорғанысқа тиісті дәрежедегі режимді жасайды, енгізеді және қолдайды.
2. 1-тармақтың ережелерін жүзеге асыру кезінде әр қатысушы мемлекет:
a) физикалық қорғауды басқаруды ұйымдастыру үшін заңнамалық және реттеуші негіз жасайды және қолдайды;
b) заңнамалық және реттеуші негіздерді іске асыруға жауапты болатын құзыретті органды немесе құзыретті органдарды құрады және белгілейді;
с ) ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау үшін қажет басқа да тиісті шараларды қабылдайды.
3. Әрбір қатысушы мемлекет 1 және 2-тармақтарға сәйкес міндеттемелерді орындау кезінде осы Конвенцияның кез келген басқа ережелеріне зиян келтірмей, ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғаудың мынадай негізгі принциптерін қаншалықты негізделген және іске асуы мүмкін, соншалықты қолданады.
А НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Мемлекеттің жауапкершілігі
Мемлекет ішіндегі физикалық қорғаныс режімін құру, енгізу және қолдау жауапкершілігі толығымен осы мемлекетке жүктеледі.
В НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Халықаралық тасымалдау кезіндегі жауапкершілік
Ядролық материалдың жеткілікті дәрежеде қорғалуын қамтамасыз етуде, мемлекеттің жауапкершілігі әзірше осы жауапкершілік тиісті жағдайларда лайықты түрде басқа мемлекетке тапсырылған сәтке дейін оның халықаралық тасымалына қолданылады.
С НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Заңнамалық және реттеуші негіз
Мемлекет физикалық қорғауды басқаруды ұйымдастыру үшін заңнамалық және реттеуші негіздерді құруға және қолдауға жауапты болады. Бұл негіз қолдануға жарамды физикалық қорғау талаптарын белгілеуді қамтамасыз етуі және бағалау мен лицензиялау жүйесін немесе басқа да рұқсаттама беретін процедураларды қамтуы тиіс. Бұл негіз лицензиялардың қолдануға жарамды талаптары мен шарттарының немесе басқа бекітетін құжаттың сақталуын тексеру, сондай-ақ қолдануға жарамды талаптар мен шарттардың сақталуын, соның ішінде тиімді ықпал шараларды қамтамасыз ету механизмін белгілеу үшін ядролық қондырғылар мен көлік құралдарын инспекциялау жүйесін қамтуы тиіс,
D НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Құзыретті орган
Мемлекет заңнамалық және реттеуші негіздерді іске асыруға жауап беретін құзыретті органды құруы немесе белгілеуі керек және оның өзіне тапсырылған міндеттерді орындауы үшін тиісті өкілеттігі, құзыреті және қаржылық және адами ресурстары болуы тиіс. Мемлекет өз кезегінде, мемлекеттің құзыретті органдарының функциялары мен ядролық энергияны пайдалану немесе қолдануға жәрдемдесу мәселелерімен айналысатын кез келген басқа органның функциялары арасындағы пәрменді тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін қадам жасауы қажет.
Е НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Лицензиялар иелерінің жауапкершілігі
Мемлекетте физикалық қорғаудың әртүрлі элементтерін іске асыру бойынша міндеттерді айқын анықтау қажет. Мемлекет тиісті лицензиялардың және басқа да бекітуші құжаттардың (мысалы, операторларға немесе жүк жөнелтушілерге) иелеріне жүктелген ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды жүзеге асыруға негізгі жауапкершілікті қамтамасыз етуі қажет.
F НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Қауіпсіздік мәдениеті
Физикалық қорғанысты жүзеге асыру мәселесімен айналысатын барлық ұйымдар, қауіпсіздік мәдениетіне оны барлық ұйымдарда тиімді жүзеге асыру үшін қажет фактор ретінде оны дамыту мен қолдауға оған тиісінше көңіл бөлуі қажет.
G НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Қауіп-қатер
Физикалық қорғаудың мемлекеттік жүйесін мемлекеттің жүргізген қауіп-қатерді ағымдағы бағалауына негіздеу қажет.
Н НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Сараланған көзқарас
Физикалық қорғанысқа қойылатын талаптарды қауіп-қатерді ағымдағы бағалау нәтижелерін, салыстырмалы тартымдылығын, ядролық материалды рұқсатсыз алуға және ядролық материал мен ядролық қондырғыларға қарсы саботажға байланысты материалдың сипаты мен ықтимал зардаптарын ескере отырып, сараланған көзқарасқа негіздеу қажет.
I НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Терең эшелондандырылған қорғаныс
Мемлекеттің физикалық қорғанысқа қойылатын талаптарында бірнеше эшелондардың тұжырымдамасы және өз мақсатына жету үшін тәртіп бұзушының еңсеру немесе айналып өту талап етілетін қорғану әдістерін (құрылымдық немесе басқа инженерлік-техникалық, кадрлық және ұйымдастырушылық) көрсетуі қажет.
J НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Сапаны қамтамасыз ету
Физикалық қорғаныстың көзқарас тұрғысындағы барлық маңызды қызмет түрлері үшін белгіленген талаптардың қанағаттандырылған сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сапаны қамтамасыз ету саясаты мен бағдарламасын белгілеу және жүзеге асыру қажет.
К НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Төтенше жағдайлардағы іс-қимыл жоспары
Ядролық материалды рұқсатсыз алу немесе ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қатысты саботаж немесе лицензиялардың барлық тиісті иелері мен құзыретті органдардың осындай іс-қимыл әрекеттері жағдайында жауап шаралар қабылдау мақсатында төтенше жағдайлардағы іс-қимыл жоспарлары дайындалуы және тиісті дәрежеде жасалуы тиіс (апаттық іс-шаралардың жоспарлары).
L НЕГІЗГЕ АЛЫНАТЫН ПРИНЦИП: Құпиялылығы
Мемлекет рұқсатсыз ашу ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қатерге ұшыратуы мүмкін ақпараттың құпиялылығын қорғауға қатысты талаптарды анықтауы тиіс.
4. а) Осы баптың ережелері қатысушы мемлекеттердің негізді шешіміне сәйкес, материалдың сипатын, оның мөлшері мен салыстырмалы тартымдылығын және осы материалға қатысты кез келген рұқсат етілмеген іс-әрекетке ілеспелі ықтимал радиологиялық және басқа да зардаптарды, сондай-ақ оған қатысты қауіп-қатерді ағымдағы бағалауға назар аудара отырып, 1-тармаққа сәйкес құрылған физикалық қорғаныс режімінің іс-әрекетін тарату қажеттілігі жоқ қандай да бір ядролық материалға қолданылмайды.
b) a) тармақшасына сәйкес осы баптың ережелерінің қолданылу аясына түспейтін ядролық материалды ұтымды пайдалану тәжірибесіне сәйкес қорғау қажет.
Конвенцияның 5-бабы төменде келтірілген мәтінмен ауыстырылады:
1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның қолданылу саласына кіретін мәселелер бойынша өз байланыс бекетін анықтайды және бұл туралы бір-бірін тікелей немесе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің көмегі арқылы хабардар етеді.
2. Ядролық материалды ұрлау, тонау арқылы тартып алу немесе қандай да бір заңсыз иелену немесе осындай әрекеттердің нақты қатері жағдайында қатысушы мемлекеттер өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, осындай өтініш жасаған кез келген мемлекетке, осындай материалды қайтаруға және қорғауға барынша қол жетімді ынтымақтастық пен көмекті қамтамасыз етеді. Атап айтқанда:
a) қатысушы мемлекет басқа мемлекеттерге мүмкіндігінше жылдам хабарлау үшін тиісті қадам жасайды, оның ойынша бұл ядролық материалды ұрлау, тонау арқылы тартып алу немесе басқа да заңсыз тартып алуға немесе осындай іс-әрекеттердің нақты қауіп-қатеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке және басқа да тиісті халықаралық ұйымдарға хабарлауға қатысты;
b) бұл ретте қажет болған жағдайда мүдделі қатысушы мемлекеттер бір-бірімен, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен және басқа да тиісті халықаралық ұйымдармен қатерде тұрған ядролық материалды қорғауды қамтамасыз ету, көлік контейнерінің бүтіндігін тексеру немесе заңсыз иемделінген ядролық материалды қайтару мақсатында ақпарат алмасады, және:
і) өзінің күш-жігерін дипломатиялық және басқа да келісілген арналар арқылы үйлестіреді;
іі) егер сұратылған болса, көмек көрсетеді;
ііі) жоғарыда аталған оқиғалардың нәтижесінде қайтарылып алынған ұрланған немесе жоғалған ядролық материалды қайтаруды қамтамасыз етеді. Мұндай ынтымақтастықты жүзеге асыру тәсілдерін мүдделі қатысушы мемлекеттер анықтайды.
3. Ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қатысты саботаждың нақты қатері жағдайында немесе саботаж жағдайында оған қатысты қатысушы мемлекеттер өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес барынша ықтимал дәрежеде және өзінің халықаралық-құқықтық міндеттемелерін сақтай отырып мынадай түрде қызмет істейді:
a) егер қатысушы мемлекетке басқа мемлекеттегі ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қатысты саботаждың нақты қатері туралы мәлім болса, ол мемлекетке сондай-ақ, қажет болған жағдайда саботажды болдырмау мақсатында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен басқа да тиісті халықаралық ұйымдарға осы қатер туралы мүмкіндігінше жылдам хабарлау үшін тиісті шаралар туралы шешім қабылдайды;
b) егер қатысушы мемлекетте ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қатысты саботаж жағдайында, оның ойынша, басқа мемлекеттер радиологиялық әсерге ұшырауы мүмкін болса, ол өзінің халықаралық құқықтары бойынша басқа да міндеттемелеріне еш зиянын тигізбей, радиологиялық әсерге ұшырауы мүмкін мемлекетті немесе мемлекеттерді мүмкіндігінше жылдам хабардар ету үшін және қажет болған жағдайда, оның радиологиялық зардаптарын ең төменгі деңгейге түсіру немесе жеңілдету мақсатында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен халықаралық ұйымдарды хабардар ету үшін тиісті шара қолданады;
c) егер, а) және b) тармақшалары ереженің түпмәтінінде қатысушы мемлекет көмек туралы өтініш білдірсе, көмек туралы өтініш жіберілетін әрбір қатысушы мемлекет, кідіртпей шешім қабылдайды және сұратушы қатысушы мемлекетке, тікелей немесе Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттіктің көмегімен, ол сұратылған көмекті бере алатын жағдайда ма, сондай-ақ берілуі мүмкін көмектің көлемі мен шарты туралы хабарлайды;
d) a), b) және с) тармақшаларының ережелеріне қатысты ынтымақтастықты үйлестіру дипломатиялық және басқа да келісілген арналар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ынтымақтастықты жүзеге асыру тәсілдерін мүдделі қатысушы мемлекеттер екіжақты немесе көпжақты негізде анықтайды.
4. Қатысушы мемлекеттер халықаралық тасымалдау процесінде ядролық материалды физикалық қорғау жүйесін ұйымдастыру, пайдалану және жақсарту жөнінде ұсыныстар алу мақсатында бір-бірімен тікелей немесе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің және басқа тиісті халықаралық ұйымдардың көмегімен тиісті түрде қызмет істейді және консультациялар өткізеді.
5. Қатысушы мемлекет басқа қатысушы мемлекеттермен тікелей немесе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің және басқа да тиісті халықаралық ұйымдардың көмегімен ядролық материалды мемлекеттің ішінде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде оны физикалық қорғаудың ұлттық жүйесін ұйымдастыру, пайдалану және жақсарту жөнінде олардың кепілдемелерін алу мақсатында тиісті түрде консультациялар өткізе алады және жұмыс істейді.
Конвенцияның 6-бабы төменде келтірілген мәтінмен ауыстырылады:
1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенция ережелері тұрғысынан немесе осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін қызметке қатысу нәтижесінде басқа қатысушы мемлекеттен құпия түрде алатын кез келген ақпаратты қорғау үшін өзінің ұлттық заңнамасымен үйлесімді тиісті шараларды қабылдайды. Егер қатысушы мемлекеттер, Конвенцияның қатысушылары болып табылмайтын халықаралық ұйымдарға немесе мемлекеттерге ақпаратты жасырын берсе, онда мұндай ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылады. Басқа қатысушы мемлекеттен ақпаратты жасырын алған қатысушы мемлекет ондай ақпаратты үшінші жаққа басқа қатысушы мемлекеттің келісімімен ғана бере алады.
2. Осы Конвенцияның шарттары бойынша қатысушы мемлекеттерден, ұлттық заңнамаға сәйкес таратуға құқығы жоқ немесе мүдделі мемлекеттің қауіпсіздігін немесе ядролық материалды немесе ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қатерге ұшырата алатын қандай да бір ақпаратты ұсыну талап етілмейді.
КОНВЕНЦИЯНЫҢ 7-бабының 1-тармағы төменде келтірілген мәтінмен ауыстырылады:
1. Қасақана жасау:
a) құзыретті органдардың рұқсатынсыз ядролық материалды алу, иемдену, пайдалану, беру, түрін өзгерту, жою немесе ыдырату кез келген тұлғаның өліміне апарып соғатын немесе оған қатты зақым келтіретін немесе меншікке немесе қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін іс-әрекет;
b) ядролық материалды ұрлау немесе тонау арқылы тартып алу;
c) ядролық материалды алдамшы жолмен алу немесе иемдену;
d) ядролық материалды мемлекетке немесе одан құзыретті органдардың рұқсатынсыз тасымалдауды, жіберуді, ауыстыруды білдіретін әрекеттер;
е) құқық бұзушы қасақана жасайтын немесе егер бұл іс-әрекет аумағында ядролық қондырғы орналасқан қатысушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес жасалмаса, радиоактивті заттектердің сәулеленуі немесе шығарылуы нәтижесінде кез келген адамға ажал немесе қатты зақым немесе меншікке немесе қоршаған ортаға елеулі нұқсан келтіруі ықтимал екені белгілі ядролық қондырғыларды пайдалануға араласуды білдіретін іс-әрекет;
f) ядролық материалды беру туралы күшпен қорқыту немесе күш қолдану арқылы немесе қорқытудың қандай болмасын басқа да түрлерінің көмегімен талап етуді білдіретін әрекеттер;
g) қауіп-қатер:
і) ядролық материалды кез келген адамның өліміне әкеліп соғу немесе оған қатты зақым келтіру немесе меншікке немесе қоршаған ортаға елеулі нұқсан келтіру немесе е) тармақшасында көрсетілген құқық бұзушылықты жасау мақсатында пайдалану, немесе
іі) жеке немесе заңды тұлғаны, халықаралық ұйымды немесе мемлекетті қандай да бір іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету немесе одан тартыну мақсатында b) және е) тармақшаларында көрсетілген құқық бұзушылықты жасау;
h) а)-е) тармақшаларында көрсетілген құқық бұзушылықтың қандай бір түрін жасауға әрекет жасау;
і) а)-h) тармақшаларында көрсетілген құқық бұзушылықтың қандай да бір түріне қатысуын білдіретін іс-әрекеттер;
j) а)-һ); және к) тармақшаларында көрсетілген құқық бұзушылықтың, қандай да бірін жасау мақсатында басқа тұлғаларды ұйымдастыратын немесе оларға басшылық жасайтын кез келген тұлғаның іс-әрекеті, ол ортақ мақсатта жұмыс жасайтын адамдар тобының a)-h) тармақшаларында көрсетілген қандай болмасын құқық бұзушылықтың бірін жасауға мүмкіндік туғызатын мұндай іс-әрекет қасақана істелген болып табылады және жасалады:
і) немесе қылмыстық мақсатын қолдау мақсатында, кейде осындай әрекет немесе мақсат a)-g) тармақшаларында көрсетілген құқық бұзушылықтардың бірін жасауды ұйғарады,
іі) немесе бұл топтың a)-g) тармақшаларында көрсетілген құқық бұзушылықтардың бірін жасау ниетін ұғынған кезде;
жазаланатын әрбір қатысушы мемлекеттің өзінің ұлттық заңнамасының шеңберіндегі құқық бұзушылық болып табылады.
10. Конвенцияның 11-бабынан кейін мынадай екі жаңа бап 11 А бабы және 11 В бабы қосылады:
11 А бабы
7-бапта көрсетілген бір де бір құқық бұзушылық саяси құқық бұзушылық немесе саяси құқық бұзушылықпен байланысты құқық бұзушылық немесе саяси себептермен жасалған құқық бұзушылықтар ретінде өзара құқықтық көмек беру мақсатында қарастырылмайды. Осының салдарынан осындай құқық бұзушылыққа байланысты өзара құқықтық көмек беру туралы өтініш, тек саяси құқық бұзушылық немесе саяси құқық бұзушылықпен байланысты құқық бұзушылық немесе саяси себептермен жасалған құқық бұзушылықтар негізінде қабылданбауы мүмкін емес.
11 В бабы
Осы Конвенцияда ешнәрсе салықтық міндеттеме түрінде қандай да бір тұлғаны немесе өзара құқықтық көмек көрсетуді, егер сұратылған қатысушы мемлекет 7-бапта айтылған құқық бұзушылықтарға байланысты немесе осы тұлғаны нәсілі, діни сенімі, азаматтығы, этникалық шығу тегі немесе саяси нанымына қатысты жазалау немесе сотпен қысым жасау мақсатында осындай құқық бұзушылықпен байланысты қайтаруға орынды дәлелдері бар немесе осы өтінішті қанағаттандыруда кез келген себептер бойынша осы тұлғаның жағдайына зиян келтірілетін болып түсіндірілмеуі тиіс.
11. Конвенцияның 13-бабынан кейін жаңа 13 А бабы қосылады:
13 А бабы
Осы Конвенцияда ядролық материал мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды нығайту мүддесінде жүзеге асырылатын, бейбіт мақсат үшін ядролық технологияларды беруді қозғамайды.
12. Конвенцияның 14-бабының 3-тармағы төменде келтірілген мәтінмен ауыстырылады:
3. Егер құқық бұзушылық мемлекет ішінде ядролық материалды пайдалану, сақтау немесе тасымалдауға қатысты болса, ал болжалды құқық бұзушы мен ядролық материал, құқық бұзушылық жасалған қатысушы мемлекеттің аумағында қалса немесе егер, құқық бұзушылық ядролық қондырғыға қатысты болса және болжалды құқық бұзушы құқық бұзушылық жасалған қатысушы мемлекеттің аумағында қалса, осы Конвенцияда ешнәрсе қатысушы мемлекетке осындай құқық бұзушылыққа байланысты сотта қылмыстық істі қарауға қатысты ақпаратты ұсынуға қойылған талап ретінде түсіндірілмейді.
13. Конвенцияның 16-бабы төменде келтірілген мәтінмен ауыстырылады:
1. 2005 жылғы 8 шілдеде қабылданған Түзету күшіне енген күннен бастап бес жыл өткен осы Конвенцияның жүзеге асырылуын және ахуалдың сол мезетте қолданыстағы талаптарына барлық оның кіріспесінің, жедел бөлігі мен қосымшаларының сәйкестігін қарау бойынша депозитарий, қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақырады.
2. Бұдан әрі қатысушы мемлекеттердің көпшілігі бес жылда кемінде бір рет депозитарийге тиісті ұсыныстармен жүгініп, мынадай конференцияларды шақыртуы мүмкін.
14. Конвенцияның ІІ Қосымшасының w мынадай мәтінмен ауыстырылады:
w Реакторда сәулеленбеген материал немесе реакторда сәулеленген материал, алайда сәулелену деңгейі қорғаныссыз (биологиялық) бір метр аралықтағы 1 грей/с (100 рад/с) тең немесе аз.
15. Конвенцияның II Қосымшасының е/ сілтемесі мынадай мәтінмен ауыстырылады:
е/ Сәулеленгенге дейін бөлінетін изотоптардың алғашқы құрамының күшінде I және II санаттарға жатқызылған, басқа отын, егер отынның сәулелену деңгейі қорғаныссыз (биологиялық) бір метр аралықтағы 1 грей/с (100 рад/с) артық болса бір санатқа төмендеуі мүмкін.