Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қарауға енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы
Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың
арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған
аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17,97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат, № 13, 67-құжатт; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 83-баптың бірінші абзацы «шекаралық өңірлерді» деген сөздерден кейін «, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 389-1-баппен толықтырылсын:
«389-1-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары
жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым
салынған аудандар режимін бұзу
1. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарда азаматтардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұруы, болуы -
азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар аумағында атыс орындары мен тирлерді орнату, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған ауданда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұруы
айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 556-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасында «Кодекстің» деген сөзден кейін «389-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында алтыншы абзацта «512-1» деген цифралардың алдынан «389-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат):
1-бап мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей жанасып жатқан қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сақтау объектілерінің жарылу-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген аумақ, онда азаматтардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұруына, болуына, құрылыс салуға және диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді;
17-2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан - қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сақтау объектілерінің диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген тыйым салынған аймақты қамтитын және оның шегінен шығатын аумақ, онда атыс орындары мен тирлерді орнатуға, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұруына жол берілмейді;»;
7-бап мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандарды белгілеу ережесін бекітеді;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті