Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1059 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Салалық даму бағдарламалары» деген 1-бөлімнің реттік нөмірі 4-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2020 жылға дейін даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2010 года № 1059

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2010 года № 302 "Об утверждении Плана мероприятий Правительства Республики Казахстан по реализации Государственной программы по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 29, ст. 225) следующее изменение:
      в Плане мероприятий Правительства Республики Казахстан по реализации Государственной программы по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы, утвержденном указанным постановлением:
      графу 2 строки, порядковый номер 4, раздела 1. "Отраслевые программы развития" изложить в следующей редакции:
      "Разработать Программу развития атомной отрасли в Республике Казахстан на 2010 - 2014 годы с перспективой развития до 2020 года".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов