Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 38 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қаңтардағы
№ 38 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып
алуға басым құқығын іске асыру қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алуды құзыретті орган жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі кең таралған пайдалы қазбаларды, көмірсутек шикізатын, уранды және көмірді қоспағанда, пайдалы қазбаларды сатып алу жөніндегі құзыретті орган болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 794 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар Заңда анықталған мағынаға ие болады.

2. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуға басым
құқығын іске асыру тәртібі

      4. Стратегиялық минералдық шикізаттың белгілі бір түріне ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті орган жүзеге асыратын мониторинг нәтижелері бойынша, сондай-ақ төтенше сипаттағы өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі басым құқық тәртібімен пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      5. Мемлекеттің басым құқығы тәртібімен сатып алу туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалы қазба түріне байланысты тиісті құзыретті орган әзірлейді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.

      6. Пайдалы қазбаларды мемлекеттің басым құқығы тәртібімен сатып алу туралы шешім негізінде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны мұндай ниеті туралы сатып алудың болжанатын күнінен кемінде он бес жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етеді. Жер қойнауын пайдаланушының жазбаша хабарламасы мыналарды: пайдалы қазбаның түрін, оның мөлшерін, шамамен сатып алу мерзімін қамтуы тиіс.

      7. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі және төлем түрі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша шекті көлемі көзделмеген сатып алынатын пайдалы қазбалардың мұндай көлемін, сондай-ақ сатып алудың өзге де шарттарын жер қойнауын пайдаланушымен келісім бойынша құзыретті орган белгілейді.

      8. Хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган келіссөздер арқылы сатып алынатын пайдалы қазбалардың бағасын, жеткізу шарттарын және оларды төлеу тәртібін келіседі.

      9. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың бағасы көліктік шығыстарды және өткізуге арналған шығындарды шегере отырып, мәмілені жасау күніне қалыптасқан, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға мәміле жасасу кезінде қолданатын бағадан аспауы тиіс.

      Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасасу кезiнде қолданатын пайдалы қазбалардың бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасасу күнiне әлемдiк нарықтарда қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар көлік шығыстары мен өткізуге арналған шығындар шегеріле отырып қолданылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 794 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Пайдалы қазбаларды сатып алу шарттарын келіскеннен кейін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шарт жасасады.

      11. Сатып алынған пайдалы қазбалар үшін төлем мерзімі пайдалы қазбаларды жеткізу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.

      12. Пайдалы қазбаларды сатып алу туралы шарт мыналарды:

      1) жер қойнауын пайдаланушы жеке тұлғаның аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың деректемелері;

      3) сатып алынатын пайдалы қазбалардың мөлшері;

      4) пайдалы қазбаларды жеткізу орны мен мерзімі;

      5) ақы төлеу тәртібі және мерзімі;

      6) жеткізу көлігінің түрі;

      7) пайдалы қазбаны алушыны қамтуы тиіс.

Об утверждении Правил реализации преимущественного права Республики Казахстан на приобретение полезных ископаемых

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2011 года № 38. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2018 года № 437 (вводится в действие со дня первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.07.2018 № 437 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 28) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации преимущественного права Республики Казахстан на приобретение полезных ископаемых.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 января 2011 года № 38
 

Правила
реализации преимущественного права Республики Казахстан
на приобретение полезных ископаемых
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации преимущественного права Республики Казахстан на приобретение полезных ископаемых (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (далее - Закон) и определяют порядок реализации государством преимущественного права на приобретение полезных ископаемых.

      2. Приобретение полезных ископаемых в порядке преимущественного права государства осуществляется компетентным органом.

      Компетентным органом по приобретению углеводородного сырья, урана и угля является Министерство энергетики Республики Казахстан.

      Компетентным органом по приобретению полезных ископаемых, за исключением общераспространенных полезных ископаемых, углеводородного сырья, урана и угля, является Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 28.09.2015 № 794 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Понятия, применяемые в настоящих Правилах, имеют значения, определенные Законом.

2. Порядок реализации преимущественного права
государства на приобретение полезных ископаемых

      4. По результатам мониторинга, осуществляемого компетентным органом в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в целях покрытия потребностей внутреннего рынка в определенном виде стратегического минерального сырья, а также иных случаях, носящих чрезвычайный характер, Правительством Республики Казахстан может быть принято решение о приобретении полезных ископаемых в порядке преимущественного права.

      5. Проект решения о приобретении полезного ископаемого в порядке преимущественного права государства в установленном законодательством порядке разрабатывается соответствующим компетентным органом в зависимости от вида полезного ископаемого и подлежит обязательному согласованию с уполномоченным органом по исполнению бюджета.

      6. На основании решения о приобретении полезных ископаемых, в порядке преимущественного права государства, компетентный орган письменно уведомляет недропользователя о таком намерении не менее чем за пятнадцать рабочих дней до предполагаемой даты приобретения. Письменное уведомление недропользователю должно содержать: вид полезного ископаемого, его количество, примерные сроки приобретения.

      7. Предельный объем приобретаемых полезных ископаемых и вид оплаты определяются контрактом на недропользование. По ранее заключенным контрактам, в которых не предусмотрен предельный объем приобретаемых полезных ископаемых, такой объем, а также иные условия приобретения определяются компетентным органом по согласованию с недропользователем.

      8. В течение пяти рабочих дней с момента получения уведомления недропользователь и компетентный орган путем переговоров согласовывают цену, условия поставки приобретаемых полезных ископаемых и их порядок оплаты.

      9. Цена приобретаемых полезных ископаемых не должна превышать цены, применяемые недропользователем при совершении сделок с соответствующими полезными ископаемыми, сложившиеся на дату совершения сделки, за вычетом транспортных расходов и затрат на реализацию.

      В случае отсутствия информации о ценах полезных ископаемых, применяемых недропользователем при совершении сделок, применяются цены, не превышающие сложившиеся на мировых рынках цены на дату совершения сделки по приобретению государством полезных ископаемых, за вычетом транспортных расходов и затрат на реализацию.

      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.09.2015 № 794 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. После согласования условий приобретения полезных ископаемых, компетентный орган заключает с недропользователем договор о приобретении полезных ископаемых.

      11. Срок оплаты за приобретенные полезные ископаемые не должен превышать тридцати календарных дней со дня поставки полезных ископаемых.

      12. Договор о приобретении полезных ископаемых должен содержать:

      1) Ф.И.О. физического лица или наименование юридического лица - недропользователя;

      2) реквизиты контракта на недропользование;

      3) количество приобретаемых полезных ископаемых;

      4) место и сроки поставки полезных ископаемых;

      5) порядок и сроки оплаты;

      6) вид транспорта доставки;

      7) получателя полезного ископаемого.