"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2011 жылға арналған шекті шамасын және оны пайдалану тетігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 68 Қаулысы

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2011 жылға арналған шекті шамасы есепті айда Қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,45 пайызынан асырылмай бекітілсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есепті айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есепті айдан кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күнінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиіс.
      3. Қордың шотына келіп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекітетін Қор қызметін қамтамасыз етуге 2011 жылға арналған шығыстар шегінде пайдаланылуға тиіс.
      4. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Об утверждении предельной величины процентной ставки комиссионного вознаграждения на осуществление деятельности акционерного общества "Государственный фонд социального страхования" и механизма ее использования на 2011 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 февраля 2011 года № 68

      В соответствии со статьей 28 Закона Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года "Об обязательном социальном страховании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить на 2011 год предельную величину процентной ставки комиссионного вознаграждения на осуществление деятельности акционерного общества "Государственный фонд социального страхования" (далее - Фонд) не более 0,45 процента от размера активов, поступивших на счет Фонда за отчетный месяц.
      2. Сумма комиссионного вознаграждения за отчетный месяц, рассчитанная в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления, подлежит перечислению на текущий счет Фонда в первые пять рабочих дней месяца, следующего за отчетным.
      3. Сумма комиссионного вознаграждения, поступившая на счет Фонда, подлежит использованию в пределах расходов, утверждаемых органом управления Фонда на обеспечение деятельности Фонда на 2011 год.
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2011 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов