Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасында:
«Жобаның атауы» деген бағанда:
реттік нөмірі 4-жолдағы «жылына 270 мың тонна» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 5-жолдағы «Ауыл шаруашылығы, жол құрылысы техникасы мен автобустар жасау» деген сөздер «Өздігінен жүретін ESSIL KЗC-740 астық жинау комбайндарын және басқа ауыл шаруашылығы техникасын шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 30-жолдағы «КБФ және күкірт қышқылы цехын салу» деген сөздер «Фосфоритті концентрат шығару үшін суспензиялық-флотациялық фабрика салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 50-жол «оқшауландыру» деген сөзден кейін «. 16 кесіндіге арналған компьютерлік томографтар» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 56-жолдағы «Шилісай фосфоритті кен орнының базасында фосфоритті тыңайтқыштар шығару өндірісін ұйымдастыру» деген сөздер «Шилісай кен орнының базасында фосфоритті ұн өндірісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 69-жолдағы «(№ 1 турбоблогы)» деген сөздер алынып тасталсын;
«Жауапты мемлекеттік орган немесе ұлттық холдинг» деген бағанда:
реттік нөмірі 31-жолдағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ» деген сөздер «ОҚО әкімдігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 101-жолдағы «Алматы» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 101-жолдың «Өңір» деген бағанындағы «Алматы қаласы» деген сөздер «Астана қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жобаға өтініш беруші» деген бағанда:
реттік нөмірі 4-жолдағы «ұлттық көлік» деген сөздер «трансұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолдағы «Жетісу» ӘКК» деген сөздер «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 29-жолдағы «Бәйтерек-А» АҚ» деген сөздер «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 56-жолдағы «ЛТД» деген аббревиатура алынып тасталсын;
«Іске асыру мерзімі*» деген бағанда:
реттік нөмірлері 4, 79-жолдардағы «2012 жылдар» деген сөздер «2013 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы «2014 жылдар» деген сөздер «2015 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолдағы «2013 жылдар» деген сөздер «2015 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 29-жолдағы «2008 - 2011 жылдар» деген сөздер «2011 - 2012 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 36, 47, 61, 65, 72, 95, 100-жолдардағы «2010 жылдар» деген сөздер «2011 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 60-жолдағы «2011 жылдар» деген сөздер «2012 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 66-жолдағы «2010 жылдар» деген сөздер «2012 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 46-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-1, 6-2, 6-3, 6-4, 6-5-жолдармен толықтырылсын:
«
6-1. |
Ақбақай алтын шығару фабрикасын қайта жаңарту және жаңғырту |
ИЖТМ |
Жамбыл облысы |
«АК Алтыналмас» АҚ |
2010 - 2011 жылдар |
6-2. |
Ферроқорытпалар өндірісін және оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферроқорытпаға жеткізе отырып, әртараптандыру және кеңейту |
ИЖТМ |
Жамбыл облысы |
«Тараз металлургия зауыты» АҚ |
2011 - 2012 жылдар |
6-3. |
Алтын өндіру қуатын 1 тоннаға дейін ұлғайту |
ИЖТМ |
Павлодар облысы |
«Төрт Құдық» КБК» АҚ |
2007 - 2010 жылдар |
6-4. |
Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін өсіре отырып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту |
ИЖТМ |
Қарағанды облысы |
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ |
2010 - 2015 жылдар |
6-5. |
Электрмен болат балқытатын кешен салу |
ИЖТМ |
Маңғыстау облысы |
«Ақтау құйма зауыты» ЖШС |
2011 - 2013 жылдар |
»;
реттік нөмірі 11-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
«
11-1. |
«Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту |
ТСМ |
Маңғыстау облысы |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
2010 - 2015 жылдар |
»;
реттік нөмірі 43-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:
«
43-1. |
Әрқайсысында 1010 басқа дейін ірі қара мал репродукторлары болатын екі асыл тұқымды шаруашылығы бар 5000 басқа дейін ірі қара малды бордақылау алаңын салу |
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ |
Ақмола облысы |
«KazBeef Ltd» ЖШС |
2010 - 2011 жылдар |
»;
реттік нөмірі 49-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 49-1, 49-2, 49-3-жолдармен толықтырылсын:
«
49-1. |
Бордақылау алаңы және ет комбинаты |
Ақмола облысының әкімдігі |
Ақмола облысы |
«SC Food» ЖШС |
2009 - 2011 жылдар |
49-2. |
Бордақылау алаңы |
Ақмола облысының әкімдігі |
Ақмола облысы |
«Щучинский қалалық сүт зауыты» ЖШС |
2010 - 2011 жылдар |
49-3. |
Сүт зауытын салу |
Ақмола облысының әкімдігі |
Ақмола облысы |
«Родина» агрофирмасы ЖШС |
2010 - 2011 жылдар |
»;
реттік нөмірі 56-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 56-1, 56-2, 56-3, 56-4-жолдармен толықтырылсын:
«
56-1. |
Фосфорит кенінен күрделі минералдық тыңайтқыштар шығаратын химия комбинатын салу |
Ақтөбе облысының әкімдігі |
Ақтөбе облысы |
«Chilisai Chemicals» ЖШС |
2011 - 2014 жылдар |
56-2. |
Катодты мыс шағаратын және кен өңдеу кешенін салу |
Ақтөбе облысының әкімдігі |
Ақтөбе облысы |
«KazCopper» ЖШС |
2010 - 2014 жылдар |
56-3. |
Инфузиялық системалар шығару зауыты |
Ақтөбе облысының әкімдігі |
Ақтөбе облысы |
«Велес Ақтөбе» ЖШС |
2010 - 2011 жылдар |
56-4. |
Жылыжай кешені |
Ақтөбе облысының әкімдігі |
Ақтөбе облысы |
«Izet Greenhouse» ЖШС |
2009 - 2010 жылдар |
»;
реттік нөмірі 58-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 58-1, 58-2, 58-3-жолдармен толықтырылсын:
«
58-1. |
Инфузиялық ерітінділер үшін бір реттік системаларды өндіру зауытын салу, Енбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы |
Алматы облысының әкімдігі |
Алматы облысы |
«Алтомед» ЖШС |
2008 - 2010 жылдар |
58-2. |
Инфузиялық ерітінділер және басқа дәрілік заттар шығаратын фармацевтикалық зауыт салу |
Алматы облысының әкімдігі |
Алматы облысы |
«Парентерал Драгз Қазақстан» |
2010 - 2011 жылдар |
58-3. |
Қапшағай қаласының «Арна» өндірістік аймағында жылыжай салу |
Алматы облысының әкімдігі |
Алматы облысы |
«Green Land Alatau» ЖШС |
2009 - 2011 жылдар |
»;
реттік нөмірі 59-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 59-1-жолмен толықтырылсын:
«
59-1 |
Бір рет қолданылатын шприцтер шығару зауыты |
Атырау облысының әкімдігі |
Атырау облысы |
«Брандо» ЖШС |
2009 - 2010 жылдар |
»;
реттік нөмірі 68-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-1-жолмен толықтырылсын:
«
68-1. |
Бір рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару |
Жамбыл облысының әкімдігі |
Жамбыл облысы |
«Super Pharm» ЖШС |
2010 - 2011 жылдар |
»;
реттік нөмірі 74-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 74-1, 74-2, 74-3, 74-4, 74-5-жолдармен толықтырылсын:
«
74-1. |
Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегін салу |
Қарағанды облысының әкімдігі |
Қарағанды облысы |
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС |
2010 - 2012 жылдар |
74-2. |
«Көктасжал» кен орны базасындағы тау-кен кешенін кеңейту |
Қарағанды облысының әкімдігі |
Қарағанды облысы |
«Алтай полиметалдар» ЖШС |
2011 - 2014 жылдар |
74-3. |
Тазартылған мыс өндіретін зауыт салу |
Қарағанды облысының әкімдігі |
Қарағанды облысы |
«Сары Қазына» ЖШС |
2010 - 2012 жылдар |
74-4. |
Репродуктор және бордақылау алаңын құру |
Қарағанды облысының әкімдігі |
Қарағанды облысы |
«Астро-АГРО» ЖШС |
2010 - 2011 жылдар |
74-5. |
Астықты терең қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру |
Қарағанды облысының әкімдігі |
Қарағанды облысы |
«Номад» ЖШС |
2010 - 2011 жылдар |
»;.
реттік нөмірі 86-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 86-1-жолмен толықтырылсын:
«
86-1. |
Сұйық дәрілік нысандарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын фармацевтикалық кешен |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
Маңғыстау облысы |
«Медикал фарм Ча-Кур» ЖШС |
2008 - 2011 жылдар |
»;
реттік нөмірі 93-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-1-жолмен толықтырылсын:
«
93-1. |
Күйдірілген анод өндірісі |
Павлодар облысының әкімдігі |
Павлодар облысы |
«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ |
2008 - 2012 жылдар |
»;
реттік нөмірі 100-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 100-1, 100-2, 100-3, 100-4-жолдармен толықтырылсын:
«
100-1. |
Гемодиализ үшін қоюлатылған ерітінді шығару |
Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қаласы |
«BIRUNIFARM» ЖШС |
2009 - 2010 жылдар |
100-2. |
«DOSFARM» ЖШС-нің жұмыс істеп тұрған дәрілік заттар өндірісін жаңғырту |
Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қаласы |
«DOSFARM» ЖШС |
2010 - 2012 жылдар |
100-3. |
Тактикалық буынның (УҚТ және ҚТ белдеулерінің) радиобайланыс құралдарының өндірісін құру |
Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қаласы |
«Талес Қазақстан Инжиниринг» БК» ЖШС |
2010 жыл |
100-4. |
Полимерлерден бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын медициналық зауыт салу |
Алматы қаласының әкімдігі |
Алматы қаласы |
«Жұлдыз Кенан» ЖШС |
2010 - 2012 жылдар |
»;
реттік нөмірі 101-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 102-жолмен толықтырылсын:
«
102. |
Бетон, темір-бетон бұйымдары мен құрастырмаларын шығаратын зауыт |
Астана қаласының әкімдігі |
Астана қаласы |
«АБК Мақсат» ЖШС |
2005 - 2010 жылдар |
»;
Ескертпеде: аббревиатураларды толық ашуда:
«КБФ - кен байыту фабрикасы» деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
бір апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарына енгізілетін жаңа жобалар тізбесін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келіссін;
екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі K. Мәсімов