Демалыс күнін ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы N 167 Қаулысы

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2011 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Демалыс күні 2011 жылғы 5 наурыз, сенбіден 7 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылсын.
      2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2011 жылғы 5 наурызда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов.

О переносе дня отдыха

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2011 года № 167

      В целях создания благоприятных условий для отдыха трудящихся и рационального использования рабочего времени в марте 2011 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Перенести день отдыха с субботы 5 марта на понедельник 7 марта 2011 года.
      2. Предоставить право организациям, которые обеспечены трудовыми, материальными и финансовыми ресурсами для выпуска необходимой продукции, оказания услуг, включая финансовые, а также ввода в действие объектов строительства, производить по согласованию с профсоюзными организациями работу 5 марта 2011 года.
      Работа в указанный день компенсируется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов