«2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығының орындалуын үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 184 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.29 № 880, 2011.09.15 N 1061 Қаулыларымен.
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Ақпарат ұсыну мерзімі/ орындау мерзімі |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Жиыны: |
6 848 799 |
|||||
Барлығы РБ: |
5 570 232 |
|||||
Барлығы ЖБ: |
820 809 |
|||||
Барлығы бюджеттен тыс қаражат: |
444 870 |
|||||
Барлығы көзделген қаражат шегінде: |
2 500 |
|||||
Барлығы РБ-да көзделген қаражат немесе бюджеттен тыс қаражат шегінде: |
10 388 |
|||||
1. Мерейтойлық жыл бойы өткізілетін іс-шаралар |
||||||
Ақпан – «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» |
||||||
1. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік (ЕурАзЭҚ) құру мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізу |
ММ-ге ақпарат |
СІМ |
10 наурыз |
10 388 |
РБ-да көзделген қаражат немесе бюджеттен тыс қаражат шегінде |
2. |
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің қорытындылары, ИКҰ мен ШЫҰ-ға төрағалық ету мәселелері бойынша салалық халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар сериясын ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, ММ, БАМ, ҚСЗИ |
тоқсан сайын |
25 285 |
республикалық бюджет |
3. |
Кейіннен ел өңірлерінде экспозицияларды көрсете отырып, «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ММ, СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
тоқсан сайын |
талап етілмейді |
- |
4. |
«Елдік үшін, ел үшін» атты жобаны іске асыруды қамтамасыз ету (Тәуелсіздік жетістіктерін насихаттауға, патриоттық сезімді нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді танымал етуге бағытталған акциялар) |
ММ-ге ақпарат |
«Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
Наурыз - "Дәстүр" |
||||||
5. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан Әйелдерінің съезін және Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерт өткізу |
Съезді және концертті ұйымдастыру |
ӘОДСҰК, ММ |
наурыз |
31 088 |
республикалық бюджет |
6. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы нышандарын кеңінен пайдалана отырып, Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар, оның ішінде әйелдерді құттықтау және салтанатты қабылдаулар ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
20 наурыз |
10 485 |
жергілікті бюджет |
7. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы нышандарымен «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған салтанатты концерт өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, Астана қаласының әкімі |
10 сәуір |
26 000 |
республикалық бюджет |
8. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өңірлерде «Наурыз мейрамына» арналған мерекелік іс-шаралар, қайырымдылық акцияларын, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына атаулы көмек көрсетуді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 сәуір |
22 704 |
жергілікті бюджет |
9. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясының басталуын ұйымдастыру (сенбіліктер, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және басқа да іс-шаралар өткізу) |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, Еңбекмині, АШМ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
тоқсан сайын |
19 000 |
республикалық бюджет |
10. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы нышандарын кеңінен пайдалана отырып, ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге арналған конкурстар, фестивальдер, көрмелер ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
10 сәуір |
83 675 |
жергілікті бюджет |
11. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін күрестен «Қазақстан барысы» - «Барс Казахстана» атты жарыс ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ТСМ, «КТК» телеарнасы (келісім бойынша) |
10 сәуір |
42 597 |
республикалық бюджет |
12. |
«Ел қазынасы» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету (тарихи-мәдени мұраны танымал етуге, өмірлік және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, азаматтарды топтастыру мен біріктіруге бағытталған түрлі акциялар) |
ММ-ге ақпарат |
«Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
ІІ тоқсаннан бастап тоқсан сайын |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
13. |
«Тәуелсіздіктің құрдастары» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету (жастарды еңбекке баулуға, ауыл аумақтарын тазартуға және абаттандыруға, патриоттық сезімді, жастардың бойында оң құндылықтар жүйесін қалыптастыруға, жас дарындарды қолдауға бағытталған акциялар) |
ММ-ге ақпарат |
«Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
14. |
Барлық өңірлерде «Тәуелсіздіктің дара жолы» атты тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне арналған көрмелер, экспозициялар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
талап етілмейді |
- |
15. |
«Қазақстандық мазмұн – 2011» атты қазақстандық мазмұн мәселесі бойынша форум және көрме ұйымдастыру және өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, «NADLoC Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (келісім бойынша) |
шілде |
28 000 |
республикалық бюджет |
16. |
«Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК-нің және «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» РМК-нің тұсаукесерін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
10 сәуір |
талап етілмейді |
- |
17. |
«Тауар өндірісінің инновациялық технологиясы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін арттыру» тақырыбына конференция ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы (келісім бойынша) |
10 сәуір |
1 800 |
бюджеттен тыс қаражат |
18. |
«Шығыс-сүт» ЖШС-нің «Ультрапастерленген сүт өндіру» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ИЖТМ |
10 сәуір |
талап етілмейді |
- |
19. |
«Green Technology» ЖШС-нің «Алаңы 3 га жылыжай кешенін салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Қарағанды облысының әкімі, ИЖТМ |
10 сәуір |
талап етілмейді |
- |
20. |
Екібастұз қаласында «Күн батареялары өндірісін жасау» жобасы құрылысының орнында ескерткіш тас қалау шарасын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ |
10 сәуір |
талап етілмейді |
- |
21. |
Индустриалдық және инновациялық қызметтерді дамытуға және танымал етуге бағытталған телевизилық бағдарламалар және басқа іс-шаралар конкурсын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, АШМ, БАМ, мүдделі меморгандар, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), азаматтық қоғам институттары (келісім бойынша) |
наурыз, әрі қарай жыл бойы |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
22. |
«Мықты көшбасшы – бизнес кепілі» атты форум өткізуді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
шілде |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
23. |
«Полиэтилен құбырларын шығару зауыты» (жоғары қысымды газ құбырлары) жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Ақтөбеқұрылысхим-монтаж» ЖШС |
ММ-ге ақпарат |
Ақтөбе облысының әкімі, ИЖТМ |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
Сәуір - "Ғылым және технология" |
||||||
24. |
Мемлекет басшысының «Назарбаев университетіне» және ғылыми жетістіктер көрмесіне баруы |
бару |
БҒМ, «Назарбаев университеті» АҚ (келісім бойынша) |
сәуір |
талап етілмейді |
- |
25. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ақпараттық технологиялар паркінің, өнеркәсіп объектілерінің, алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелердің тұсаукесерін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 мамыр |
талап етілмейді |
- |
26. |
Мемлекет басшысының «Алатау» АТП АЭА-на баруын ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ, «ИТТО» АҚ, «АТП АЭА» ММ (келісім бойынша) |
сәуір-мамыр |
38 000 |
республикалық бюджет |
27. |
Республика тәуелсіздігі 20 жылдығының нышандарын пайдалана отырып, білім және ғылымның өзекті мәселелері бойынша халықаралық форум өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ |
10 мамыр |
10 874 |
республикалық бюджет |
28. |
Республика бойынша Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференциялар, «Жаңа және алдыңғы қатарлы технологиялар» слеттерін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 мамыр |
3 548 |
жергілікті бюджет |
29. |
Тәуелсіздік жылдарында салалардағы жетістіктерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелеріне арналған іс-шаралар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
мүдделі мемлекеттік органдар |
тоқсан сайын |
талап етілмейді |
- |
30. |
Алыс және жақын шетелдерде имидждік мәдени іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ММ, СІМ |
сәуір, әрі қарай жыл бойы |
- |
бюджеттен тыс қаражат |
Мамыр - "Бірлік" |
||||||
31. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының XVII сессиясын өткізу |
сессияны ұйымдастыру |
ҚХАХ (келісім бойынша), ММ |
мамыр |
19 260 |
республикалық бюджет |
32. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар, шерулер ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ММ, ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
20 мамыр |
20 000 |
республикалық бюджет |
33. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында 7-9 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ММ, Қорғанысмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
20 мамыр |
2 335 |
республикалық бюджет |
34. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақтардың ІV құрылтайын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, ДҚҚ (келісім бойынша) |
10 маусым |
100 000 |
республикалық бюджет |
35. |
«Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» Қазақстан халқының достығы фестивалін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
20 мамыр |
19 611 |
жергілікті бюджет |
36. |
«Бірлігіміз жарасқан 20 жыл – тек қана алға» ұранымен төзімділік пен халық бірлігі идеяларын насихаттайтын республикалық және өңірлік форумдар, фестивальдер, акциялар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «ҚАА» ЗТБ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
10 маусым |
1 716 |
жергілікті бюджет |
37. |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өткізу (Тәуелсіздік жылдарында ақталған тұлғалар туралы) |
ММ-ге ақпарат |
ММ, ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 маусым |
талап етілмейді |
- |
38. |
«Тау-кен металлургиясы саласындағы инновациялық технологиялар» атты VI халықаралық конференция өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
10 маусым |
1 500 |
бюджеттен тыс қаражат |
39. |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші жалпы отырысын ұйымдастыру және өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
10 маусым |
6 500 |
республикалық бюджет |
40. |
«№ 2 блокты қалпына келтіру» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «ЕЭК» АҚ |
ММ-ге ақпарат |
Павлодар облысының әкімі |
10 маусым |
талап етілмейді |
- |
Маусым - "Патриотизм" |
||||||
41. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған іс-шаралар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
15 маусым |
3 945 |
республикалық бюджет жергілікті бюджет |
42. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттар форумын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, БАМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
15 маусым |
61 500 |
республикалық бюджет |
43. |
2011 жылдың І жарты жылдығының қорытындылары бойынша Индустриаландыру картасы жобаларының тұсаукесері жөніндегі жалпыұлттық телекөпір өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, БАМ |
10 шілде |
60 300 |
республикалық бюджет |
44. |
«Өнімділігін жылына 1 миллион тонна шикізатқа дейін ұлғайта отырып, Ақбақай алтын айыру фабрикасын реконструкциялау және жаңғырту (1 фаза)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Алтыналмас АК» АҚ |
ММ-ге ақпарат |
Жамбыл облысының әкімі, ИЖТМ |
10 шілде |
талап етілмейді |
- |
45. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында республикалық және өңірлік патриоттық акциялар, ойындар, фестивальдер, форумдар және слеттер өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша) |
10 шілде |
49 374 |
жергілікті бюджет |
46. |
«Жас-Ұлан» әскери әндердің республикалық фестивалін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
Қорғанысмині, ММ, РҰ |
10 шілде |
656 |
республикалық бюджет |
47. |
Қазақстан Республикасында VII Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық Форумын өткізу және көрме ұйымдастыру |
Форум өткізу |
ИЖТМ, СІМ |
7-9 маусым |
733 882 |
республикалық бюджет |
48. |
Қостанай қаласында «SsangYong» маркалы автомобильдерін құрастырып шығару өндірісі» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «АгромашХолдинг» АҚ |
ММ-ге ақпарат |
Қостанай облысының әкімі, ИЖТМ |
10 шілде |
талап етілмейді |
- |
49. |
«Степногор құбыр зауыты» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Арыстан» ЖШС |
ММ-ге ақпарат |
Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ |
10 шілде |
талап етілмейді |
- |
Шілде - "Қазақстан астанасы" |
||||||
50. |
Астана қаласында астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру (жеке кесте бойынша) |
ММ-ге ақпарат |
Астана қаласының әкімі |
1 маусым |
87 545 |
жергілікті бюджет |
51. |
Өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени объектілерді іске қосуды Астана күніне орайластыру |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Алматы қаласының әкімдері |
20 шілде |
талап етілмейді |
- |
52. |
Астана күніне орай бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру (шығармашылық ұжымдардың концерттері, спорттық іс-шаралар, мерекелік сауда) |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
20 шілде |
талап етілмейді |
- |
53. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында тәуелсіз Қазақстанның елордасына арналған өңірлік акциялар, конкурстар, фестивальдар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
20 шілде |
65 183 |
жергілікті бюджет |
54. |
Өңірлерде Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге орайластырылған саябақтар мен аллеялардың ашылуын қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 тамыз |
талап етілмейді |
- |
55. |
«Орынбор – Ақмешіт – Алматы – Астана» өнер керуенін ұйымдастыру және өткізу |
ММ-ге ақпарат |
Қызылорда облысының әкімі |
10 тамыз |
50 000 |
жергілікті бюджет |
56. |
«Аstana mining & metallurgy» II Халықаралық тау-металлургиялық конгресін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
10 тамыз |
1 100 |
бюджеттен тыс қаражат |
57. |
«Жүк вагондарын шығару (3 іске қосу кешені)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ҚР ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ |
10 тамыз |
талап етілмейді |
- |
58. |
«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық және қытай бөліктері арасындағы өткізу кешенін ашу |
ММ-ге ақпарат |
Алматы облысының әкімі, ИЖТМ |
10 тамыз |
талап етілмейді |
- |
Тамыз - "Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері" |
||||||
59. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ҚР Конституциясын түсіндіру жөнінде тамыз оқуларын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
КК (келісім бойынша), Әділетмині |
10 қыркүйек |
талап етілмейді |
- |
60. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан саясаттанушыларының конгресін өткізу |
конгрес өткізу |
ММ |
10 қыркүйек |
6 092 |
республикалық бюджет |
61. |
Әлеуметтік қызмет, денсаулық сақтау, банк қызметкерлері, мәдениет және спорт жұлдыздары және т.б. өкілдерімен «Менің Қазақстаным» поезының ел ішіндегі турының салтанатты басталу рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ККМ, «ҚТЖ ҰК» АҚ (келісім бойынша) Еңбекмині, ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ММ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
10 қыркүйек |
170 000 |
бюджеттен тыс қаражат республикалық бюджет |
62. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында 15 тамыз спорт күніне орайластырып бизнестің, қоғам мен мемлекеттің қатысуымен I Спорттық форум өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ТСМ, Астана қаласының әкімі |
30 тамыз |
29 541 |
республикалық бюджет |
63. |
Республика Конституциясының күніне арналған әскери шеру өткізу |
шеру өткізу |
Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша), РҰ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімі |
тамыз |
771 957 |
республикалық бюджет |
64. |
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт ұйымдастыру |
жиналыс пен концерт ұйымдастыру |
КК (келісім бойынша), ММ |
тамыз |
34 884 |
республикалық бюджет |
65. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан Конституциясының күніне арналған өңірлік форумдар, конференциялар, шерулер өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Алматы қаласының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
10 қыркүйек |
16 932 |
жергілікті бюджет |
Қыркүйек - "Руханият" |
||||||
66. |
Білім күнінің шеңберінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты бейне сабақ өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, БҒМ |
20 қыркүйек |
талап етілмейді |
- |
67. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында V Азаматтық форум өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, «ҚАА» ЗТБ (келісім бойынша) |
10 қазан |
21 000 |
республикалық бюджет |
68. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қазақстан халқы тілдерінің жыл сайынғы республикалық фестивалін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ММ, ҚХАХ (келісім бойынша) |
10 қазан |
2 609 |
республикалық бюджет |
69. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында білімге, мәдениетке, рухани келісімге арналған республикалық және өңірлік акциялар, конкурстар, конференциялар, форумдар ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
10 қазан |
106 930 |
жергілікті бюджет |
70. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында «Каспий – достық теңізі» V халықаралық фестивалін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімі |
10 қазан |
66 046 |
жергілікті бюджет |
71. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалін өткізу |
фестивальді өткізу |
ММ |
10 қазан |
19 500 |
республикалық бюджет |
72. |
«Еуропа үшін қоршаған орта» атты VII министрлер конференциясын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині, СІМ |
10 қазан |
500 000 |
республикалық бюджет |
73. |
«ТМД елдеріндегі исламның рөлі» атты халықаралық конференция өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, СІМ |
10 қазан |
76 146 |
республикалық бюджет |
Қазан - "Ауылда қайта түлету" |
||||||
74. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырған агроөнеркәсіптік сектор қызметкерлерінің республикалық форумын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
АШМ, «Қазагро ҰБХ» АҚ |
10 қараша |
25 000 |
бюджеттен тыс қаражат |
75. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өткізілген «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты акцияның қорытындыларын шығару |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, Еңбекмині, АШМ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 қараша |
талап етілмейді |
бюджеттен тыс қаражат |
76. |
Тәуелсіздіктің тойына орайластырылған жаңа ауыл шаруашылығы объектілерін пайдалануға беруді салтанатты іске қосу рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 қараша |
талап етілмейді |
- |
77. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Береке бастауы» («Ас атасы - нан») атты Нан Фестивалін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
10 қараша |
талап етілмейді |
- |
78. |
Қарттар күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
15 қазан |
талап етілмейді |
- |
79. |
«Теңіз металл конструкцияларын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кешен салу (І фаза)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС |
ММ-ге ақпарат |
Маңғыстау облысының әкімі, ИЖТМ |
10 қараша |
- |
- |
80. |
«KAZENERGY» VI Еуразиялық форумын өткізу |
форум өткізу |
МГМ, «KAZENERGY» қауымдастығы |
4-5 қазан |
15 000 |
бюджеттен тыс қаражат |
81. |
«Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара теміржол желісін салу» (1 іске қосу кешені)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру, Маңғыстау облысы |
ММ-ге ақпарат |
ҚР ККМ, «ҚТЖ ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ |
10 қараша |
талап етілмейді |
- |
Қараша - "Үдемелі индустриялық - инновациялық даму" |
||||||
82. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қазақстан қаржыгерлерінің конгресін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині |
10 желтоқсан |
150 000 |
бюджеттен тыс қаражат |
83. |
Ішінде Инновациялық жетістіктер көрмесін қамтитын 2011 жылғы инновациялық қызметтің қорытындыларына арналған Елбасының қатысуымен іс-шара ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша) |
10 желтоқсан |
126 525 |
республиканский бюджет |
84. |
Елбасының қатысуымен сапа саласындағы «Алтын сапа» конкурсының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау салтанатын ұйымдастыру |
рәсімді ұйымдастыру |
ИЖТМ |
қараша |
120 000 |
республикалық бюджет |
85. |
«Кристалл Менеджмент» ЖШС Ақшабұлақ кен орнына газтрубиналық электр станциясын іске қосуды ұйымдастыру (Қызылорда облысы) |
ММ-ге ақпарат |
Қызылорда облысының әкімі, ИЖТМ |
10 желтоқсан |
17 775 |
бюджеттен тыс қаражат |
86. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.15 N 1061 Қаулысымен. |
|||||
87. |
ХІХ Халықаралық мұнай-газ көрмесін және KIOGE конференциясын ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
МГМ |
10 желтоқсан |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
88. |
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның «№ 2 Домен пешін салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Қарағанды облысының әкімі, ИЖТМ |
10 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
89. |
Ғылыми-техникалық ақпарат орталығын пайдалануға беруді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
10 желтоқсан |
23 000 |
бюджеттен тыс қаражат |
II. "Тәуелсіздіктің жиырма шыңы" - 20 жұлдызды күн щеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (26 қарашадан 15 желтоқсанға дейін) |
||||||
26 қараша - "Менің Қазақстаным" |
||||||
90. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Елім менің» патриоттық әндердің республикалық конкурсын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
6 000 |
республикалық бюджет |
91. |
«Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алудың салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ККМ, Еңбекмині, БАМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
92. |
Суретшілер форумы және «Өз елім» - «Мой Казахстан» сурет көрмесін ұйымдастыру |
форум өткізу |
ММ |
25 желтоқсан |
51 258 |
республикалық бюджет |
27 қараша - "Атамекен" |
||||||
93. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шекарашы жауынгерлердің қатысуымен іс-шара ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Қорғанысмині, ҰҚК (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
94. |
«Дос жүрегін шекара бөле алмайды» III Халықаралық фестивальді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Атырау облысының әкімі |
25 желтоқсан |
1 500 |
жергілікті бюджет |
28 қараша - "Ата заң" |
||||||
95. |
«Тәуелсіздікке 20 жыл: конституциялық құрлыстың тәжірибесі мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, Әділетмині, ММ, БАМ, СІМ, КК (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
68 880 |
республикалық бюджет |
96. |
Орта, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында Ата заңды білуге арналған тақырыптық кездесулер, сыныптық сағаттар, конкурстар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
29 қараша - "Бейбітшілік белдеуі" |
||||||
97. |
Семей ядролық полигоны жабылуының 20 жылдығы шеңберінде ядролық қаруға қарсы форум өткізу |
ММ-ге ақпарат |
Шығыс Қазақстан облысының әкімі, СІМ |
25 желтоқсан |
20 000 |
жергілікті бюджет |
98. |
Республика бойынша «Қазақстан – ядролық қарусыз мемлекет» атты көрмелер мен экспозициялар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
30 қараша - "Келісім" |
||||||
99. |
Этносаралық және конфессияаралық төзімділік мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, ҚХАХ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
республикалық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде |
республикалық бюджет |
100. |
Республика бойынша бейбітшілік, этносаралық келісім, патриотизм, ұлттық бірлік сияқты қазақстандық құндылықтарды одан әрі нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, ҚХАХ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
республикалық және өңірлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде |
республикалық және жергілікті бюджеттер |
101. |
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты республикалық балалар суретінің конкурсын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
2 500 |
республикалық бюджет |
1 желтоқсан "Азаматтық қоғам" |
||||||
102. |
Тәуелсіздік жылдарында азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан ҮЕҰ мен БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетуді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ММ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
103. |
Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына арналған үздік материалға журналистер мен фототілшілер арасында шығармашылық конкурс өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БАМ |
25 желтоқсан |
5 382 |
республикалық бюджет |
104. |
«Шығыс Қазақстан облысындағы металлургия орталығы» жобасын іске асыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК |
25 желтоқсан |
- |
- |
2 желтоқсан - "Дәстүр" |
||||||
105. |
Мемлекет басшысының көпбалалы аналармен кездесуін ұйымдастыру |
кездесуді ұйымдастыру |
ӘОДСҰК, Еңбекмині |
желтоқсан |
10 679 |
республикалық бюджет |
106. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысын өткізу |
айтысты өткізу |
ММ |
2 желтоқсан |
23 460 |
республикалық бюджет |
107. |
Тіл мен мәдениетке құрметпен қарау тәрбиесіне арналған акция өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, «ҚАА» ЗТБ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
3 желтоқсан - "Болашақ" |
||||||
108. |
«Болашақ біздің қолымызда» атты республикалық жастар форумын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
10 625 |
республикалық бюджет |
109. |
Тәуелсіздікті нығайтудағы жастардың рөлін ашуға, мемлекеттік жастар саясатын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
9 324 |
жергілікті бюджет |
4 желтоқсан - "Сергектік" |
||||||
110. |
Мемлекет басшысының тәуелсіздік жылдары Қазақстан спортының дамуына елеулі үлес қосқан аса көрнекті спортшылармен кездесуін ұйымдастыру |
кездесу ұйымдастыру |
ПӘ (келісім бойынша), ТСМ |
желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
111. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінің фестивалін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ТСМ, Астана қаласының әкімі |
25 желтоқсан |
18 364 |
республикалық бюджет |
112. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған спорт кешендері мен орталықтары ашылуының салтанатты рәсімдерін өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
5 желтоқсан - "Ғылым" |
||||||
113. |
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген отырысын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, ҰҒА (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
114. |
Қазақстанның ғылыми жетістіктері көрмесін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
115. |
Ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы қайраткерлерге құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
6 желтоқсан - "Мәдениет" |
||||||
116. |
Тәуелсіздік жылдары тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру жөніндегі атқарылған жұмыстарды талқылай отырып, «Мәдени мұра» бағдарламасы қоғамдық кеңесінің отырысын ұйымдастыру |
отырыс ұйымдастыру |
ММ |
6 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
117. |
«Қазақстанның жаңа археологиялық жаңалықтары» көрмесін ұйымдастыру |
көрмені ұйымдастыру |
ММ |
6 желтоқсан |
26 080 |
республикалық бюджет |
118. |
Тәуелсіздік жылдары жасалған қазақстандық фильмдердің мерекелік онкүндігінің ашылуын қамтамасыз ету |
онкүндікті ашу |
ММ |
6 желтоқсан |
24 373 |
республикалық бюджет |
7 желтоқсан - "Алтын теңге" |
||||||
119. |
Үздік қаржыгерлер мен халықаралық инвесторлар, сарапшылар, саясаттанушылардың қатысуымен экономикалық форум өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині |
25 желтоқсан |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
120. |
Тәуелсіздік жылдары елдің қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан қаржыгерлерге құрмет көрсетуді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Қаржымині |
25 желтоқсан |
2 500 |
көзделген қаражат шегінде |
8 желтоқсан - "Шаңырақ" |
||||||
121. |
Республика бойынша жаңа тұрғын-үй объектілерін пайдалануға берудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
122. |
Мемлекеттік қызметкерлерге, жас отбасыларға, мәдениетке, өнерге еңбек сіңірген және т.б. қайраткерлерге пәтер кілттерін тапсырудың салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
9 желтоқсан "Ауыл" |
||||||
123. |
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған «Дипломмен ауылға» республикалық жастар форумын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
АШМ, БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
6 000 |
республикалық бюджет |
124. |
Аграрлық сектордың үздік қызметкерлеріне, ауыл шаруашылығының еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
10 желтоқсан - "Астана" |
||||||
125. |
Елорданың жаңа объектілерін пайдалануға берудің салтанатты рәсімдерін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Астана қаласының әкімі |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
126. |
Астананың дамуына елеулі үлес қосқан жұртшылық өкілдерімен Мемлекет басшысының кездесуін ұйымдастыру |
кездесуді ұйымдастыру |
ПӘ, Астана қаласының әкімі |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
11 желтоқсан - "Білім" |
||||||
127. |
«Болашақ» бағдарламасының үздіктері мен стипендиаттарының форумын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ |
25 желтоқсан |
10 000 |
бюджеттен тыс қаражат |
128. |
Тәуелсіздік жылдары білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан саланың үздік қызметкерлеріне салтанатты құрмет көрсетуді ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
12 желтоқсан - "Денсаулық" |
||||||
129. |
Денсаулық сақтау саласының жаңа объектілерін пайдалануға беру рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
130. |
Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
131. |
Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бұқаралық спорт іс-шараларын ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
13 желтоқсан - "Серпін" |
||||||
132. |
2011 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылған Индустриаландыру картасы жобаларының тұсаукесері жөніндегі жалпыұлттық телекөпір ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
25 желтоқсан |
60 300 |
республикалық бюджет |
133. |
«Жетіген – Қорғас» жаңа теміржолы қатынасы бойынша пойыз қозғалысы ашылуының салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ККМ, «ҚТЖ ҰК» АҚ (келісім бойынша, ИЖТМ |
25 желтоқсан |
23 548 |
бюджеттен тыс қаражат |
134. |
Тәуелсіздік жылдарында индустрия саласының дамуына елеулі үлес қосқан өнеркәсіптік саланың үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетудің салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
135. |
«Шарын өзенінде Мойнақ СЭС-ін салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Алматы облысының әкімі, ИЖТМ |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
136. |
«Астана қаласында телерадиокешен салу «толық дайын ету» (1 іске қосу кешені)» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
137. |
«Астана қаласындағы Тальго жолаушылар вагонын шығару жөніндегі зауытты «толық дайын ету» (1 іске қосу кешені) салу» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
138. |
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінде селге қарсы Көксарай реттегіші» жобасын іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ТЖМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ИЖТМ |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
14 желтоқсан - "Мемлекеттік тіл" |
||||||
139. |
«Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты факторы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу |
ММ-ге ақпарат |
ММ, ҚХАХ |
25 желтоқсан |
4 500 |
республикалық бюджет |
140. |
«Тіл жанашыры» мемлекеттік тілді дамыту саласындағы қайраткерлерге құрмет көрсету салтанатты рәсімін ұйымдастыру |
рәсімді өткізу |
ММ |
14 желтоқсан |
республикалық мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде |
республикалық бюджет |
15 желтоқсан - "Отан" |
||||||
141. |
Мемлекеттік органдар мен ведомстволарда Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыстар өткізу |
ММ-ге ақпарат |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
142. |
Республика бойынша халықтың әл-ауқаты төмен топтарына кең ауқымды әлеуметтік қолдау көрсету, қайырымдылық акцияларын өткізу |
ММ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Нұр Отан» ХДП (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
бюджеттен тыс қаражат |
- |
143. |
Тәуелсіздік тақырыбы бойынша мәдениет және өнер саласындағы шығармаларды жасауға арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты республикалық конкурсының финалын ұйымдастыру |
конкурс өткізу |
ММ |
15 желтоқсан |
46 581 |
республикалық бюджет |
144. |
Радиациялық стерилизация корпусының ИЛУ-10 электрондар жеделдеткішін іске қосуды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
ИЖТМ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
III. 15-16 желтоқсанда Астана қаласында өтетін салтанатты іс-шаралар |
||||||
145. |
Қазақстан азаматтарын мемлекеттік наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапаттау рәсімін ұйымдастыру |
рәсім ұйымдастыру |
ПӘ (келісім бойынша) |
15-16 желтоқсан |
талап етілмейді |
- |
146. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс, концерт және Мемлекет басшысының атынан қабылдау ұйымдастыру |
жиналыс және концерт ұйымдастыру |
ПӘ, ММ, Астана қаласының әкімдігі |
15-16 желтоқсан |
351 380 |
республикалық бюджет |
147. |
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты салтанатты театрландырылған қойылым мен концерт ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі |
25 желтоқсан |
20 000 |
жергілікті бюджет |
IV. Ақпараттық-имидждік жұмыс |
||||||
148. |
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге арналған мерейтойлық медаль туралы, медаль және оның сипаттамасы туралы ережені бекітуге бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Мемлекет басшысының қарауына енгізу |
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы |
ММ, ПІБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша) |
I тоқсан |
талап етілмейді |
- |
149. |
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту құрметіне арналған мерейтойлық медальдарды, оның куәлігін және медальға қаптаманы дайындау |
ММ-ге ақпарат |
ПІБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) |
II-III тоқсан |
171 980 |
республикалық бюджет |
150. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы тақырыбы бойынша орталық және жергілікті баспа және электрондық БАҚ, Интернетте кеңейтілген ақпараттық жұмыс ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
тоқсан сайын |
ақпараттық тапсырыс шеңберінде |
республикалық және жергілікті бюджет |
151. |
Мерейтой жылының әрбір тақырыптық бағытын жария ету жөнінде медиа – жоспар әзірлеу және бекіту |
ММ-ге ақпарат |
БАМ |
20 ақпан |
талап етілмейді |
- |
152. |
Негізгі салтанатты және мерекелік іс-шаралардың республикалық телеарналар эфиріндегі көрсетілімін қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ |
тоқсан сайын |
республикалық ақпараттық тапсырыс шеңберінде |
республикалық бюджет |
153. |
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының қорытындысын және ИКҰ мен ШЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі рөлін отандық және шетелдік БАҚ-та кеңінен таныстыруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, СІМ, |
тоқсан сайын |
республикалық және аймақтық мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде |
республикалық және жергілікті бюджет |
154. |
Шетелдерде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету: шетелдік БАҚ-тарға материалдар орналастыру, халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерінде (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИКҰ және т.б.) тақырыптық іс-шаралар, көрмелер өткізу, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде қабылдаулар жүргізу |
ММ-ге ақпарат |
СІМ |
тоқсан сайын |
420 000 |
республикалық бюджет |
4.2. Деректі және телевизиялық фильмдер, аудио-видео роликтер шығару |
||||||
155. |
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына арналған деректі фильмдер шығару және оларды кейіннен орналастыруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
506 000 |
республикалық бюджет |
156. |
Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған аудио және бейнероликтерді шығаруды және кейіннен БАҚ-тарда орналастыруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде |
республикалық бюджет |
157. |
Республика тәуелсіздігіне арналған көркем фильмдерді шығаруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
150 000 |
республикалық бюджет |
158. |
Біздің еліміздің тарихында өшпес із қалдырған белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен байланысты оқиғалар туралы телебағдарламалар мен ток-шоулар шығаруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
122 724 |
республикалық бюджет |
159. |
Қыркүйектен бастап, Тәуелсіздіктің әрбір жылы бойында Қазақстанның жетістіктері туралы бағдарламааралық көрсетілімнің шығуын қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, «Хабар» агенттігі (келісім бойынша), «Қазақстан» РТРК (келісім бойынша) |
тоқсан сайын |
10 000 |
республикалық бюджет |
4.3. Кітаптар, имидждік материалдар, сувенирлік өнімдер және көрнекі насихат құралдарын шығару |
||||||
160. |
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының түрлі аспектілерін айшықтайтын кітап өнімдерін, ғылыми – публицистикалық очерктер шығаруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, БҒМ, СЗҚИ |
тоқсан сайын |
216 690 |
республикалық бюджет |
161. |
Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы тақырыбына арналған көрнекі насихат құралдарын, сондай-ақ кәдесый өнімдерін әзірлеуді және шығаруды қамтамасыз ету |
ММ-ге ақпарат |
ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
25 желтоқсан |
175 000 |
жергілікті бюджет |
162. |
Мерейтойлық пошталық марканың салтанатты тұсаукесерін және оны айналымға шығаруды ұйымдастыру |
ММ-ге ақпарат |
БАМ, «Казпошта» АҚ (келісім бойынша) |
25 желтоқсан |
147 |
бюджеттен тыс қаражат |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігі
ҚжТҮКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ДҚҚ – Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы
ЕурАзЭҚ – Еуразиялық экономикалық қауымдастық
СЗҚИ – Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Стратегиялық зерттеулер
жөніндегі қазақстандық институт
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
КК – Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
ММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет
министрлігі
«Жас Отан» ЖҚ – «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар
қанаты
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және
ақпарат министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрлігі
«Нұр Отан» ХДП – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы
ҰҒА – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
Академиясы
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Ғарыш агенттігі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
агенттігі
ӘОДСҰК – Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Әйелдер істері және
отбасы-демографиялық саясат жөніндегі
ұлттық комиссия
ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымы
ИКҰ – Ислам Конференциясы ұйымы
«ҚАА» ЗТБ – Қазақстанның Азаматтық Альянсы
РҰ – Республикалық ұлан
ҚХАХ – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс
басқармасы
ШЫҰ – Шанхай ынтымақтастық ұйымы