Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 133-1 және 252-1-жолдармен толықтырылсын:
«
133-1. |
Жеке функциялары бар модульдік үйлерді дайындауға арналған, осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жабдық және жиынтықтаушылар |
8609 00 900 9, 7308 90 9900, 8428 90 950 0, 8427 20 190 9, 8414 80 220 9, 8425 11 000 0, 7302 10 500 0, 4017 00 900 0, 8461 50 190 9, 8516 40 900 0, 8205 70 000 0, 8467 22 900 0, 8421 39 200 9, 8467 11 900 0, 8467 19 000 0, 8467 11 900 0, 7326 90 980 9, 8513 10 000 0, 8424 30 100 0, 8202 10 000 0, 8205 20 000 0, 8467 29 300 0, 8464 10 000 0, 8467 29 530 0, 8716 39 300 9, 8416 10 900 0, 8701 10 000 0, 8701 90 350 0, 8465 99 900 0, 8405 10 000 9, 8716 80 000 0, 8205 59 909 9, 8208 90 000 0, 8205 59 300 0 |
»;
«
252-1. |
Модульдік үйлер шығаратын зауыттарға арналған қара металдан немесе өзге материалдардан жасалған құрастырмалы құрылыс конструкциялары |
9406 00 380 9, 9406 00 800 9 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов