Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 253 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспеде «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      1-тармақтағы «мен жұмыс кестесі» деген сөздер алынып тасталсын;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. 3-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағышта мекенжай анықтамасын беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.»;
      14-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.»;
      26-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген мемлекеттік қызмет стандартының 12-қосымшаларындағы 4-баған алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1669

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2011 года № 253. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 132

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.02.2014 № 132 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1669 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Выдача адресных справок с места жительства» (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 45, ст. 429) следующие изменения и дополнение:
      в преамбуле слова «статьей 9-1» заменить словами «статьями 9-1, 15-2»;
      в стандарте государственной услуги «Выдача адресных справок с места жительства», утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 1 слова «и график работы» исключить;
      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:
      «5. Результатом оказываемой государственной услуги является выдача адресной справки на бумажном носителе согласно приложению 3.
      6. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам Республики Казахстан, иностранцам и лицам без гражданства (далее - потребители).»;
      пункт 14 исключить;
      дополнить пунктом 23-1 следующего содержания:
      «23-1. В случаях несогласия с результатами государственной услуги потребитель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством порядке.»;
      пункт 26 исключить;
      в приложениях 12 к указанному стандарту государственной услуги графу 4 исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов