Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу
туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2008 жылғы 20 ақпанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумның ережелерін басшылыққа ала отырып,
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоныр» кешенін жалға беру шартына «Байқоңыр» кешенінің аумағында тұратын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс енгізуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін Ресей Федерациясы кешен қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің ішінен Ресей Федерациясының азаматтарына, сондай-ақ, көрсетілген адамдардың отбасы мүшелері болып табылатын Ресей Федерациясының басқа да азаматтарына қатысты, олар Ресей Федерациясы мен оның азаматтарына қарсы құқыққа қарсы әрекет жасаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы «Байқоңыр» кешенінен тыс жерде әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты жасалған әскери қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жағдайында Ресей Федерациясының заң құзырлығы жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының заң құзырлығы жүзеге асырылады.
«Байқоңыр» кешенінің аумағында олардың заңнамасын қолдану кезінде Тараптар мемлекеттерінде құқық қорғау органдарының заң құзырлығы мен өзара іс-қимыл мәселелері бөлек келісіммен айқындалады.».
2-бап
Осы Хаттама Шарттың 11-бабы 11.4-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді және Шарттың қолданылуы аяқталғанға дейін қолданылады.
2008 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, әрі екі мәтіннің бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
15-1/2193
Министерство иностранных дел Республики Казахстан свидетельствует свое уважение Министерству иностранных дел Российской Федерации и имеет честь сообщить следующее.
В связи с обнаружением ошибок технического характера в тексте на казахском языке Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о внесении изменения в Договор аренды комплекса «Байконур» между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года, совершенного в городе Алматы 20 февраля 2008 года (далее - Протокол), предлагается текст Протокола изложить в следующей редакции:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі,мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс
енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумның ережелерін басшылыққа ала отырып,
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына (бұдан әрі - Шарт) «Байқоңыр» кешенінің аумағында тұратын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс енгізуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін ғарыш айлағы персоналының, Ресей Федерациясы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік билік органдары қызметкерлерінің ішінен Ресей Федерациясының азаматтарына, сондай-ақ көрсетілген адамдардың отбасы мүшелері болып табылатын Ресей Федерациясының басқа да азаматтарына қатысты, олар Ресей Федерациясы мен оның азаматтарына қарсы құқыққа қарсы іс-әрекет, Қазақстан Республикасының аумағындағы «Байқоңыр» кешенінен тыс жерлерде әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты жасалған әскери қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, Ресей Федерациясының заңды құзыры жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының заңды құзыры жүзеге асырылады.
«Байқоңыр» кешенінің аумағында Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын қолдану кезінде олардың құқық қорғау органдарының заңды құзыры мен өзара іс-қимыл мәселелері жеке келісіммен айқындалады.».
2-бап
Осы Хаттама Шарттың 11-бабы 11.4-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді және Шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
2008 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, әрі екі мәтіннің бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін».
В случае согласия российской стороны на внесение указанных изменений технического характера, Министерство иностранных дел Республики Казахстан предлагает считать настоящую ноту и ответную ноту Министерства иностранных дел Российской Федерации неотъемлемыми частями Протокола в соответствии с подпунктом «b» пункта 1 статьи 79 Венской конвенции о праве международных договоров 1969 года.
Министерство было бы признательно за предоставление указанной информации в возможно короткие сроки.
Министерство иностранных дел Республики Казахстан пользуется случаем, чтобы возобновить Министерству иностранных дел Российской Федерации уверения в своем высоком уважении.
г. Астана, 22 июня 2010 года.
Осымен 2008 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманың ажырамас бөліктері болып табылатын Қазақстан Республикасы СІМ-нің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 15-1/2193 және Ресей Федерациясы СІМ-нің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 13579н/3дснг ноталарының куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық
департаментінің
Басқарма бастығы Н. Сакенов
2008 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық-құқық
департаментінің Кеңесші Д. Сулейменов