Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 402 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін және Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 432-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      тақырып «ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспедегі «Жер кодексіне» деген сөздерден кейін «2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасы «ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2011 жылғы 7 сәуірдегі 
№ 402 қаулысына    
қосымша          

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2003 жылғы 8 қазандағы 
№ 1037 қаулысымен   
бекітілген       

Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесі

      1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу тәртібін белгілейді.
      2. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері) сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды және жеке тұлғалар орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жасаған есептемеге сәйкес жүзеге асырады.
      Орман шаруашылығы өндірісінің залалдарын өтеу азаматтық заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің нақты зиянын өтеуді, қолдан шығарылған пайданы өтеуді қамтиды.
      4. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды немесе жеке тұлғалар өздерінің қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу шартымен жүргізеді.
      Жер учаскесі берілетін заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу кезінде жерге орналастыру жобасында мыналар қосымша белгіленеді:
      құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесі алқаптарының орналасқан жері, алаңы мен түрлері;
      салынатын құнарлы топырақ қабатының көлемі;
      алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың сомасы (құны);
      алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынған шығындардың мөлшері.
      5. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесін таңдау жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      6. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің өтеуге жататын шығындарының мөлшері ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері бойынша анықталған шығындардың құны мен алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
      7. Осы Ереженің 6-тармағына сәйкес анықталған алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу мөлшері сондай-ақ осы Ереженің 3-тармағына сәйкес анықталған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарының мөлшері жер учаскесі берілетін тұлғамен келісіліп, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімімен бекітілетін актімен ресімделеді.
      8. Шығындар мен залалдар жер учаскесіне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы мен орман алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылданған сәттен бастап алты ай мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне өтеуге жатады.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2003 года № 1037

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 402

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2003 года № 1037 «Об утверждении нормативов возмещения потерь сельскохозяйственного и лесохозяйственного производства, вызванных изъятием сельскохозяйственных и лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского и лесного хозяйства, и Правил возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 41, ст. 432) следующие дополнения и изменение:
      заголовок дополнить словами «, а также возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства»;
      в преамбуле после слова «года» дополнить словами «и Лесным кодексом Республики Казахстан от 8 июля 2003 года»;
      подпункт 3) пункта 1 дополнить словами «, а также возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства»;
      правила возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             К. Масимов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 7 апреля 2011 года № 402

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 8 октября 2003 года № 1037

Правила
возмещении потерь сельскохозяйственного производства с
зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий, а также
возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства

      1. Настоящие Правила (далее - Правила) устанавливают порядок возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий, а также возмещения потерь и убытков лесохозяйственного производства.
      2. Возмещение потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий, осуществляется согласно нормативов возмещение потерь сельскохозяйственного производства, вызванных изъятием сельскохозяйственных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского хозяйства (далее - нормативы возмещения потерь сельскохозяйственного производства).
      3. Возмещение потерь лесохозяйственного производства осуществляется юридическими и физическими лицами, которым предоставляются земельные участки, в соответствии с расчетами, составленными государственными учреждениями лесного хозяйства согласно нормативам возмещения потерь лесохозяйственного производства, вызванных изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного и сельского хозяйства.
      Возмещение убытков лесохозяйственного производства включает возмещение реального ущерба лесохозяйственному производству и возмещение упущенной выгоды в соответствии с гражданским законодательством.
      4. Возмещение потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий, осуществляется юридическими и физическими лицами, которым предоставляются земельные участки, при условии нанесения ими плодородного слоя почвы на малопродуктивные или непродуктивные угодья за счет своих средств.
      При нанесении плодородного слоя почвы на малопродуктивные или непродуктивные угодья за счет средств юридического или физического лица, которому предоставляется земельный участок, в землеустроительном проекте дополнительно устанавливаются:
      местонахождение, площадь и вид угодий земельного участка, на который предусматривается нанесение плодородного слоя почвы;
      объемы наносимого плодородного слоя почвы;
      сумма (стоимость) затрат на восстановление угодий;
      размеры потерь с зачетом сумм, затраченных на восстановление угодий.
      5. Выбор земельного участка, на котором предусматривается нанесение плодородного слоя почвы на малопродуктивные или непродуктивные угодья, осуществляется на основании заключения комиссии, создаваемой местным исполнительным органом.
      6. Размеры подлежащих возмещению потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затраченных на восстановление угодий, определяются как разница между стоимостью потерь, определенных по нормативам возмещения потерь сельскохозяйственного производства и стоимостью затрат на восстановление угодий.
      7. Размеры потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий, определенные в соответствии с пунктом 6 настоящих Правил, а также размеры потерь и убытков лесохозяйственного производства, определенные в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил, согласовываются с лицом, которому предоставляется земельный участок, и оформляются актом, утверждаемым решением местного исполнительного органа о предоставлении права на земельный участок.
      8. Потери и убытки подлежат возмещению в доход республиканского бюджета в шестимесячный срок с момента принятия решения о предоставлении права на земельный участок или изменении целевого назначения сельскохозяйственных и лесных угодий.